«Аяулы Анам» тақырыбына шығармалар байқауы Г-тобы


Erketai / Мар.1.2014. / комментариев 16

Аяулы анашым!

Қадіріңді күнде біле білмесем де анашым мен үшін бұл өмірде Cізден артық адам жоқ.Түсімде сізден айырылып қалып, мен үшін одан жаман ештеңе жоқ екенін түсіндім. Анасынан 1 жасында айырылған Дианамды ойлап, жүрегім ауырып қалды. Анасынан айырылған баланың жүрегі қалай ауырады екен. Сізді балалықпен ренжіткенім үшін өкініп қалдым. Әрине Сіз қалағандай көп заттарға қол жеткізбедім. Бірақ соларға қол жеткізуге тырысамын. Өзімнің білместіктен жасаған қылықтарыма Сізді өкіндіргім келмейді.Әлі жаспын, көптеген заттардың дұрыс, бұрысын танымаймым. Бірақ соған қарамастан, Cіз менің өз мақсатыма жетуге құштарлығымды түсініп, қызығушылық танытасыз. Мен қандай да қиындықта ақылды бірінші Сізден сұрауға тырысамын. Өйткені мен білемін, қатты ұрссаңыз да маған тек жақсылық тілейсіз. Сіз үшін менің бақытымнан артық ешнәрсе жоқ. Сіздің жақсылығыңызды ұмытуға менің ешқашан дәтім бармас еді. Сіз менің жанымда әрдайым жүресіз деп үміттенем. Мен достарымның алдында анашымды мақтан етіп жүремін. Мен бақытты баламын! Бұрын анамның мейірімін басқалардан қызғанатынмын. Шындығын айтсам қазір де қызғанам «сіңілімді менен қаттырақ жақсы көреді ме?»- деген ой кейде мазалайды , бірақ ол ойым дұрыс емес, анам «қызғанба мен сені ұзағырақ жақсы көремін ғой»- дейді. Анамның өз аналарына деген құрметі мен көмегін көріп, мен өскенде қандай болатынымды білемін. Анашымның көмегімен мен өнегелі, ардақты азамат боп өсемін. Қазақтың салтымен тәрбие беретін аналар көп болса, болашақ жарқын болады ғой. Менің анам менің жан жақты болғанымды қалайды. Ол кейде өте қатал, ал көбіне нәзік даусымен еркелетеді. Маған әлі де өте ұзақ уақыт ана мейірімі қажет.
АДАМДАР АНАЛАРДЫ АЯЛАҢДАР!
ТЕК СОНДА ҒАНА ОЛАР БАҚЫТТЫ БОЛАДЫ!
Қарағанды қаласы
М.Жұмабаев атындағы
№39 –гимназияның 6 «а» сынып оқушысы
Мағзұм Айдай Ертайқызы
[WPSP 35]
*****************************************************************************

АСЫЛ АНАШЫМ

Ана — сөзі үш әріптен тұрғанымен үлкен ұғым. Ана-ардақты,аяулы,асыл,ару жан. Менің анамның аты-Алмагүл.Ол мектепте мұғалім болып қызмет істейді. Менің анам-менің ғана анам емес,барлық балалардың анасы.Менің анамның кейде маған қарайтын уақыттары да болмай қалады. Мен оған ренжімеймін. Себебі мен ақылды қызбын, анам солай айтады. Анама шамам келгенінше көмектесуге тырысамын. Ыдыстарды жуып, үйді тазалап қоямын. Анам маған риза болады.

Сабағыма өзім дайындаламын. Мені анам солай үйретті.
Мен де анам сияқты мұғалім болғым келеді. Сол кезде анам маған айтады: «Қызым, кез- келген адам мұғалім бола алады, кез-келген адам ұстаз бола алмайды» дейді. Ол сөздің мағынасын енді-енді түсініп жүрмін. Сол себепті «Ұстаз» болғым келеді. Менің анам оқушыларын жақсы көреді. Ал менің орным бөлек, себебі мен оның қызымын.
Менің тілерім барлық аналардың аман-саулығы. Аналар әр үйдің күні, күннің бетін бұлт басқанын қаламаймын. Барлық балалар аналарымен бірге бақытты өмір сүрсе деп тілеймін.
Анам кей кездерде үйде болмағанда ағаларыма, әкеме, маған үйдің іші көңілсіз сезіледі. Анам біздің үйдің айы мен күні. Мына өлең жолдарын барлық аналарға 8-наурыз мерекелерімен құттықтау ретінде арнаймын!

Өмір сыйлап іңгәлаған сәбиге,
Шырағы боп жағылады әр үйде.
Ана-бақыт, ана-шаттық шуағы,
Жылы сөзің балаң үшін туады.

Барлық әлем аналардан тараған,
Күннің өзі күліп оған қараған.
Мен бақытты, мен шаттықты баламын,
Бас иеді, сыйлап оны бар адам.

Аналар ғой біздерді адам еткен,
Көңілінен соқтырып самал өктем
Ана ғана тірегі бар өмірдің
Қара қылды қақ жарған адал неткен.

Көңілің көкке ұшады бала десе
Жүрегім жыр төгеді ана десе
Жазамын , жаза берем жырларымды,
Тек қана ана десе, ана десе.

Ана деген ардақтысы бар ғаламның
Мен солардың бақыты үшін алаңмын
Анам барда көңілім мәңгі жасыл жаз,
Биігі боп көрінемін заманның.

Жанымда бол, қартаймашы асыл жан,
Еркелетіп сыйпап мені басымнан.
Құс ұшырып, қанаттыға қақтырмай,
Қиналғанда табыласың қасымнан.

Кешіре гөр, қатем болса келбеттім,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

Қарыздармыз аналарға мәңгілік,
Ақыл сөзің көкейде тұр жаңғырып
Жыр жазамын таңдарменен таңды ұрып
Алғыс айтам , асыл анам мәңгілік!

Жалпы өлең жазуды 6-7 жастарымда бастағанмын. Сол ең алғашқы өлең жолдарым да анама арналған. Бұл менің 7 жаста жазған өлеңім.

Анашым

Әлпештеген баласын,
Аяулымсың анашым.
Арналады жырларым,
Ақылдысың , данасың.
Маңдайыңнан әжімнің,
Байқалады іздері.
Ақыл беріп , дем берген
Салиқалы сөздері.
Құлпырады қызыңыз,
Лағындай еліктің.
Аман –есен жүре бер,
Айналайын көріктім!

Қарағанды облысы Осакаров ауданы
«Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ
4 «б» сынып оқушысы Раздан ЕЛНАРА
[WPSP 36]
*****************************************************************************

g-tobi

Аяулы анам!
Ана деген ұлы есім. Аналардың бұл өмірден алар орны ерекше. Ол адамдардың жүректері пәк, жандары таза, кеңпейіл келеді, бір сөзбен айтқанда өте мейірімді. Ана баланы кішкентай кезінен бастап ақылы толысып есейгенге дейін бағып — қағады. Аналардың жүректеріне ең жақыны бала. Тіпті ақындар да аналарға арнап жыр шумақтарын жазған. Алайда балалардың жүректеріне ең ауыр тиетіні балаларды жетімдер үйіне тапсыруы. Сондықтан да жас балалардың жүрегін жараламай ана мейірімін төгу керек.
Мен анам жайлы айтар болсам, анам өте мейірімді, ақкөңіл, ақылшы, жүрегі нәзік жан. Үнемі біздің амандығымызды тілеп, дұрыс тәрбие беріп қамқоршы болып жүреді. Анаммен өткен әрбір сәт қызыққа толы. Солардың бірін айта кетейін: Мен кішкентай кезімде анамның биік тақа туфлиінен аяғымды шығарып кейіп алып, көше аралап кетеді екенмін. Үйдің іші жабылып іздеп, мені әрең тауып алатын көрінеді. Сөйтіп анамның туфлиінің тақасында сындырып алыппын. Өсе келе осы оқиғаларды маған айтып берді. Ана ешқашан баласынан ештеңе аямайды. Өзі жемесе де, кимесе де балам ешнәрседен тарлық көрмесін деп тырысады. Ана туралы жақсы сөздерді айтып тауыса алмайсын, сол себепті аналарымызды әрқашан сөзімізбен де, ісімізбен де сыйлайтынымызды көрсетуіміз керек.

Серік Айдос 4 сынып оқушысы.
Атырау облысы
[WPSP 37]
*****************************************************************************

«Аяулы Анам «
Әр кімнің де түптеп келгенде анасы бар. Ана баланы тоғыз ай көтеріп , содан соң оны мәпелеп бағып қағады.Ал кейбіреулер бағып қаққан аналарының ақ сүтін ақтамай ,сыйламай қарттар үйіне тапсырып жататын адамдар да бар. Ал олар нағыз хайуан адамдар десекте болады. Өйткені олар анасының мәпелеп қаққанын бағаламай сондай жағдайларға қалдырып жатады. Жетімдерүйіндегі бейкүнә балалар ата- ана бақытын көре алмай тұрғаны қаншама. Менің отандастарыма айтатыным ананың бізге деген махабатын шапағатпен қайтара білейік. Мен анамды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын.
Атырау облысы, Исатай ауданы , Жанбай ауылы
Х.Наубетов атындағы орта мектебінің 3«д» сынып оқушысы
Тайыпов Ералхан
[WPSP 38]
*****************************************************************************

Аяулы анашым

Адам баласы үшін ең аяулы,ең қастерлі сөз-ана.Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз.
Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық жан.Ең алғаш дүниеге келгенде ананың сүтінен бойына нәр аласың.Ана сен үшін төрт ұйқысын төрт бөлді.Ана сен қуансаң қуанып, сен жыласаң мұнайып жүреді.Ана сенің жан дүниенді жақсы түсінеді. Ана жақсы мен жаманды ажыратуды үйретеді.Алдына қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға дайын. Ана бір қолымен бесікті тербетсе,екінші қолымен әлемді тербетеді. Аналардың осындай құдіретіне басымды иемін.
Мен өз анамды сыйлаймын.Оның әр айтқан ақылын көкейіме тоқып аламын.Анама үнемі көмектесіп, көп нәрсе үйренуге тырысамын.Мен анамның еңбегің ақтауға тырысамын.
Мен анамды және барлық аналарды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
Атасу кенті
№132 орта мектебінің
2 «Б» сынып оқушысы
Сағат Аяжан Саматқызы
[WPSP 39]
*****************************************************************************

Аяулы ана!

Әркімнің анасы бар. Сол сияқты менің де анам бар. Ол мені кішкентай кезімнен қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірді. Ақ сүтін беріп аялап, бағып ер жеткізді.
«Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан арылмайсың» демекші бізде оның қадіріне жете алмаймыз.
Ал қазір көбісі аналарын қарттар үйіне тапсырып кейін анасы дүниеден өтсе өкініп қалады. Сондықтан аналарымызға әрқашан құрмет көрсетіп жүруіміз керек. Сіздердің де аналарыңыз сіздерге құрмет көрсеткен. Сіздер де сол сияқты аналарыңызды бағып қағу керек. Аналарыңызды сыйлаңыздар. Ол сіздерді қорғап тұрған қалқан.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы 
№132 орта мектебінің
4 «Б» сынып оқушысы
Төлеубек Даяна Қадыретқызы
[WPSP 40]
*****************************************************************************

 Аяулы анашым

Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орны бөлек дара екен.
Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Маған сыйлаған өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды жеткізгім келеді. Анамның аты — Индира. Аяулы анамды қатты жақсы көремін. Анамды ренжітпеуге тырысамын. Анам мені жан-тәнімен жақсы көреді. Бізді кішкентай кезімізден анамыз жақсылыққа тәрбиелейді.Анам өте мейірімді жан. Анаға деген ізет -құрметіңді аямау керек. Барлық бала ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтау керек. Киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын.
Елжан Узбеков 2-сынып оқушысы 
Павлодар облысы , Май ауданы ,
Қаратерек ауылы
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп.
[WPSP 41]
*****************************************************************************

Аяулы анашым

Адам баласы дүниеге шыр етіп келген сәтте, ең алдымен анасын көреді.Ананың мейірімді жүрегі тек сәби үшін соғып, дүниедегі бар жақсылықты тілеп тұрады.Бұл жарық дүниеде анадан асқан жан жоқ.
Құмар Ерасыл 2-сынып оқушысы 
Павлодар облысы, Май ауданы,
Қаратерек ауылы
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп.
[WPSP 42]
*****************************************************************************

Аяулы анашым

Мені дүниеге әкелген сүйікті анам. Анамның аты-Шолпан. Анам мейірімді әрі ақылды және ақкөңіл адам. Отбасымызда төрт баламыз. Анамыз төртеуімізді сәби кезімізден аялап өсірді. Отбасымызда әжем әкем және анам тату-тәтті өмір сүруде. Үйдегі пысық адам ол анам, ол бізге күнде тәртіпті, таза болыңдар деп айтады. Өз анамды жанымдай жақсы көремін.Анамның жаны жұмсақ.Анамнан ешқашан алыстағым келмейді.Сондықтан аналарды құрметтейік. Келе жатқан мерекелері құтты болсын!
Каримжанова Асель 2-сынып оқушысы 
Павлодар облысы, Май ауданы, 
Қаратерек ауылы
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп.
[WPSP 43]
*****************************************************************************

Аяулы анашым

Анам өте кішіпейіл, мейірімді және ақылды. Анам ешқашан біреуге жамандық жасамайды және ойламайды. Анамның аты- Толқын. Балаларға ұрысуды білмейді, тек қана ақылмен айтады. Аналарды құрметтейік, балалар! Аналары бар балалар бақытты деп ойлаймын. Мен анамды ешқашан ұмытпаймын.
Даирова Сымбат 2-сынып оқушысы 
Павлодар облысы, Май ауданы,
Қаратерек ауылы
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп.
[WPSP 44]
*****************************************************************************

Аяулы анашым
«Отбасың – алтын ұяң» дейді қазақ. Ал сол ұяның жылуы, шуағы – анаң. «Ана» — қасиетті сөз. Ол бізге өмір сыйлап, аяулы алақанымен қорғап, жамандық атаулыдан қорғап, жақсылыққа жетелейтін асыл жан. Бұл әлемдегі барша адам сияқты мен де өз анамды жақсы көремін. Мен үшін ол ерекше жаратылған жан секілді. Оның әр сөзі, әр ісі – маған үлгі-өнеге. «Анасына қарап қыз өсер» демекші, қыз бала болғандықтан мен де анамның бойындағы игі қасиеттерді бойыма дарытуға тырысамын.
Міне, санаулы күннен кейін көктемнің алғашқы мерекесі – аналар күні де келіп жетеді. Ең қызығы – біздің отбасы үшін
8 наурыз халықаралық аналар күні ғана емес, сондай-ақ анамыздың туған күні. Сондықтан мен анамды осы қос мерекесімен құттықтап, өмірдегі барлық жақсылықты тілегім келеді. Жүзінен күлкі кетпесе екен деймін.

Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,Атасу кенті
№132 орта мектебінің
2 «Б» сынып оқушысы
Әбікен Аяулым Жақсыгелдіқызы
[WPSP 45]

smile

комментариев 16 Пікір қосу

  • Сәлеметсіз бе? Сембек Ақниет жұмысын жіберген неге жоқ

  • Салем! Оның жіберген мақаласы басқа сайттан алынған. Керек болса дәл сол мақалаға сілтемені жібере аламыз. Байқау шарты бойынша мақала интернеттен алынбаған болуы тиіс.

  • cәлеметсіз бе? орынды баланың жас ерекшеліктеріне карай бересіздер ме әлде жалпы кете ме?

  • Барлық қатысушыға ереже бірдей.

  • жарайсың Даяна!

  • Аяулым Жақсыклдіқызына да ризамын шығармашылығыңды асқақтата бер,биіктерден көріне бер.

  • Dauis beru erten newege dein jalgasadi

  • Дауыс беру саг.нешеде аякталады?Бугинбе,ертенбе?

  • Дауыс беру 08.03.2014ж сағат 23:59 да аяқталады!

  • Дауыс беру 08.03.2014ж сағат 23:59 да аяқталады!

  • байкаудын корытындысы кашан шыгады??? кайдан билуге болады???

  • Байқаудың қорытындысы барлық қатысушының дауыстары есептеліп болған соң сайтта жарияланады.

  • дауыс беру неге жалғасып жатыр

  • Дауыс беру аяқталған. Енді дауыстар саналмайды.

  • Даяна мен үшін өте қызықты және өнеге аларлық шығарма шыққан екен! Өте керемет!
    Аса құрметпен, Олжас!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!