Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 бөбекжай-бақшасы МКҚК


Erketai / Фев.3.2016. / Пікірлер жоқ

Балабақша атауы: Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 бөбекжай-бақшасы»МКҚК

Мекен-жайы: ► Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі 4/2

Телефон: 87142554290

Электронды почта: sadik6@kst-goo.kz

kostanaisky

Балабақша жайлы:
Мектепке дейінгі мекеме «№6 бөбекжай-бақшасы» болып, Қостанай қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 1671 қаулысы негізінде 2006 жылдан қызмет атқарады (қайта құрылып, Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 бөбекжай-бақшасы» МКҚК болып өзгертілді) 12 мектепке дейінгі топқа есептелген; 2006 жылға дейін «№9 мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесі болды. («№6 Қостанай қаласы білім бөлімінің №6 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны болып қайта құрылды (Қостанай қаласы әкімдігінің 14.08.2006ж № 1671 қаулысы).Қостанай қаласы әкімдігінің 01.11.2007ж. № 2706 қаулысына сәйкес балансқа «№6 бөбекжай-бақшасы» коммуналдық жекеменшік ғимараты қабылданды: жалпы көлемі жертөлемен 3861,7 кв.м., салынған жылы 1978ж, Текстильщиков, 4/2 көшесінде орналасқан.
Балабақшада 12 топ. Мемлекеттік тілде білім берілетін 8 топ, ал 4 топта орыс тілінде білім беріледі. Балабақша педагогтармен қамтылған: тәрбиешілер, психолог, қазақ тілі мұғалімі, орыс тілі мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, шахмат мұғалімі, музыка жетекшілері, дене шынықтыру инструкторлары бар. Ата-аналардың сұранымы бойынша балабақшамызда хореография, ағылшын, қазақ тілі ақылы қызмет түрлері көрсетіледі. Педагогтардың кәсіби құзырлықтарын арттыру мақсатында әдіскер Кубекова Алтын Касымкановна тақырыптық семинарлар, ашық көрсетілімдер, шебер -сыныптар, кеңестер, педагогикалық кеңестер, дөңгелек үстел, тренингтер т.б. жүйелі түрде ұйымдастырып,өткізеді. Балабақшамызда үш әдістемелік бірлестік, жас маман мектебі, алдыңғы қатарлы озат педагогтар мектебі, шығармашылық топ бар. Педагогтар өз тәжірбиелерімен қалалық бірлестік отырыстарында, республикалық, облыстық, қалалық ақпарат құралдары және әр педагогтың жеке сайттары арқылы бөліседі.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!