«Аяулы Анам» тақырыбына шығармалар байқауы Б-тобы

Ана.

“Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.
Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады.
Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын:
Нұрын шашқан күніміз,
Айжұлдызды түніміз.
Мәпелеген қамқоршым,
Ана біздің гүліміз.
Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас.
Светлана Рамазанова

 
Erketai / Мар.1.2014

Пікір жазылды 19 Пікір қосу

  • Г тобында шыгармалары жарты бетке жетбейтиндери 200 ден ары дауыс алган негизи ережесинде ау0ымды болуы тиис деген емес пе алде оган карамайма?

    • Көп дауыс жинаса жақсы емес пе?

  • әділ емес екен көп дауыс жинаған адамның шығармасы кішкене ғана ғой

    • Шығарма үлкен болса сол көп дауыс жинау керек пе? Бұл дауыстарды туыстары немесе сыныптастары барлығы жабылып қолдап дауыс берсе онда тұрған не бар. Қайта дұрыс осылай бір-бірімізді қолдау керекпіз. Көреалмаушылық болмасын!

  • м дурыс

  • Өте керемет маған қатты ұнады рахмет

  • keremet

  • өте керемет тек сендерге сәттілік,

  • бул шыгармалардын барлыгы керемет жазылган кейбир шыгармалар кыска болганмен магына зор теренде жатыр ал улкенирек кылып жазгандарда оздеринин ойларын терендетип тусиндирип магынасын ашып турып жазган

  • Керемет, сөз жоқ. Маған ұнады

  • керемет сайт -те керемет

  • маған ұнады, көп рахмет

  • базар жоқ көшіріп алдым

  • аххааахааха куштыыыы рахмееееееет!

  • керемет маған ұнады

  • тым коп екен ана жан асыл жан апайда 2-ши анамыз болып есептелет ана деген уш ариптен турат ана базардан улке алма акелсе бирдене акелсе рахмет! деу керек керемет! шыгарма екен.
    Макал-мател
    Анадан артык дос бар ма?
    Ашудан жаман кас бар ма?
    Жиырма бестен жаксы жас бар ма?
    Кымыздан татти ас бар ма?
    Жумбак
    Биздин аже кызы бар;
    Ол ар дайым уйретет Шешуи (Ана)
    А;Анар 2арипти алындар Шешуи Ана

  • norm go 267ball jinagan

  • Керемет.Көшіріп алам

  • 👍👍👍👍

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!