iPad балаға зиян ба?…

Балалар өз ойыншықтарымен ойнау керек , үлкендердің заттарымен ойнаса сындырып, бүлдіріп қояды  деген түсінік қалыптасқан. Бір ақ бұл түсінік дұрыс емес, егер балаңыз сіздің қандай да бір затқа мұхият ұқыпты қарағаныңызды білсе, олда сол затқа барынша ұқыпты қарауға тырысады. Өйткені балалар ата-аналарының  жасаған  қылықтарын  қайталап
соларға барынша ұқсағысы келеді. Сол себепті де балаңызға iPad –тың не екенін түсіндіріп қолдануды үйретуге қорықпаңыз. Себебі   iPad балаға үлкен мүмкіндіктер көзін ашады.Қазірде халық арасында компьютер көзге зиян деген қате пікір қалыптасқан және де балаларға жарты сағаттан артық отыруға болмайды деп айтылады. Алайда қазір 1980-1990 жылдардағы  электрлі-сәулесін  шашып көзді ауыртатын  компьютерлердің орнына қазіргі заман талабына сай сұйық кристалды мониторлары бар компьютерлер  ауыстырған олар кез-келген бейнені анық ,таза етіп береді олардың денсаулыққа өздігінен зиян жоқ.

iPad-balaga-zyanba
Ал  iPad  болса тіптіде зиян емес заман талабына сай жасалғандықтан  iPad  көзге ешқандай зиян келтірмейді. iPad –ты балаға  ыңғайлы  етіп әріптерін қалаған пішінге келтіріп алуыңызға да болады. Сол себептенде кітаптан оқығаннан  iPad-тан оқыған ыңғайлырақ деп есептеледі.Мамандардың айтуына қарағанда баланың ойыншықтары өмірдегі шын бейнесін қайталап балаға анықталып көрсетілуі керек. Сол кезде бала тез әрі жақсы қабылдайды. Мысалы  iPad-та бала  көліктің жүргенін, дыбыс бергенін көріп шын өмірдегі қалпында көре алады. Ал кітаптағы бір орында ешқандай қимылсыз, дыбыссыз, жансыз  тұрған суреттер баланың ішін тез пыстырып, сол затқа деген қызығушылығын бірден жойып жібереді. Ал  iPad –та бала көз алдында ұшып бара жатқан ұшақты, жүзіп бара жатқан кемені көру арқылы өзінің танымын дамытып сол затқа деген қызығушылығын шын мәнінде арттыра алады. Қазір ХХІ ғасыр сол себепті балаларымызды заман ағымынан қалдырмай жаңа технологияларды үйретіп, қазіргі заманның талабымен ұштастыра  тәрбиелейік. Жаңа технологияларды үйреніп, балаларымызға үйретуден қорықпайық.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Акерке

    Әр нәрсенің пайдасы мен зияны болады. Жаңа технологияларды жас ерекшелігіне қарай дұрыс енгізу керек. Тілі шықпаған кішкентай балалар көп нәрсені түсіне алмайды. Сондықтан бұны да ескеру қажет.

  2. каракат

    көп ойнаса әрине зиян тек сабакка пайдаланган жөн

  3. Мөлдір Жұмажанова

    Технологияны баладан мүлдем шектеу керек емес! Дұрыс жазылған!

  4. Майра

    Айтуыңыз орынды, жаңа заманға сай тәрбиелеген жақсы баланы. Барлық жаңа технологияны да меңгергені жақсы, бірақ өзінің жас ерекшелігіне қарай, масалы, кішкентай ойын баласына дәу телефон, планшет керек емес деп ойлаймын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ