Ардагерлерге арналады


Erketai / Апр.28.2015. / 1 пікір

Ардагерлерге!
Бұл жырым сыйға тартқан,

Жеңіс үшін!

Алдағы белестерге жету үшін,

Орден, медаль кеудесінде жарқыраған,

Ардагер ата апа ерлер үшін !

Ардагер біздің ата – апалар.

Олар емес бірін – бірі ауырлар.

Қадірлейміз біз сіздерді балғын жас,

Сіздерменен мақтанады барлық жас!

Бүгінгі ашық аспан аясында,

Желбіреген көк байрақ даласында

Елімнің дархан төрінде,

Тойлаймыз біз бұл күнде,

Жеңістің 70 жылдығын!

ardagerlerge-arnaladi

Ардагерлерге тағзым!

Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан ардагер ата – апалар , сіздерге мың тағзым. Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлерді ардақтау барлығының міндеті. Сіздер ел басына күн туғанда жауынгерлік ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеттіңіздер. Адам төзгісіз қиыншылықтарды жеңіп, халықтың адал ұлдары мен қыздарына айналдыңыздар.
Ардагер ата- апалар бүгінгі қазақ елінің ұрпағы, біздер, сіздерді әрдайым мақтан етеміз. Сіздерден үлгі – өнеге алып, есімдеріңізді мәңгі жүректе сақтаймыз!
Тәуелсіз Қазақ елінің балғын балаларының басты парызы – Ұлы Жеңістің маңызы мен мәнін қастерлей білу деп білемін. Сіздердің ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды.
Әрбір жас өрен сіздердің ерліктеріңізді, ел алдында өтеген еңбектеріңізді әрдайым есте сақтайды.
Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдық мерекесі де кезекті көктемнің шуақты күніне келіп отыр. Мерекелеріңіз құтты болсын – Ардагерлер!

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • тамаша жасалған

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!