Жөтелге қарсы емдік шаралар

Негізінде жөтел өздігінен ауру болып саналмайды алайда 50(елуден) аса аурумен, аллергиялық реакциялардың белгісінен хабар береді. Бұл белгілердің ішінде болмашы суық тиюден бастап адам денсаулығына аса қауіпті туберкулез,онкологиялық аурулар, демікпе, жүрек аурулары кездеседі.

Жөтел есту жолдарының шырышты қабатының және де алыс орналасқан рефлекстік аймақтардың (бауыр мен өт жолдары, жатыр,ішек, аналық безі) тітіркенуінен пайда болады.Сондай ақ тыныс алу жолдарының шырышты қабатының тітіркенуінің нәтижесінде орын алатын рефлекторлық акт болып саналады, мұндай кезде адам қарқынды үдемелі «жарылғыш» дем шығарады.

жөтелге қарсы халық емі

Негізгі себептері

Тыныс алу мүшесінің шырышты қабатының қабынуы (ринит, синусит, аденоидит, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит және басқа да)ағза ұлпалары мен жасушаларына кіріп кеткен бөтен заттардың шоғырлануы. Ринит, синусит, аденоидит, бүртікті фарингит кезінде мұрынның қосалқы қуысы және көмейдің тітіркенуі нәтижесінде туындайды.

 

  • Жөтелдің негізгі түрлері: құрғақ, көк, аллергиялық т.б 

Құрғақ –әдетте науқаста өте ауыр өтеді, әсіресе ол күтпеген жағдайда орын алуы мүмкін. Мысалы:  түнде ұйықтап жатқанда, қоғамдық көлікте, жұмыс орнында адамға үлкен ыңғайсыздық тудырады.Өйткені бір басталса тоқтауы өте қиынға соқтырады.

 

Көк — өте күшті жұқпалы ауру. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну нәтижесінде науқаста ұстамалы булығып жөтелу пайда болады. Ең жиі бұл аурумен 5 жасқа дейінгі балалар аурады, әсіресе сәбилерге өте қауіпті. Алайда ересек балаларда әлдеқайда жеңілірек өтеді.

 

Аллергиялық —  бронхының ағзаға түскен заттың, иммундық жүйеге шамдан тыс күш түсіргеніне жауап реакциясы. Тағы да қайталап еске салсақ бұл ауру емес, мұндай жағдай жоғарыда атап айтқандай әр түрлі денсаулыққа қатер төндіретін аурулардың белгісі болуы әбден мүмкін. Әдетте мұндай жағдай ауадан түскен аллергендердің(аллергияны тудыратын заттардың) себебінен болады, осындай кезде қарқынды жөтел бронхтың(кеңірдек) тармақтарын тазалауға негізделген қарсы қорғаныш механизмі болып табылады.  

Сүттің жөтелде пайдасы

Емдеу жолдары

  • Сүт және бал

Жөтелге қарсы үй жағдайында қолданылатын емнің кең таралған түрі қатты ыстық емес бал қосылған сүт. Бұл сусынды әсіресе ұйықтар алдында қабылдаған жөн. Бұл өз кезегінде ұйқының тыныш болуына, тамақтың жыбырлап қозбауына өте жақсы көмегін тигізеді.

Дайындалуы: бір стакан қатты ыстық емес сүтке 1-2 қасық бал және бір шымшым ас содасын қосыңыз. Сусын  қақырықпен тер арқылы ағзадағы уландырғыш заттарды шығарады.

  • Сүтпен сары май

Үй жағдайында қолданылатын тағы бір тамаша әдістің бірі сары май қосылған сүт.Бұл әдісте қолданылатын компоненттер тамақтың тітіркенуін және құрғақ жөтелді жақсы жұмсартады және де мұнымен қоса тамақтағы жағымсыз тітіркену сезімін жояды. Осы әдіспен ем қабылдау барысында белгіленген мөлшерді сақтаған абзал.

 

Дайындалуы: бір стакан қатты ыстық емес сүтке 50 грамм сары май қосылады. Ұйықға жатар алдында қабылдаңыз.

Жөтелді емдеу

  • Зімбір(Имбирь) және сүт

Зімбір өзінің көптеген пайдалы қасиетімен сарымсақ пен адамшөпке(женьшень) жақынырақ. Зімбірдің құрамына С дәрумені кіреді.Зімбірді вирустық аурулардың қозуында қолдануға ұсынылады. Зімбір мен сүт балаларға суық тигенде, бронхының қабынуының алғашқы белгілерінде аурудың алдын алуға көп көмегін тигізеді.

Дайындалуы: бұл емдік сусынның құрамына 1/5 стакан сүт, 2 шәй қасық көк шәй және майдаланылған зімбір тамырының кішкене бөлігі кіреді. Қайнатпаны үш кезеңмен баяу жанған отта дайындаған дұрыс. Әр кезең 2 минутқа созылады.Қайнатпаны әр кезеңде 5 минутқа тұндырып қояды. Содан соң сүзгіден өткізіледі. Қайнатпаның дәмін жақсарту үшін қант немесе бал қосуға да болады.

Егерде басқада өздеріңіз білетін жөтелді емдеудің халықтық әдістерін білсеңіздер, пікір жазу формасы арқылы жазып бөлісіңіздер.

Өз денсаулығыңыздан қандай да бір ауру белгісін байқаған жағдайда, ең алдымен дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн. Аурудың толық себебін білмей, өзіңізге ем жасау сіздің денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін!
 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер23
  1. Молдир

    Керек акпарат екен. Анык ари тусиникти. Нагыз емдик тусиндинмеси мол

  2. Молдир

    Керек акпарат екен. Анык ари тусиникти

  3. Шұғыла

    Менде узақ уақыт бойы жөтел мазалады. Көптеген ақпарат көздерінен карай бастадым. Сіздерге рақмеет осы жерден үнемі қажетті ақпараттар тауып аламын. Барлық ем жолдарын нақты жазыпсыздар ақпаратарынызға рақмет

  4. Увалиева Жанна

    Жөтелге имбирь, бал, куркуманы араластырып деген дұрыс .
    «Ауырып ем iздегенше , ауырмайтын жол ізде!»- деген екен.

  5. Асем

    халықтық емдеу жолын іздеп жүремін үнемі, рақмет өте толыққанды ақпарат екен!

  6. Маруза

    Мен жөтел мен басқа аурулардың бір-бірімен байланысты екенін енді біп отырмын. Денсаулықты күту керек

  7. Гүлнұр

    Қыс кезінде керек ақпарат. Балам жиі жөтеліп қалады. Сақтап қою керек екен.

  8. Жанерке Ертайқызы

    жөтел көп аурудың бастамасы екенін енді білдім

  9. Толқын Жұмабаева

    Менің қызым да көп жөтелетін еді.имбирден жасалған емді қолданып көремін.сол әдіс ұнады.

  10. Құндыз Есқуатова

    Құрғақ жөтел кезінде не істеуге болады? Қандай дәрі-дәрмек алу қажет?

  11. Ақерке

    Жөтелді емдеу барысында имбирдің пайдасы көп екен. Дайындалу жолы да керемет екен. Рахмет!

  12. Гүлмира

    Жөтел қоймаса оқытылып жіберсе көмектесеме. Барлық дəрі дəрмек көмектеспеген жағдайда.

  13. saule

    көк жөтелге қара қойдың өті ем. Қара болмаса басқа түстісіде болатын .өт тым ащы шекер қосып ішіуге болады.Мен бала кезде солай ішіп айыққам

  14. Куттыкыз

    Мен жотелип журедим Кургак жотел кундиз жотелмеимин тек тунде кандаи ем жасасам болады

  15. Бибигул

    Жотелди калай кетируге болады??ар айдын аягында сонында шыгады.Даригелерден сурасам 1жаска дейин болады дейди кететин тури жок жаска толамыз.Акылдарынызды айтындаршы отиниш.Биринши бала болгасын билмейтиним коп.

    1. Гулжан

      Рахмет кеңестерді пайдаланып көремин

  16. Гүлжанна

    3 жылдан үлкен алоэ өсімдігінің шырынына бал қосып (1х1) берген жөтелге жақсы көмектеседі. Мен баламды солай емдедім. Және лазолван+натри хлоридімен ингалация 10 күн

  17. Бибинур

    Cәлеметсіздер ме?
    Менің қызым 6 айында бірден невмония болып, больницаға түскен болатынбыз, содан бері 1 жылдан асты жөтелі кетпей қойды. ай сайын ауруханаға жатады, барлық дәрілерді де, уколдарды да (цефозалин, сефтри) қабылдап шықтық. Дәрігер аллергиялық жөтел деді, 3 ай диета сақта, 1ай ингаляция берген, оны да қабылдап болдық, бірақ нәтиже жоқ. Не істерімді білмей отырмын. қақырық жөтелі бар, күндіз, түндед де жөтелеміз. Өтінемін көмектесіңіздерші, жақсы дәрігерден кеңес керек болып тұр!

  18. Раушан

    Сәлем, көк жөтелге қандай кеңес бересіздер қыздар білсеңдер жазыңыздаршы өтініш.

  19. Динара

    Менін 3 жастағы қызвмда құрғақ жөтел болып жатыр енді не істесем болады

  20. Гулзия

    Салеметсіздерма…. менің 4 айлық қызым жөтелмен ауырып жатыр . Укол кабылдагым келмиди. Амбробене беріп жатырмын. Кандаи баска емі бар .. мумкин болса білетіндеріңіз

    1. Жанар

      Балага 3 жаска дейн ешкандай муколитик беруге болмайды! То есть жотелге карсы дарилер. Себеби болинген какырыгына какалып туншыгып калады. Даригерге корсетпесениз болмайды. Температура болмаса антибиотик бермеуи де мумкин

  21. Роза Камалова

    Жөтелді қалай кетіруге болатыны жайлы көптеген мақала жазылған.Бірақ маған осы мақала ұнады.Рахмет!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ