8 Наурыз мерекесінің шығу тарихы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары:

10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның  бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне  дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.

8-nauriz-tarihi


1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында  Клара Цеткин  8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды.  Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді. Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың  19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар әйелдер  өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді.  1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды.

Билікке Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз мерекесін мемлекеттік мереке  ретінде қабылдады. 1965 жылдан бастап бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленді.

Кеңес Одағы тараған соң да бұл мереке ТМД елдерінде аталып өтіледі. Қазақстанда,  Азербайжанда, Грузияда, Қырғыстанда, Молдовияда, Тәжікістанда, Түрікменстанда, Украинада, Беларусияда Халықаралық әйелдер күні болып тойланса,  Өзбекстанда «Аналар күні», Арменияда «Сұлулық пен аналар» күні ретінде 7-сәуір күні тойланады.

Пікірлер15
  1. нұрай

    рахмет автор сізге люлюғо❤❤

  2. Ляззат

    Керемет! біраз сауатымызды аштық, әйтпесе осы мерекені күтіп, сыйлық алып, сыйлап жүрсек те бұл мерекенің қалай шыққаны туралы білмейді екенбіз. рахмет автор!

  3. Жансая

    Осы 8 наурыз шетелден келген. Мұсылмандардың мерекесі емес деген пікірге қалай қарайсыздар?

  4. алтынай

    өте қызық

  5. Айгул

    өте қызық

  6. Ажар

    8-наурыз арналган видеоны создерди пайдалансам болма?

    1. Erketai (автор)

      Егер басқа сайтқа жариялайтын болсаңыз көшіруге болмайды.

  7. 123

    Менім ойымша бул мереке дал осы куні емес, басқа бір кунге койып мерекені Аналар куні дегендей кою керек секілді! Аналарымызды калайда куттыктауымыз керек емес па!? Исламда сыйлык беруге болмайд деген жок кой! Тек Алла озі бул казакты оятар! ИНШАЛЛАХ!!!

  8. куандык

    тема екен базара нет))))))))))))))))))))

  9. диас али

    өте қызықты маған ұнады

  10. Айгерим

    ote jaksi eken

  11. akalya

    kizikti kenester kop eken rahmet

  12. Akbota

    Jolda juru erejesin ustau bizge auadai kajet.sebebi kazirgi kezde,statistikaga suiensek,adam oliminin 60-70%osi temirden iagni,jol transporttarinin aserinen.en aueli,bundai jagdai bolmasn desek»jol erejelern saktau shart»

  13. Jasulan

    mende kosilam ote jaksi!

    sattilik tileim!

  14. Нургул

    бул жерден озине жане балаларга пайдалы кенестер алуга болады, маган унады. Рахмет ұжымдарынызга.
    тек саттилик тилеймин!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ