Бала тәрбиесіне Тибеттіктердің көзқарасы

Балаға ешқандай күш көрсету(ұрып-соғу) болмасын. Балаға қол көтерудің бірден-бір себебі, бала дәл солай жауап бере алмайды. Бірінші кезең бес жасқа дейін. Бұл кезеңде балаға «хан» секілді құрметпен қарау керек.

Ешнәрсеге тиым салуға болмайды. Егер қауіпті бір нәрсе жасағалы жатса, қорыққан адамның түрмен әр-түрлі дауыс шығару арқылы көңілін бөлген жөн. Бала мұндай тілді жақсы түсінеді. Дәл осы шақта баланың айналасындағы әлемге қызығушылығы өте жоғары болады. Бала бұл кезде тізбектелген логикалық іс-әрекеттердің мәнін түсіне бермейді.

Мысалы, ол бір қымбат затты сындырып қойды делік. Ол бұл затты сатып алу үшін көп еңбек етіп, ақша табу керек екендігін біле бермейді. Жазалауды күші басым адамның айтқаны дұрыс болады екен деп түсінеді. Сіз балаға заттарға ұқыпты қарауға емес күші басым адамға бағынуды үйретесіз. Сізге осы керек пе? bala-tarbiesi-baska-dasturlerdeЕкінші кезең бес пен он жас аралығы. Бұл аралықта баланы «құлша» жұмсау керек. Баланың алдына әр түрлі міндеттер қойып және оның орындалуын қадағалауыңыз керек. Орындалмаған міндеттері үшін жазалауға болады бірақ, күш қолданусыз.

Бұл кезеңде баланың ойлау қабілеті өте белсенді дамиды. Бала өзінің іс-әрекетіне айналасындағылардың қалай баға беретінін болжап, өзіне жақсы пікір қалыптастырып жаман қылықтардан бойын алыс ұстауды білу керек.

Осы уақытта баланың білімге құштарлығын арттыру үшін көптеген тапсырмалармен жүктеуден қорықпаңыз. Үшінші кезең он жас пен он бес жас аралғы. Бұл кезеңде баланы қалай тәрбиелеу керек? Қалай сөйлесу керек?

Өзіңіз бен тең адамдай. Жәй ғана тең адамдай емес кәдімгі өзіңіздің құрдасыңыз секілді. Бәрібір де сіздің өмірлік тәжірибеңіз бен біліміңіз көптеу. Балаңызбен барлық маңызды мәселелермен кеңесіңіз, жеке өзінің көз қарасын білдірген жағдайда мадақтап, қолдап отырыңыз.

Өзіңіздің қалауыңызды әңгіме барысында бірден білдірмей кеңестермен, мысалдармен айтып жеткізіңіз. Егер сізге бір нәрсе ұнамаса, сол нәрсенің жаман жақтарына көңілін бұруға тырысыңыз. Бірден  үзілді-кесілді тыйым салмаңыз.Дәл осы кезеңде баланың жеке көзқарасы және  дербес ойлау қабілеті қалыптасады. Соңғы кезең он бес жастан басталады. Балаңызға құрметпен қараңыз.

Тәрбиелеуге енді кеш, сізге тек өз еңбегіңіздің жемісін көру ғана қалды. Бұл ережелерді сақтамаған жағдайда қандай қиындықтарға әкеліп соғады? Егер балаға бес жасқа дейін жекіп дөрекілік көрсетсеңіз, онда баланың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын, ой өрісін басып тастайсыз. Оны тек қара күшке ойланбай ақ бағынуды үйретесіз. Осылай баланы әр түрлі оңбағандардың оңай олжасына айналдырасыз.

Егер бес жастан кейінде баланы еркелетіп басыңызға көтеретін болсаңыз ол бейқам, ұшқалақ, еңбекке құлықсыз рухани таяз адам болып өседі. Егерде он жастан кейінде оны кішкентай сәби секілді әлпештейтін болсаңыз, ол өзіне сенімсіздікпен қарап, өзінен әлде қайда сенімді достарына тәуелді болып өседі .Бірақ олар керек кезде оның қасынан табылмай қалуыда мүмкін.

Егер он бес жастан кейін оған құрмет танытпасаңыз, ол сізге  мұны кешірмейді және де бір күндері сәті түскен кезде үйіңізден бір жолата кетіп қалады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер15
  1. Жами

    Бала тәрбиеси улкен мәселе сол ушин кишкентайынан тәрбиеге ман берген жон!!оз басым 2 жастан жауапкершиликке уйреткен дурыс деп санаймын

  2. Нұрлан

    Мақала жақсы жазылған тек бұл пікір Тибеттік екендігін бірініші рет естуім, бұған дейін бұл пікірмен таныс едім. Негізі баланы дұрыс тәрбиелеуде осы әдіс дұрыс деп ойлаймын.

  3. Рахымғалиева Толқын

    Тал еккен кезде де оған күтім жасап,суарып,арам шөптердің жұлып,жақсылап қарасаң ғана мол жеміс береді. Балаларды да солай қарауымыз керек.

  4. Асель

    я дурыс келисем

  5. Мөлдір

    Бала тәрбиесі басты орында. Өз ойым 2-3жастан бастап қатты еркелетпей өз алдына міндеттерін қоя білген дұрыс ау. ойыншықтарын өзі жинасада. 5 тен кейін бңрден сенің міндетің десе тыңдата алмайсың ау

  6. Аружан

    Баланың тәрбиесі өте маңызды әсіресе осы заманда. Ата аналарға пайдалы мәліметтер,бірақ баланың тәрбиесіне тек ата анасы ғана қарауы керек деген сөз емес. Оларға қоршаған ортада тікелей әсер етеді. Балаларға жақсы тәрбие беру біздің міндетіміз. Олар сонда ғана елін,жерін ойлайтын ұлтжанды азамат болып өседі. Ағаш отырғызған кезде де оған күтім жасап,суарып,арам шөптердің жұлып,жақсылап қарасаң ғана мол жеміс береді. Балаларды да солай қарауымыз керек.

  7. Нарат Мейірбан

    өте пайдалы. ата аналар үшін пайдалы.

  8. Бисенбаева Мирамкүл

    Бала тәрбиесіне шығарылған осы мақала маған өз әсерін қалдырды. Біз өз балаларымызға ұрысып, бұйырып жатамыз. осы мақалада соның дұрыс емес екендігі жазылған.Балаға ешқандай күш көрсетпей өз айтқаныңды орындату. 15 жастан кейін құрметпен қарау әрине барлығы жақсы айтылған , орынды жазылған. Еркетай сайтыныа ,осы мақаланы қалдырған адамға мың алғыс. Өркендеп, өсе беріңіздер.

  9. Диана

    Бала тәрбиесіне назар аудару кезінде ата-анаға таптырмас көмек

  10. Ақерке

    Елең еткізетін көзқарас екен. Балам болған кезде осы айтылған кеңестерге жүгінетін боламын.

  11. Айымгүл

    Бала болашақта жақсы азамат,тұлға болып қалыптасуы үшін күшпен емес ақылмен тәрбиелеу керек. Сіз жазған мәліметті инстаграм парақшама жазсам болама

  12. Таңшолпан

    баланы еркелетип журсен 5 жастан кейин ес билгенде бала тындамай кететин сияктыго

  13. Динара Ерғалиева

    Балаға ұрысып тәрбиелей алмайсыздар қазіргі қоғамда. Бала ұрысқан сайын ерегесу деген жаман әдетті бойына жиып алады. Мына жоғарыда айтылған барлық сөздерді ой елегінен өткізіп оқу керек АТА-АНАЛАР! Бала тәрбиесі-үлкен мәселе . Сондықтан Тәрбиеге мән беріңіздер!! Көп рахмет! МАқала өте өте керемет. Ойларың ашық түрде жеткізілген

  14. Айгул

    Бұрын балаларды достыққа баулитын Леопольд мультфильмі болатын еді. Соны жарияласаңыздар екен. Алдын-ала рахмет.

  15. Айгул

    Өте жақсы. Түсінікті, әрі қысқа да нұсқа. Рахмет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ