86400 «теңгеңізді» босқа жаратпаңыз!


Erketai / Фев.14.2015. / комментария 3

Елестетіңізші, күнде банкіден сізге 86.400 теңге береді. Бірақ ол ақшаны сол күні ғана жаратуыңыз керек, ертеңге қалдыруға болмайды. Осындай жағдайда не істейсіз? Әрине барлығын сол күні пайдалы да, керекті затқа  жаратуға тырысасыз.

Дәл осындай банкі барлығымызда бар ол банкінің аты — Уақыт. Күнделікті өмір сізге 86.400 секунд береді. Сіз істеріңізді бітіріп үлгерсеңізде, үлгермесеңізде ол күнделікті кешкісін сол күннің нәтижесін шығарады.

86400-sekund

Егер жылдың қандай болатыны білгіңіз келсе, оны бір жыл бұрын оқуға түсе алмай, қайтадан бір жыл өткен соң ғана студент атанған адамнан сұраңыз.

Егер айдың қандай болатынын білгіңіз келсе, бала күтіп жүрген жүкті әйелден сұраңыз.

Егер аптаның қандай болатынын білгіңіз келсе, оны апталық газеттің редакторынан сұраңыз.

Егер сағаттың қандай болатынын білгіңіз келсе, бір-бірімен кездесуді күтіп жүрген қос ғашықтан сұраңыз.

Егер минуттың қандай болатынын білгіңіз келсе, поезынан кешігіп қалған адамнан сұраңыз.

Егер секундттың қандай болатынын білгіңіз келсе, құдай сақтап жол апатынан(авария) аман қалған адамнан сұраңыз.

Егер миллисекундттың қандай болатынын білгіңіз келсе, Олимпияда ойындарында алтынның орнына күміс алып қалған спортшы желаяқтан сұраңыз.

Күнделікті сізге 86.400 секунд беріледі және сол күні кешке ол жоқ болып кетеді.Бұл уақыт текке өтіп  кетеме жоқ пайдалы болама ол тек өзіңе ғана байланысты.

Кеше-ол тарих, ал ертең- ол белгісіздік. Бүгін-ол нақ қазіргі кез. Күнделікті сізге берілетін 86.400 «теңгеңізді» болмайтын нәрсеге жаратпаңыз!

smile

комментария 3 Пікір қосу

  • Саналы түрде ойлана алатын кез-келген адамға ой салатын, күнделікті ісіне есеп беруге ықпал ететін тамаша мақала. Өзіме өмірлік ұстаным ретінде қолдануға лайықты деп білемін. Авторға рахмет. Күйбең тірлікпен жүріп күнделікті уақыттың да өлшеулі екенін де ұмытып кетеміз.

  • Cәлеметсіз бе? Сіздің сайтта Өзін-өзі тану пәніне арналған көрнекілік терге тапсырыс беруге болады ма? бастауыш сынып оқушыларына пайдалануға ұстаздарға арналған. Көрнекілік болса үлгісін көріп тапсырыс береміз.

  • Қандай тақырыпқа болуы керек? Қажет болса біздің дизайнерлер сіздің қалауыңыз бойынша көрнекілік суреттерін салып береді.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!