Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали

Біздің мектепте қазақ-тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қорғанбекова Зұбайра  апайдың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай үлкен кеш өткізілді. Кеште оқушылар ақынның өлеңдерін тебренте оқып, әндерін айтты. Мұқағали атамыз туралы тереңнен білім жинақтадық. Бірнеше оқушылар өз шығармашылығымен өлеңдерін тарту етті. Мен  өзімнің сол кеште оқыған авторлық өлеңімді ұсынып отырмын.

мұқағали мақатаев, Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали, мұқағали мақатаев туралы, мұқағали мақатаев шығарма

 

Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали

Ойымды өрнектедім өлеңменен,

Бұл сөзіме болса жұрт елеңдеген.

Қазағымның ақыны Мұқағали,

Мен атамды айтайын жырымменен.

 

Қолдай гөр әруағыңмен ақын атам,

Демеп бүгін қолдашы болсын батаң.

83-жыл болғанда туғаныңа,

Қалайша жырымды айтпай үнсіз қалам.

 

Оқысаң, ұлы ақын өлеңдерін,

Ұғарсың талаптарға жеткізерін.

Толғандырар асыл сөзін ойға алсаң,

Рас, өтпейді сенің бекер өмірлерің.

 

Асыл сөзің,  ән-жырың баға жетпес,

Ақыл берер әр сөзің естен кетпес.

Бүгінгі жас ұрпақтың жүрегінде,

Тарихта сақталады мәңгі өшпес.

 

«Өнер білім қарны ашқа ас » -деп білгін,

Құлақ түріп, көз салып жиып тергін.

Үлкеннің әрбір сөзін үлгі тұтып,

Көзі ашық адамдармен жақын жүргін.

 

Тыныш ұйқта қабіріңде уайым жеме,

«Қор болды қайран сөзім босқа»-деме,

Сөзіңді көсем етіп жүр ұрпағың,

Көзі ашық, жұртың ояу болды міне.

 

Игілікті үлкен істі қолға алып,

Ақын тойын тойлайық еске алып.

«Азаматы бар ел»-деп ,бұл қазақтың,

Құрметтейік, жырлайық әнге салып.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер10
  1. Балжан

    Жарайсың керемет жазылған?❤️‍??

  2. Асем

    Жарайсың, Ақбота! Мұқағали атаңдай айтулы ақын бол!

  3. САМАЛ

    үлкен-үлкен белестерден көріне беріңіз
    қаламың ұшты болсын!!!

  4. Ботагөз

    Ақбота сіз өлеңді өте жақсы жазады екенсіз. Өнеріңіз үстем болсын. Ұлы ақын аталарымыздың жолын берсін сізге.

  5. Сагила

    Шығармашылығың шыңдала берсін!

  6. Майра

    Ақбота сіңіліміздің туындысы керемет екен, жарайсың, сен де осы Мұқағали ағамыз сияқты ұлы ақын бол. Мұқағали ағамыздың өлең жырларын оқымаған қазақ жоқ болар, шіркін. Әсіресе махаббат поэзияларын.

  7. Мауыты

    Шынымен де жаксы отти

  8. Айгүл

    Ақбота өлеңді керемет жазыпсың,биіктерден көріне бер

  9. Айнұр

    тамаша маган унады жарайсын Акбота

  10. Айнұр

    Жарайсың, Ақбота! Өнерің өрлей берсін!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ