«Кім болам ?» Пернебай Марғұлан Әділбайұлы


Erketai / Апр.2.2014. / 1 пікір

Пернебай Марғұлан Әділбайұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,

Ақсүмбе аулы,С. Қожанов атындағы жалпы

орта мектебінің бастауыш сынып оқушысы

 Кім болам?

Тың жаңалық ашатын

Ғалым болғым келеді

Жырдан шашу шашатын

Ақын болғым келеді.

Көк аспанда қалқитын

Ұшқыш болғым келеді.

Ел бақытын ойлайтын,

Нұрсұлтан атам секілді,

Президент болғым келеді.

 

Туған жерім

Туған жерім Отаным

Алтын ұя мекенім

Отанымның, елімнің

Қадіріне жетемін.

 

Ана тілім

Ардақты ана тілім бар,

Тілімде мол ілім бар.

Өз тілінде сөз сөйлеп

Жыр жазатын ұлың бар.

Тақпақтар топтамасы, балалар тақпағы, бала шығармашылығы, балалар шығармасы

Жау, жаңбыр

Жау-жау, жаңбыр, жау жаңбыр

Бау- бақшамыз түлесін.

Жердің шаңы басылып,

Гүл қауызы ашылсын.

Еккен егін мол болып,

Астығымыз көп болсын.

 

Табиғат

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты қорғаймыз,

Жаман бала болмаймыз.

 

Ақ әжем

Әжем менің, ақ әжем,

Мейірімі мол әжем.

Жақсылықты үйретер.

Жамандықтан жирентер,

Дана әжем, ақ әжем.

 

Әкешім

Әкемнен үлгі аламын,

Ізін жалғар баламын.

Ер жетіп, мен өскенде,

Қолғанат саған боламын.

 

Батыр ағалар

Отан үшін қан майданда,

Кеудесін оққа төсеген.

Біздің батыр бабаларға,

Айтар  алғыс көп екен.

Дәл қазіргі бейбіт күндер,

Жеңіс күн боп саналар.

Бейбіт күнді сыйға тартқан,

Ер жүрек, батыр ағалар.

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Сәлеметсіздер ме сайт ұжымы. Мен өз суретім мен өлеңдерімнің шыққанына қуанып қалдым. Енді сіздерден грамота алуға бола ма? Болса оны қалау аламыз. Жолын айтыңыздаршы?

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!