Мен осындай баламын

      (өз шығармашылығымнан)

Баламын, тақпақ, балалар шығармашылығы, оқушылар шығармасы

Мектебімнің маңына,

Гүл өсірдік әдемі.

Деді апай ескертіп,

Күтіп-бапта сен енді.

Қуанамын мен оған,

Күнде ерте барамын.

Гүлдерімді суарып,

Оған жақсы қарадым.

Үлгі болам бәріне,

Табиғатты қорғайтын.

Үлкен , кіші, кәріге,

Сотқар бала болмайтын.

Үйретемін еңбекке,

Жамандықты жеңбекке,

Азамат ертең боламын,

Мен осындай баламын.

Қарағанды облысы Осакаровка кентінің

№1 орта мектебінің 4 «б» сынып оқушысы  Раздан Елнара

Жетекшісі: Байхазан.А

Пікірлер1
  1. Инкарим

    Керемет! Балаларға жаттауға оңай өлең екен)

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ