Қыз бала тәрбиесі және денсаулығы

Қыз бала-болашақ жар,болашақ ана. Сондықтан әрбір ана өз денсаулығын күту керек. Ананың дені сау болса ,ондай анадан он екі мүшесі сау бала да дүниеге келеді. Әйтсе де, қазіргі таңда болашақ ана атанатын жас бойжеткен қыздардың өздері теріс қылықтарға, жаман әдеттерге әуестеніп келеді. Шылым шегіп,ащы судың дәмін татқан нәзік жанды адамнан қандай сәби дүниеге келмек?Сондай жат қылықтарды бойына місе тұтқаны ма?Болашақ өмірінің қалай болатынын неге ойламайды екен?
қыз бала тәрбиесіСондықтан қазірден бастап өсіп келе жатқан қыз балаларымызға ненің бұрыс ,дұрыс екенін түсіндіріп ,санасына сіңдіріп тәрбиелеу біздің,яғни ата-ананың міндеті.«Анаға қарап қыз өсер,әкеге қарап ұл өсер» дегендей,қыздарымыз бен ұлдарымызды әр түрлі өнерге баулып отырсақ ,жақсы жетістіктерден көрінетініміз анық.
Баланың қандай болуы бірінші ата-анасынан,сондықтан әр ананың денсаулығының дұрыс болуы бірінші жолда тұр.Бүгінгі жас ұрпақ біздің көз алдымызда есейіп келеді.Ана деген ардақты сөзге лайықты болу үшін қыз бала өз мінезіне сай сыпайылығын,инабаттылығын сақтау керек.Өз денсаулығына аса мән беру керек.Дұрыс тамақтанып,таза ауада серуендеп,әдеби кітаптар оқығанның адам денсаулығына пайдасы зор.Ана денсаулығының жақсы болуы әрине отағасына да байланысты.Үйде дау-жанжалдың шығуынан да аналардың жүйкесі де тозады.Олар ауырып жатып қалса ,қадірін сонда түсінеміз.Барлық жұмысымызды анамыз орындайды.Өз ортамызда анамыздың қымбат екенін түсініп,дендерінің сау болуына үлкен көмегімізді қосып отырайық.Отанымыздың дені сау ұрпақтарын көбейткіміз келсе ,нәзік жандылардың денсаулығына аса мән берейік!
Сандибаева Жаннат Калидоллаевна
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы
№4 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер48
  1. Бибинур

    4қыз тәрбиелеп отырған анамын қыз бала тәрбиесі өте нәзік және өте тың мәселе денсаулығы өз алдына үлкен бір жауапкершілік ғой әр бір адам бұл мәселеде бей жай қарамауымыз керек

  2. Зине

    Қыз балаларға осы тақырыптар ұнайды

  3. Толғанай

    Қыз тәрбиесі өте маңызды. Тәрбие тал бесіктен деп бекер айтылмаған

  4. Акерке

    Дені саудың, жаны сау. Болашақ аналардың өздерін күту — дені сау ұрпақ әкелудің кепілі. Мақалада көтерілген мәселе өзекті болып табылады.

  5. Мадина

    Отанымыздың дені сау ұрпақтарын көбейткіміз келсе ,нәзік жандылардың денсаулығына аса мән берейік!

  6. Көркем

    Қыз баланың тәрбиесі мен денсаулығы аса маңызды әрине. Жалпы қандай адам болмасын бәрінің денсаулығы аса маңызды. Бірақ қыз баласы болашақ ана, ұрпақ тәрбиесінде аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сол себепті қыз баласының өзің өзі күтуі аса маңызды.

  7. Эльмира

    Өте жақсы мақала. Менде 3 қыз бала тәрбиелеп отырмын.

  8. Жауқазын

    Кыз баланы саналы урпак кылып иарбиелеу ол ар ата ананын тарбиеси уйынде не корсе барган жерине соны жасайды.Сол себепти кыз балага кол котерип неме дауыхс котереу керек

  9. Омарбекова Асем Сансызбаевна

    Қазақта қызға қырық үйден тиым деп бекер айтылмаған.Қыз баланы кішкентайынан дұрыс жол сілтеп, қыз қылығымен деп әрдайым есіне салып отыру керек.Қыздарымыз бен ұлдарымызға отбасында дұрыс тәрбие берілсе, қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлықты боларына кәміл сенемін.

  10. Балжан

    өте жақсы жазылған!Қызды қырық үйден тыю деген сөздің төркінін түсiнген жөн!

  11. Орынкүл

    Мақала өте тамаша шығыпты!Меніңде бір қызым бар жас ана болғандықтан тәрбиесін дұрыс беріп жатырмынба деп көп алаңдаймын.Солсебепті осындай мақалаларды көп оқимын!Сіздерге үлкен рахмет!

  12. Айнур

    Жаксы жазылган екен ?

  13. Ақбаян

    қыз бала тәрбиесі ең маңызды дүние деп ойлаймын

  14. Зухра

    мен оқыған мақалардың ішідегі ең құндысы

  15. Элмира

    Мән-мағынаға толы жазба екен!

  16. Гулжан

    Казіргі таңда ерте жүктілік жиі кездеседі. Қыз бала тәрбиесі өте өзекті тақырыптардың бірі

  17. жанар

    өте керемет мақала екен, мағынасы өте терең

  18. Сабина

    иа оте пайдалы акпарат! казирги танда асиресе кыз бала тарбиесине катты конил болу керек

  19. Маржан

    Жақсы өте құнды жазылған мақала екен!

  20. Динара

    Қыз бала тәрбиесі туралы жақсы ойлар айтылған

  21. Увалиева Жанна

    Қызды қырық үйден тыю деген сөздің төркінін түсiнген жөн!

  22. Алма

    Қыз бала өте нәзік, сезімтал, ерке болады екен. Ал тәрбиесіне анасы көңіл бөліп, әкесі еркелетіп, керегін тауып берсе болды. Себебі, қызды жоқшылық құртады деген де сөз бар.

  23. Кундызай

    Қазіргі заманның өте өзекті мәселеллерінің бірі деп ойлаймын,себебеі қызбала болашақ ана. Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керек.

  24. Жанар

    Керемет мақала екен. Шынында да қыз бала тәрбиесі қашан да өзекті мәселе ғой. Оған немқұрайлы қарауға болмайды.

  25. Эльмира

    Қызымның болашағы үшін мен де алаңдаймын, әрине ана болғандықтан, сондықтан осындай мақалаларды оқып, қызымның бойында жақсы қасиеттердің барлығы дарыса екен деген ниеттемін

  26. Алмагул

    Ерте заманнан ата-бабаларымыз сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Гүлге тән нәзіктік пен батырға тән батылдықты ақын — жазушылар шығармасына арқау етті емеспе?

  27. Айгерим

    Қыз өсіру ең жауапты іс,өзім қыздар тәрбиелеп отырғандықтан осындай мақалаларды көбірек қараймын,рахмет сіздерге!

  28. Мерей

    таптырмас пайдалы макала

  29. Майра

    Осындай жақсы мақалаларды жастарымыз оқыса нұр үстіне нұр болар еді.Кейде әттең дейтін кездеріміз кезесіп қалатын кездер боп қалып жатады өмірде.

  30. Айтбуби Нусипова

    Қызға қырық үйден тиым деген қазақта. Қыз бала тәрбиесі — ұлттың тәрбиесі.

  31. Жанылсын

    Қыз баланың өмірдегі басты мақсаты — болашақ жар, аяулы ана болу. Осы сөзді балиғат жасқа толғаннан бастап, олардың құлағына құя білсек, ұрпағымыздың жалғасы болары сөзсіз. Қыз баланың қылықты келіншек болуы, оның әкесіне байланысты. Отбасында әкесіне еркелеп өскен қыздан қылықты келіншек, аяулы жар, ардақты ана шығатыны сөзсіз. Балиғат жасқа толғаннан бастап, түрлі ақпараттармен таныстырып, білмегенін үйретіп, алда орын алатын түрлі жағдайларға қыздарымызды уақытында дайындау анасының борышы. Бұл мақала осы ойларды толық жеткізуге көп көмегін тигізеді.

  32. Жанерке Ертайқызы

    өте дұрыс айтасыздар. қыз еліміздің айнасы

  33. Аяулым

    Салеметсиз бе Сиздин макаладан коп зат тусиндим! Рахмет Енбегиниздин жемисин кориниз Кушти сайт ендиги узбей окуга болатын сайт! Алла разы болсын!

  34. Гулайша

    Қыз баланың тәрбиесін үлкен жауапкершіліке алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу — қазіргі отбасына үлкен міндет.Берген кеңесіңіз үшін алғыс білдіремін

  35. Салиха

    Сәлеметсіздер ме? Қыз бала- ұлттың болашағы. Ұлтымыз мықты болу үшін қыздарымызға дұрыс тәрбие беруіміз керек. Ал бұл тәрбие отбасында берілу керек. Себебі. қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз босқа айтылмаған. Азаматын сыйлаған үйдің шаңырағы әрқашан мықты болады

  36. Толқын Жұмабаева

    Берген кеңестеріңізге көп рахмет.екі қызым бар. Алдағы уақытта инабатты сыпайы болып өсулері үшін барымды салып жатырмын.анасына қарап бой түзейді ғой қыз балалар.

  37. Гүлзар

    Сәлеметсіздер .Сіздер қозғап отырған тақырып өте жақсы .Өйткені қазіргі қыз кейін ана . Тәрбие отбасынан басталады.Қыз баласының тәрбиесі анасына байланысты, қазақта тегін айтпаған «анасын көріп ,қызын ал»

  38. Ақерке

    Қыз баланың тәрбиесіне ерекше назар беретін қазақ халқымыз ғой, қыз өссе, елдің көркі

  39. Айнур

    Дұрыс жазыпсыз, әрине кыз бала болашақтагы Ана.

  40. Бисенбаева Мирамкүл

    Қыз баланың тәрбиесі әрине ол ұрпақтың тәрбиесі, Қыз тәрбилеп отырған ата-аналардың толғанысы көп болады. осы мақалада сол қыз баланың тәрбиесіне оң ықпал беретін, болашақ ана атанатын қыздарымыздың саналы болуына көп көмектеріңіз тиді деп білемін. Алғысым шексіз.

  41. Гулжаухар

    Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсін деп бекер айтпаған ғой. Өзіміз ана болған сон ана деген атқа ие болудын кандай жауапкершілік екенін түсініп жатырмыз

  42. Айжамал

    Расында да кейде тіршіліктің қарбалас сәттерінде балаларымызға толыққанды көңіл бөле алмай жатамыз. Бұл жерде қыз балалар ертеңгі жаны да тәні де сау абзал ана болу үшін дұрыс тамақтанып, кітап оқып, таза ауада серуендеу керек деп дұрыс айтылған Шынында да қазір кейбір қыз балаларымыз көбіне ұялы телефонмен уақыттарын өткізіп, кітап оқымайды, таза ауада серуендемейді

  43. Индира

    Қыз баланың тәрбиесі ата анасы тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Бүгінгі қыз ертенгі ана.

  44. Гулизат

    қыз баланы анасы тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Тұла бойына қарап отыру керек. Қыз бала нәзік гүл емеспе.

  45. Женис

    Жақсы жазылған екен

  46. Айжан

    Қазіргі заманның өте өзекті мәселеллерінің бірі деп ойлаймын,себебеі қызбала болашақ ана.Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып,әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы одан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу − бұл қазақтың ежелден келе жатқан философиялық даналығы деп білемін

    1. Erketai (автор)

      Өте дұрыс айтасыз.

  47. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Маған бастауыш сынып мұғалімі Сандибаева Жаннат ханымның жазған мақаласы ұнады. Өйткені өзім де отбасымда үш қыз бала тәрбиелеп отырған анамын. Сондықтан қыз бала тәрбиесі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлемін. Мақалада қыз балаға беретін тәрбие мен оның денсаулығы туралы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Расында да кейде тіршіліктің қарбалас сәттерінде балаларымызға толыққанды көңіл бөле алмай жатамыз. Бұл жерде қыз балалар ертеңгі жаны да тәні де сау абзал ана болу үшін дұрыс тамақтанып, кітап оқып, таза ауада серуендеу керек деп дұрыс айтылған Шынында да қазір кейбір қыз балаларымыз көбіне ұялы телефонмен уақыттарын өткізіп, кітап оқымайды, таза ауада серуендемейді. Бұл жағдайлар олардың ертеңгі денсаулығына зиянын тигізері сөзсіз. Бүгінгі нәзік қыздарымыз Отанымызға сау ұрпақ әкелетін ертеңгі аяулы ана екенін, сол «ана» деген ардақты атқа әрқашанда лайықты болу керектігін Жаннат ханым жақсы тілмен, жинақы оймен жеткізе білген. Рахмет сізге Жаннат ханым!!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ