Арманы асқақ Аружан.

Бүгінде тәуелсіз еліміз дамудың даңғыл жолында дараланып, тегеуріні мықты отыз елдің қатарына кіруді алдына мақсат тұтқаны баршаға мәлім. Ал, айқын мақсатқа жетудің бір тармағы сапалы білімге де тығыз байланысты . Бар білімнің бастауы бастауыштан басталатыны айдан анық.

Алтын ұя мектептен сапалы  білім мен өнегелі тәрбиені бойына сіңіре білген  әр   бала   Тәуелсіз Отанымыздың  бақытты болашағының кепілі.

Біздің қаламызда да  сырттай қызыға қарап  мақтан ететін,  алдағы жарқын күндеріне үкілеген үмітпен қарайтын  талантты балғындарымыз жетерлік. Солардың бірі  Жуванышева Аружан . Ол биылғы оқу жылын  қаламыздағы  №5 гимназияның 1 «В» сыныбын  кілең «5» -ке абыроймен аяқтап, мектеп әкімшілігі атынан алғыс хат  иеленді. Ата –анасы Берік пен Ұмытшақтың қуанышында шек жоқ.  Олар баласының ары қарай жақсы оқып, егемен елдің білімді азаматы болып қалыптасуы үшін бар жағдайды жасамақ. Шындығында  да әр баланың  қоғамда жақсы адам болып қалыптасуы үшін де  шын сүйіспеншілік пен ата-аналық мейірім ауадай қажет.

Баланың, шығармашылығы, балалар шығармасы, мектеп жайлы, тәулсіздік туралы шығарма Аружан отбасының тұңғышы да кенжесі де. Ол  кішкентайынан алғыр болып өсті. Оның бойындағы білімге, өнерге  деген ынта –ықылас пен құмарлық ерекше.Ұстазы талапты болса, шәкірті талантты болады» демекші ұстаздары М.В Белякова мен О.В Оттодан Аружан жайлы сұрағанымда:« Аружан  сыныпта барлық балалармен достық қарым-қатынаста.Үнемі көңілді жүреді. Сабағына алғыр,ақылды қыз.Берілген кез-келген тапсырмаларды ұқыпты, әрі тыңғылықты орындайды.Әсіресе , математика пәнін ерекше сүйіп оқиды. Оның  таудай талабының ары қарай ұштала беретініне сенімдіміз».Халқымызда «жас кезінде білім берсең қалайда,
өсе келе қолы жетер талайға,-деген даналық сөз бар. Аружандай талапты оқушыларымыз  қашанда мектеп  мақтанышы болмақ.Ол мектептің озат оқушысымен қатар өнерлі өрен. «Өнерлі өрге жүзер» демекші , Аружан  қаламыздағы «Орбита» мәдениет үйінде танымал  «Эдем» би үйірмесінен сабақ алады. Аталмыш би үйірмесінің ұжымы қалалық мерекелік шараларға белсене қатынасады. Мұнымен қоса алғыр Аружан зеректілігімен қалалық және облыстық  пәндік олимпиадаларға  белсене қатынасқан.Мысалы,  «Атамекен» облыстық зияткерлік-танымдық ойынына қатысқаны үшін арнайы сертификатпен маратталған.

Кішкентай болса да Аружанның алға қойған мақсаты да бар. Болашақта ұстаз болуды армандайды.

Осындай білімді жас балдырғанның  алдағы алар асуы тек биік болғай !  Асқақ арманыңа асықпай жет ,Аружан!

И.Ж Жайлаубаева .РӘГК-нің оқытушысы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Айгерим Тогисова

    Болар баланың ешқашан белінен қақпайық! Жол көрсетіп, алға жетелейік!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ