№1 «Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесі


Erketai / Июн.11.2015. / Пікірлер жоқ

shugla1

Балабақша атауы: №1 «Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесі

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы,Торайғыров көшесі 50

Телефон: 87242253138

Электронды почта: shugla_balabaksha@mail.ru

Балабақша жайлы: «Балапан» бағдарламасы аясында 2011 жылы 5 қазанда 360 орындық №1 «Шұғыла» жекеменшік балабақшасы ашылды. №1 «Шұғыла» жеке меншік балабақшасында 360 балаға қамтылған және 12 топ жұмыс жасайды. Саналы азамат тәрбиелеу мақсатында балабақшамызда білікті, жоғары және арнаулы орта білімді мамандар жұмыс жасауда. Балабақшада балалар дәрігері, логопед, психолог және медбикелер балалар денсаулығының нығаюына толықтай жұмыс жүргізуде. Балабақшада балаларға арналған жұмыс жүргізілетін кабинеттер барлық құралдармен жабдықталған. Балабақша бүлдіршіндері бес мезгіл тамақпен қамтылады.Сауықтыру-шынықтыру мақсатында шынықтыру жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Балалардың қабілетін шыңдау мақсатында бейнелеу өнері үйірмесі, шахмат үйірмесі, компьютерлік сауаттылыққа үйрету үйірмесі, би-ырғақ үйірмесі, театр үйірмесі және емдік дене шынықтыру үйірмелері бағдарламалар бойынша жыл бойы арнайы мамандар жұмыс жүргізеді. Балабақша ұясынан 300-ге жуық бүлдіршіндер мектеп табалдырығына аттады.
№1 «Шұғыла» балабақшасы – бұл балалардың үлкендермен бірге еңбектеніп өмір сүретін кішкене әлемі. Осы балабақшада балалар тәрбие, білім алып өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асырады.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!