«Аяулы Анам» тақырыбына шығармалар байқауы B-тобы


Erketai / Мар.1.2014. / комментариев 27

Аяулы Анам

Мен аяулы анамды жақсы көремін .Ана жайлы айтып тауыса алу мүмкін емес. Әрккімнің өз анасына деген махабаты шексіз. Менде анам маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып,өз ойымды азда болса жеткізгім келеді. Ана дегенде толқымайтын
жүрек,толғанбайтын жан жоқ. Ана –әрбір адам баласы үшін қастерлі ұғым. Бәріміздің де аналарымыз бар. Ал кейбір балалар аналарын сыйламайды,өз аналарына қарсы сөйлеп аналарының айтқанын тыңдамайды. Олай болса, өмірде аналары жоқ балалар да бар, олар өз аналарының ыстық алақанының жылуын көрмесе де, тәрбиелеп отырған аналарын аялап мәпелейді. Анамды алда келе жатқан . 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.
Атырау облысы, Исатай ауданы,Жанбай ауылы
Х.Наубетов атындағы 
орта мектебінің 3«д» сынып оқушысы
Рахымжан Айсәуле Жандәулетқызы
[WPSP 25]
*****************************************************************************

Аяулы анам!

Мені мына бір жарық дүниеге әкеліп қана қоймай, барлық керегімді алдыма тосып, қас-қабағыма қарап, дамылсыз тыным таппай жүретін анам туралы шығарма байқауы жарияланғасын тосылып қалу мен үшін дұрыс емес деп ойладым.
Мүмкін, менің жүрегімнен толқып шыққан үн, басқаға сондай әсер бере қоймайтын шығар.
Дегенімен тырысып көрейін…

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байқұс дамылсыз жүретұғын.
.
-деп атамыз Міржақып Дулатұлы атамыз айтқандай бізді, яғни өз баласын кіршіксіз сүйіп қорғаштайтын, анамызға қандай жақсы сөз айтсақ та көп болмасы анық. «Ана » табиғаты сыйлаған асыл қасиетімен бүкіл жанұясына, айналасына мейірімін төгеді.
Жаны нәзік аналарымыз күн іспеттес. Барлық жерге нұрын төгіп, жылуын шашып, адамзатқа өмір сыйлауда.
Иә, менің де анам ең мейірімді, жанашыр, ақылды адам. Менің көңіл-күйімді қас –қабағымнан танитын алтын адам. Жақсы қылықтарыма сәбише шаттанып, ал жаман қылықтарыма , Қожа айтпақшы «ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкеткенде, істеп алып, әмәнда соңынан барып бармағымды тістейтін уақыттарымда» ақылды сезімін, күрсініп қана көзімен ұқтыратын дана анам. Сәл мұңданған кезін көргенде екінші рет бұзықтық жасамайтындай боламын.
Еһ, бар әлем қолымда тұрса, анама бар жақсылықты үйіп –төгер едім. Бірақ та «анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың»- деген бар, дегенімен тырысып бағу менің міндетім.
Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын анамның сенімін ақтау үшін мен жақсы оқып, үлгілі тәртібіммен, спорттағы, өнердегі жетістіктеріммен көзге түсуім керек. Мен анамды сыйлайтынымды, жақсы көретінімді қалайда жақсы қылықтарммен білдіргенім жөн деп санаймын.
Мен анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Бала үшін ананың орны бөлек.
Аяулы анам!Сізге деген жүрегімдегі ризашылық сезімімді қанша айтсам да жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде сіз қасымда болғанда ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы, данасы– бір өзіңіз! Сізді келе жатқан мерекеңізбен құттықтаймын! Сізге, әйел бақытын тілеймін!
Болатов Жангелді
Алматы облысы
Қаратал ауданы
А.С.Пушкин атындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар орта мектебінің 6ә-сынып оқушысы.
[WPSP 26]
*****************************************************************************

V-tobi

Аяулы анашым!

Мен анашымды жақсы көремін. Өйткені ол маған жарық дүние сыйлаған. Барлық жер бетіндегі аналарды мерейлі тойларымен шын жүректен құттықтаймын. Ана туралы ойынды айтып тауысу мүмкін емес.
Ана! Ана! «Ана» — дегенде толқымайтын адам жоқ шығар. Ана деген баласы үшін ең ыстық, ең асыл жан. Адамдар «адам» болғысы келсе алдыменен ананы қастерлей білуі керек. Шыр етіп жерге түскен күннен мәпелеп, түн ұйқысын төрт бөліп, бізді ер жеткізген анамызға мың алғыс. Жер бетіндегі аналар қайғы көрмесін, ауырмасын тек қана жарқын болып жүруін тілеймін.
Аналардың жүздері әрқашан жайнаған гүлдей болсын. Анашым саған мың алғыс! Осы дүниеге әкеліп, еркелетіп жүргенін үшін. Өмір бақи қасымда болшы анашым! Менде сенің үмітінді ақтауға тырысамын.
Қамар Қадырбек
4 ә сынып оқушысы
№132 орта мектеп
Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
[WPSP 27]
*****************************************************************************

Менің аяулы анам!

Менің анамның есімі Айнұр, ол ақ көніл мейірімді және мен үшін өмірде орны ерекше адам. Үйткені ол мені мәпелеп өсірді. Ауырғанда жазатын, көнілсіз болғанда көнілдендіретін, таңертен еркелетіп оятатын менің анам.
Анам кйде қатал да болады, әсіресе сабақ оқығанда, себебі менің жақсы оқығанымды қалайды. Мен оның сенімін ақтауға тырысамын.
Анамның күлгені менің бақытым, қуанышым және өмірім.
Аяулы анашым! мені мәпелеп өсіргеніне алғысым шексіз.

Еліміздің аналары мәңгілік күліп жүрсін, көнілдеріне дақ түспесін және әрдайым сәбилері жыламай қуанта берсін.

Ералы Кенжебаев
[WPSP 28]
*****************************************************************************

Менің анам.

Менің анамның аты-Гүлмират.Мен анамды өте жақсы көремін.Ол да мені жақсы көреді. Ол мені мәпелеген, өсірген, ақ сүтін берген, түн ұйқысын төрт бөлген. Ағам екеуіміз анамызды құрметтеп, қадірлейміз, айтқанын орындаймыз. Сабақтардан жаман баға алмауға, ренжітпеуге тырысамыз. Анамыз әрқашан ақыл айтудан жалықпайды. Өзі мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Кейде жұмыстан шаршап келгенде, қолымнан келгенше, үйдің жұмыстарына көмектесемін.Мен өмірімді анасыз елестете алмаймын.
Арнадым бұл жырымды аналарға,
Анадан артық бізге адам бар ма?
Түн ұйқысын төрт бөлген бөбегі үшін,
Бұл белгілі әр балаға сана барда
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан сізбен бірге берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам
Біз сонда кісілікпен теңдесеміз,-деп өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Автор атын жазбаған
[WPSP 29]
*****************************************************************************

Менің асыл анашым

Сәлеметсіздерме? Менің атым Назкерім. Мен Талдықорған қаласының №9 орта мектебінің 3 «Ә» сынып оқушысымын. Н.Тілендиев атындағы музыка мектебінің домбыра сыныбында оқимын. «Контраст» қазіргі заман би тобына 3-ші жыл қатысып келемін. Мектепте үздік оқимын. Ән де айтамын. Осы шығарма арқылы Анашымды қуантқым келеді. Сіздердің сайттарыңызды әннің минусовкаларын іздегенде тауып алдым. Менің Мейірхат атты ағам бар. Ол 16-да. Мирас атты інім бар, ол 6-да. Ал мен 9 жастамын.

«Ана» — әрбір адамның жарық дүниедегі ең асылы, ардақтысы, жанашыры, қамқоршысы. Анамды қалай жақсы көретінімді айтып жеткізе алмаспын. Анам менің – асыл адам. Алыста жүрсем дауысын сағынамын. Ол менің, Мен оның жүрегіндемін. Мейірхат ағамды, мені және Мирас інімді ақ сүтімен асырап, бағып-қаққан асыл анашым менің! Саған деген алғысым шексіз.

Ана – сенің тірегің. Үш қана әріптен тұратын бұл сөздің мағынасы өте тереңде жатыр. Ана жүрегінің жылуы шексіз. Ана жайлы жырламаған ақын, ән жазбаған сазгер жоқ шығар. Тойлар мен мерекелерде де ана туралы әндер міндетті түрде шырқалады. Адамның жақсы қасиеттері де ана арқылы бойға тарайды. Бала дүниеге келісімен құшағына алып, мейіріміне бөлейтін де, бізді әлдилеп жұбататын да ол – Ана! Өз баласы үшін суға да, отқа да түсуге дайын, бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын да ол – Ана! Ананың махаббатына бөленген адам қайырымды, мейірімді болады. «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген халықта сөз бар. «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ» деген екен В.Белинский. Сондықтан анаға сый құрмет көрсету керек. Тіршілік иесіне нұрын шашқан,  көктем табиғатындай мейірімі жылы, шаңырағымыздың берекесі аналарымыз аман болса екен. Анашым саған мың алғыс!

Назкерім
[WPSP 30]
*****************************************************************************

Аяулы анашым

Ана- бар болғаны үш әріптен құралған,бірақ мағынасы асқақ,бізге ауадай қажет,қадірлі де асыл анамыз. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші аяулы анамыз қасымызда жүрсе біз қиындық көрмейміз,өмірдің тәтті дәмін татып бақытты ғұмыр кешеміз.Менің гүлдің нәріндей аяулы да ардақты Гүлнәр атты анашым бар.Түн ұйқысын төрт бөліп мен үшін аянбай еңбек етіп жан ұшырған анашым!Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей,минуттары айдай, сағаттары жылдай көріп,анамыздың бар болғанына Аллаға шүкіршілік айтамыз.
Ана атты адам баласын құрметтеп өтейік.Бұл біздің парызымыз! Ана сізге мың да бір рахмет! Мен сізді өмірімнен артық жақсы көремін!

Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
Атасу кенті
№132 орта мектебінің
2 «Б» сынып оқушысы
Тағатова Ақниет Абзалқызы
[WPSP 31]
*****************************************************************************

Анама мың алғыс!

Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Мен осы шығармамды аяулы анама арнағым келеді.Ол мен үшін дүниедегі ең керемет жан. Маған жарық дүние сыйлап,әлпештеп өсірген анама тең келер ешкім жоқ.
Үйде төрт баламыз .Мен үйдің тұңғышымын.Біздердің үлгілі,тәрбиелі,өнегелі болып өсуіміз үшін анамыз барын салып келеді. Өзі мектепте бастауыш сынып мұғалімі.Сыныбындағы оқушыларын да өз балаларындай жақсы көреді. Жұмысында тынбай еңбек етіп,үйде де сол жұмысын жалғастырып отырады.Отбасына да уақыт тауып,шаршаса да күлімсіреп жүреді.Үнемі қағаз жазып,слайд жасап түнімен отырады. Таңертең ерте тұрып бізді оятып,таңғы асымызды беріп сабаққа жібереді.Үйде ауырып жатқан әжем бар.Оған анам ерекше мән береді. Әкем полиция қызметкері. Ол кісінің тіпті бос уақыты жоқ. «Әкелерің жұмыстан шаршап келгенде тентек болмаңдар»,- деп анам біздерге үнемі ақыл айтып отырады. Сол үшін де анамды жақсы көремін. Оның даналығына, қарапайымдылығына басымды иемін.Бізді жарық дүниеге әкеліп,бар жақсысын берген анама мың алғыс!

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы

  «Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің

3 «А» сынып оқушысы  Аманқұлова Амина Нұрбайқызы
[WPSP 32]
*****************************************************************************

Ардақты жан

Бұл дүниеда балаға ең керегі ана! Анамыз – біздің бақытымыз, отбасының шырағы. Сонысымен де ана әрбір бала үшін қасиетті де ардақты жан. Ананың осы өмірде атқаратын қызметі де көп. Оның бәрін жай ауызбен жеткізу қиын. Себебі бала үшін жасалынған игілікті істің бәрі ананың қолынан шығады. Оның кереметтілігі сондай, ол өмірдегі қуанышты да, ренішті де жүрегімен сезе білетін асыл жан. Сондықтан ананы аялап, ардақтайық, балалар!
Шаяхмет Аяжан
2-сынып оқушысы
Павлодар облысы
Май ауданы
Қаратерек ауылы
[WPSP 33]
*****************************************************************************

Ана – өмір шуағы
Ана – ол сенің өмірің. Ана мені, сені, бізді өмірге әкелген аяулы жан. Сәби кезімізде түнде шырылдап жылағанымызда біздің аналарымыз түн ұйқысын төрт бөліп әлдилеген абзал жан. Біз қуансақ бізбен бірге қуанған да, біз ренжісек бірге ренжіген де осы асыл ана. Біз ана алдындағы қарызымызды ешуақытта өтей алмасымыз анық. Тек қана ана көңіліне қаяу түсірмей әдепті, ақылды, тәрбиелі болып, сабақты жақсы оқып, адамгершілік қасиеттерді бағалай біліп, көңілін тауып отырсақ соның өзі ана үшін көп мерей. Біздің арқа сүйер тірегіміз де, ақылшымыз да ана. Алысқа кетсек сағынатын да ана, бізден хат күтіп сарғайып тосып жүретін де ана. Сол үшін де біз аналарды өте жақсы көреміз.

Есенкелди Мадине
4-сынып оқушысы
Павлодар облысы
Май ауданы
Қаратерек ауылы
[WPSP 34]

smile

комментариев 27 Пікір қосу

  • Барлық қатысушылардың шығармалары жақсы жазылған. Өзіме ұнағаны Аманқұлова Аминаның шығармасы. Жарайсың Амина!

  • Болатов Жангелдінің шығармасы ұнады. Өте жақсы жазылған. Талабыңа нұр жаусын, шығармашылық жолында өсе бер!.

  • Аминаның ана туралы жазған шығармасы шынайы жазылған..

  • Жарайсың,Амина! Алдағы шығар белестеріңе сәттілік тілеймін.Ата-анаңның сенімін ақтай біл!

  • Жарайсын, Амина! Нурик пен Сәнжанның сенимин актап улкен азаматша болып өсуіне тілектеспін!!!

  • өте тамаша серік айдос алға

  • жарайсың айдос шығарма өте тамаша

  • Жеңімпаздарды қалай анықтайды? Тобы бойынша беріле ме?

  • Кім ең көп ұпай жинайды сол жеңімпаз!

  • Маган Аманқұлова Аминанын шығармасы шынайылығымен ұнады.Амина, шығармашылығыңды шыңдай бер! Сабағыңды жақсы оқып, ата-ананнын мактанышы бол!

  • Қамар Қадырбектің шығармасына өте ризамын ,шығармашылығыңды асқақтата бер, сен үйіндегі ананның нағыз қамқоршы жалғыз ұл баласысын, ананды әрқашан осылай биіктерден бағалай бер деп тілеймін.

  • Амина алға! Бейнеу гимназиясының абыройын асқақтатып, ең биік шыңдардан көріне бер! Саған тілекші болған барлық Бейнеу гимназиясының ұжымы мен оқушыларына ,туған -туысқандарға мың алғыс!!!!

  • Амина өркенің өссін! Ақ жол, тек биіктерден көріне бер. Денің сау, ақылды қыз болып жүре бер.

  • Аминаға сәттілік тілеимін талабыңа нұр жаусын!

  • Аманқұлова Аминаның шығармасы жақсы жазылған, балалық шынайылық, тазалық, қарапайымдылық байқалады. Бас жүлдеге әбден лайық!

  • Ералы Кенжебаев шығармасы оте жаксы екен коринип тур анасина деген шыгармасы шын журектен жазғаны .Осы казак елинин балаларының анасына деген сүйіспеншілігі арта берсін.қиын болмама Ералы Кенжебаевка дауыс беріңздер.

  • Кенжебаев Ералы шыгарма оте керемет,жане ананда оте жаксы адам!Жас болсанда шыгармашылыгынды дамытып казактын нар тулгалы акын-жазушылары сиякты улкен белестерди багындыра бер!

  • Ералы Кенжебаев шығармасы өте керемет анасына деген ыстық махаббаты корініп тұр ,,, ЖАРАЙСЫҢ!!!!!!!!! АТА-АНАҢНЫҢ ҮМІТІН АҚТАП,БИІКТЕРДЕН КӨРІНЕ БЕР)))))); ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАРЫҚ БОЛСЫН….СӘТТІЛІК!!!!!!!!!!!!! тек кана БАС ЖҮЛДЕ

  • Жарайсын амина оркенин осе берсин. Шыгарман оте керемет

  • амина женип шыгуынды тилеймин

  • Амина қарындасым саттілік тілейм саған. Бас жүлде алуыңа тілектеспін.

  • Амина жарайсын алға!

  • Аминаға дауыс беріп,тілекші болған барлық Маңғыстаулықтарға, Бейнеуліктерге, Бейнеу гимназиясына,ағайын-тумаға мың алғыс!!!!!

  • оқырман ретінде маған Аманқұлова Аминаның жазған шығармасы қатты ұнады. Курметті ұйымдастырушылар Аминаның шығармасы өте тамаша деп білем.

  • Амина карындасым тек алга))))

  • Күшті

  • Сендер өте жақсы жазыңдар!!!!!!!!!!!!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!