«Ақбөбек»Білім беру орталығы


Erketai / Ноя.15.2015. / Пікірлер жоқ

Балабалқша Ақтөбе

Балабақша атауы: «Ақбөбек»Білім беру орталығы

Мекен-жайы: ► Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Санкибай батыр көшесі 74 Б

Телефон: 87710397849

Электронды почта: akbobek_bbo@mail.ru

Балабақша жайлы:
Ақтөбе қаласында жаңа заманауи «Ақбөбек» білім беру орталығы 2012 жылдың 4-маусым айында балаларды білім беру мен тәрбиелеу мақсатында ашылды.Білім беру орталығы қаламыздың Санкибай батыр көшесі бойында орналасқан 4 қабатты ғимарат.Білім беру орталығы бүлдіршіндерді 3 жастан бастап қабылдайды.Баланың жан-жақты, заман талабына сай дамуында жұмыс жүргізетін үздік орталықтардың бірі болып табылады.

Балаларды мектепке даярлауда жаңа технологиялар арқылы танымдық процесін дамыту мақсатында мысалы, Интерактивті тақтамен жабдықталған оқыту бөлмелері, Израильдік технологиялар Е –blox, Edu play. Қол моторикасын дамыту үшін Оңтүстік Кореялық «Ақ құм» технологиясы бойынша.Денсаулықтарын шынықтырып күшейту жағынан: «Ерте даму», «Тренажорлар», бюассейн, тұзды шахта, инголяция технологиялары кеңінен қолданылады.
Білім беру орталығында балалардың шығармашылық, тұлғалық дамып жетілуі үшін түрлі мерекелік шаралар өткізіліп отырады соның ішінде Республикалық, Облыстық мерекелер.
Республикалық деңгейде жарық көретін «Ақбөбек» газетінің шығармашылық фестивалі, облыстық байқау «Мерейлі отбасы», қайырымдылық акциясы «Жылы шұлықтар» акциясы өткізіледі.
«Ақбөбек» білім беру орталығының ұраны «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем ет»-атты ұранмен балаларды еліміздің жарқын болашағын қалайтын, биік биік белестерді бағындыратын тұлғаларды қалыптастыруда атсалысуда.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!