«Ертөстік»бөбекжайы»

Балабақша атауы: «Ертөстік»бөбекжайы»

Мекен-жайы: ► Жамбыл облысы ► Жамбыл ауданы ► Қызылқайнар ауылы ► Байдібек ата көшесі №19

Телефон: 34333

Электронды почта: ertostik_bobekzhayy2011@list.ru

Балабақша жайлы: «Ертөстік» бөбекжайы» КМҚК Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы Бәйдібек ата № 18 көшесінде орналасқан, телефоны:3-43-33. 2011 жылы 10 желтоқсан айында ашылып, 2012 жылы 5 қаңтар айында іске қосылды. Оқу тәрбие жұмысын мемлекеттік тілде жүргізеді. Жобалық әлділігі 140 орын болатын. Ертежасқа бала көбеюіне байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша балабақша бөбекжайына өзгертілді. Бөбекжайда қазіргі таңда 130 бала тәрбиеленуде. Жұмыс уақыты 10,5 сағат (8.00 – 18.30 дейін), жұмыс мерзімі 5 күндік.

Бөбекжайда топтар төмендегідей реттелген:
1. ерте жас 1-2ж
2. кіші жас 2-3ж
3. мектепке дейінгі кіші жас 3-4ж
4. І- естияр жас 4-5ж
5. ІІ-естияр жас 4-5ж
6. ересек жас 5-6ж

Ертөстік бөбекжайы жайлы

Тәрбиеленушілердің оның ішінде өзге ұлт өкілдері жыл бойында берген білімін анықтау барысында «Қазақшаң қалай, балақай?» -деген аудандық конкурсқа Шнаркеевич Виалетта ,Тимур Ибооғлы қатысып, дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар Білім құмар балаларға арналған Республикалық «Үркер»зияткерлік марафонына қатысып м.д.естияр жастың тәрбиешісі Юсупова Гулжан дипломмен марапатталды. м.д.ересек жастың тәрбиеленушілері Абдіғазит Іңкар, Мейрхан Нұрдәулет дипломмен марапатталып, Еліміздің бәсекеге қабілетті жас бүлдіршіндерін тәрбиелеуге және дамытуға қосқан еңбегі үшін Г.Юсупова алғыс хатпен марапатталды.

Жылдық жоспар бойынша жасалып жатқан жұмыстың жемісі деп атап айтар едім,м.д.кіші жастың тәрбиеленушілері облыстық «Қазақ халық ертегілерінің ең үздік қойылымы»атты байқауда м.д. кіші жас тобының тәрбиешісі ІІ дәрежелі орынмен Д.М.Несипбаева марапатталды. Бөбекжай психологы Л.Кураметова Обылыстық жыл психологы байқауына қатысып «Жыл психологы-2016жыл»

Балалардың мектепке психологиялық дайындығын психолог маманы Л.Кураметова «Балалардың қиялын, зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту тақырыбында, тест және сауалнамалар жүргізіліп, әр сауалнамаға қорытынды жасалды. Психолог бөлмесі Монтессоридің элементерін пайдалану мақсатында құралдармен жабдықталған. Ерекше балалармен жеке жұмыстар жүргізіліп, Мантоссори элементтері бойынша және АРТ терепиясы жүргізіліп отырды. Ересек жас тобының балаларымен және естияр жас балалармен жеке жүмыстар жүргізілді. Бөбекжай педагогтарымен, ұжыммен, ата-аналармен, психологиялық жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп отырды.

 
Erketai / Янв.26.2017

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!