Ағаштар

Ағаштар да басқа өсімдіктер тәрізді. Бірақ олар бір ғана маусым емес, бірнеше жыл, кейде бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді.
Ағаштардың ауаны тазартудан басқа да пайдасы өте көп. Олар көптеген құстар мен жәндіктерге қорек беріп, пана да болады. Аң-құстарды ыстық күннен, қатты желден және жауыннан қорғайды.
Олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі.
Ағаштар күзде жапырақтарынан айырылып, қыста жалаңаш тұрады. Тек шыршалар сияқты ине тәріздес жапырактары бар ағаштар суықтан қорықпайды, қысы-жазы жасыл қалпында сақталады.
Ағаштардың көп өскен жері орманды алқап деп аталады. Жер бетінің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр.

agashtar

ТЕРЕК
Қатар-қатар көк терек,
Көкке бойлап өседі.
Жапырағы көкпеңбек,
Сәнге бөлер көшені.

ЕМЕН
Білуші едім еменді,
Ең мықты ағаш дегенді.
Жапырағы жайылған,
Саясы бар көлемді.

АҚ ҚАЙЫҢ
Алатауды бөктерлей,
Өседі ылғи ақ қайың,
Жапырағы көкпеңбек,
Жайқалады жаз сайын.

Н.Әлімқұлов

ҚАРАҒАЙ
Көкке бойын созады,
Көпке Қолын созады.
Кең құшағын ашады,
Көлеңкесін тосады.
Көк қарағай,қарағай,
Мейірбанды анадай.

М.Әлімбаев

Пікірлер1
  1. Дилбар

    Өлеңдер ағаштар туралы сабақтар өткенде пайдалануға жақсы екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ