Ауылым –алтын бесігім

Мен Райгүл Искакова Шаймардановна өз оқушымның еңбегін қосуды жөн көрдім. Мүшәйра жүлдегері Саяның қадамына сәттілік тілеп шабыттың шалқарынан көрінуін тілеймін.

Ауылым –алтын бесігім

1.Тарихыма көз жіберсем тұңғиық

Үштөбемнің мәртебесі тым биік

Ата-баба ерлігі мен жырлары

Ұрпағына үлгі болар нұр құйып

2.Туған жерім – Өкпетінің бөктері

Мен де өстім,аңыз естіп, ертегі

Ауылымның тарих толы қойнауы

Әрбір жері-шежіре сыр шертеді

3.Естіп өстім,құпиясын сырларын

Ауылымды тебірене жырладым

Неткен көркем! Неткен сенің құпияң

Білдім мен де, әр тасыңда мұң барын

4.Жазылмаған заңы бар бір бірліктің

Қайнап жатқан қазанындай тірліктің

Үлгі болар ұрпағына еңбекпен

Үштөбем ғой- қамалындай шындықтың

Балалар шығармасы

5.Ұрпағымын, құрметтейтін байлығын

Құстар сайрап, естіртсінші жайлы үнін

Табиғаттың бұл теңдігі бұзылмай

Болмасыншы жер бетінде қайғы-мұң

6.Қазыналы қарттарым бар – томдардай

Болашаққа барар сара жолдардай

Ағаларым-ақылшылар ардақты

Тірек болып, алынбайтын қорғандай

7. «Тек» деп ғана тежейтұғын тентегін

Әжелерім-тәрбиенің желкені

Үштөбемде салт-дәстүрім сақталған

Сондықтан да жарқын менің ертеңім

8.Солай-солай, қай жақсысын айтайын

Болашақты бала көзбен байқайын

Ақындарын айтар болсам саналап

Жақсылардың жақсылығын айтайын

9.Рүстемдей, Ринат, Мерей ағалар

Жанжігіт пен Манасты ел бағалар

Жырдың туы желбіреген ауылдан

Мен балаңмын бұлағынан нәр алар!

10.Қасиетті топырағыңа бас ием!

Мен үшін сен, құдіретті асыл ең!

Отанымның бір бөлшегі-ауылым

Таусылмасын мен жырлайтын несібең!

Авторы: Үштөбе ауылы 10-сынып оқушысы Сая Шәріпбекова

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер9
  1. Баян

    Қандай керемет
    ??

  2. Инкарим

    Мақала балаларға сүйіспеншілік сезімін оятуға арналған материалға толы.

  3. Айгерим

    Ауылымды сағындым! Осы өлеңді оқып бір марқайып алдым!

  4. Айгерім

    Ауылын көріп,
    Азаматын таны.
    Ауылдың таза ауасы, көркем, әсем табиғаты қай адам баласын болсада сағындырмай қоймасы анық.

  5. Рахымғалиева Толқын

    ауыл есімізге түссе сағынып, көз алдымызға балалық шақтағы өте шыққан қызықтар елестейді.

  6. Оразамбаева Айжан

    Жыр-тұлпарға шабыт-шана жексем де,
    Ақ бұлттарға ақ сұңқар боп жетсем де,
    Ақ түтіні бұрқыраған ауылым!
    Сарқылмаған сағынышым – тек сенде.

    Әлі есімде…
    Құмға аунап әр күні,
    Ерке балаң құшағыңда ойнады.
    Қасиетті топырағың арқылы
    Тағылымың тамырыма бойлады.

  7. Майра

    Қандай керемет өлең шумақтары

  8. Меруерт

    Алыптың бәрі ауылдан шығады,ауыл тәрбиесі ерекше

  9. лаура

    Керекті такырыпта материялдар алуға оте жаксы . Балаларға қолжетімді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ