Аружанның өлеңдері


Erketai / Ноя.19.2014. / Пікірлер жоқ

Өлең әлеміне талпынып қолына қалам ұстап, өлең жазуға ниеттенген  жас шәкірт Аружанның алғашқы қадамы көңіл жылытады. Жыр бесігін тербетіп, сөздің қадірін сезіне білген оның құштарлығын қуана құптап, сәт сапар тілеуді жөн санадым.

Темірхан Әбдіков  Арыс қалалық Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің тәрбие ісі орынбасары

Тақпақтар жинағы, оқушының өлеңдері, өнерлі балалар

Көктем

Көктем келді балалар,
Жер беті көк шалғындар.

Қызыл, сары гүл өскен,

Бақша бауға қараңдар.

Кішкентай ініме

Отбасының еркесі ,

Кең даланың серкесі.

Кіп- кішкентай қошақан,

Моп-момақан бір өзі.

Ол келгеннен үйімде,

Қуаныш, шаттық көбейді.

Ешқашанда жыламай,

Күліп жүрсін тек енді.

Мектебім

Қолыма алғаш гүл алып,

Келгенімде қуанып.

Ашты есігін мектебім,

Содан есейіп ,көктедім.

Қарыздармыз сондықтан ,

Алтын ұя мектебім.

Адал адам

Адал адам әр кезде,

Дос- бауырды сатпайды.

Адалдығын ешкімге,

Міндетсініп жатпайды.

Ойыншықтар

Бірі қонжық , бірі лақ

Шиырлаған сан ізді.

Ендігісі қуыршақ

Ханшайымның нақ өзі.

Аружан Жұмаділла

Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің шәкірті

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!