Күз туралы өлеңдер

күз туралы тақпақ

Сырлы әлем
Сырлы әлем, сиқыр біткен мереке,
Барлық жеміс пісіп жеткен береке.
Алтын күзім молшылыққа ұлассын,
Әр күніміз шаттыққа толсын бүгінде.
Таңғажайып күзіміз ғой келеді,
Бақыт, байлық әкеледі, төгеді.
Күздің табиғаты-ай не деген?
Жапырағын әсем күйге бөлейді.
Барша қауым жиналады бірігіп,
Алтын күздің әдемілігін көрсетіп.
Осы күзді тойламаққа келеді,
Көтеріңкі көңіл-күймен бақытты!
Утепбергенова Айымгүл

Сырлы бейнең
Қарлығаш ұшпайды аспанда,
Өзгереді табиғат та жаңаша.
Қуарады, сарғаяды айнала,
Майысады кәрі емен тағы да.
Қатты желге тұруға дәрмен жоқ,
Ұшып жатқан қаңбақтар да бүгін жоқ.
Күз келген соң қорыққан ба?
Әлде тоңып үйге қашқан ба?
Мукатаева Диана

Күзгі жапырақ
Күздігүні сарғаяды жапырақ,
Ағаштардан үзіледі ол қурап.
Қара жерде төсеніш боп жатады,
Балалардың керегіне жарап қап.
Жапырақтар түрлі-түсті болады,
Кей-кездері гүлге ұқсап тұрады.
Сары жапырақ самал желмен ұшады,
Ауыл ішін алтын түспен жабады.
Жапырақта өз сырлары болады,
Не арқылы басқа түске айналады.
Мен сіздерге жапырақ жайлы жаздым,
Алтын күзді молшылық үшін сүйдім.
Асығат Заманбек

Мортық орта мектебі
Уәлиханов ауданы, СҚО

Мұғалімі: Кабдылуахитова Гульмира Ермековна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 
Erketai / Янв.25.2017

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!