Бет күтімі


Erketai / Сен.9.2015. / комментария 3

Жас ұлғайған сайын бет терісіне әжім түсіп ажарын жоғалта бастайды бұл табиғи нәрсе. Бірақ бұл үшін көңіл-күйді түсірудің керегі жоқ.Өйткені бет күтімімен айналысатын мамандардың айтуынша бет күтімін жақсартып және ұзақ уақыт жас сақтаудың бірнеше әдістері бар екен. Сіздердің назарларыңызға осындай әдістердің біршамасымен бөліскім келеді.

bet-kutimi

Спорт

 

Физикалық белсенділік жүректің және өкпенің  бұлшық еттеріне әрдайым бір қалыпты жұмыс жасауына көмектеседі. Бұл өз кезегінде терідегі қан айналымды жақсартады. Спортпен айналысу терідегі токсиндерден тезірек құтылып, тері жасушаларының жылдам жаңарып отыруына өте үлкен көмегін тигізеді. Себебі тері жасушыларының жиі жаңарып отыруы теріні тез қартаюдан қорғайды. Спортпен айналысар алдында міндетті түрде беттегі косметиканың барлығын жуып тастаңыз олай жасамаған жағдайда косметиканың аллергия туғызуы қауіп өтеі жоғары болады.

 

Көкөністер

 

Мүмкіндігінше сарғыш түсті жемістерді жеуге тырысыңыз. Мысалы: Сәбіз және картоптың құрамында бета-каротин, лютеин, зексантин, ликопин бар. Бұл табиғи заттар терінің зақымданған жерлерін қалпына келтіріп, жұмсақ болуына әрі теріге керекті деңгейде ылғалдылығын сақтап отыруына септігін тигізеді. Бұл көкөністердің теріге беретін көмегі бұл ғана емес  атап айтқанда жүгері, қызанақ, қызыл бұрыш және жұмыртқаның сарыуызы секілді жоғарыда айтылған көкөністер теріге түсетін күннің зиянды сәулелерінен нақты айтқанда ультракүлгін сәулесінің түсуінен сақтайды.

 

 Көк шай

 

Көк шайдің құрамында терінің қабынуына қарсы әсер ететін заттар бар. 2003 жылы Американдық ғалымдар көк шайдың  тері ісігінің алдын алып, зиянды ферменттердің дамуына тосқауыл қоятын қасиетін анықтаған.

 

Ұйқы

 

Ұйқының денсаулыққа беретін әсері өте көп. Ұйқы бет бұлшық еттерін босаңсытады өз кезегінде бұл жағдай бет терісіндегі әжімдермен сызықтардың тегістелуіне жақсы әсерін тигізеді.

Су

 

Күнделікті жеткілікті мөлшерде тұтынылған ауыз судың  бүкіл ағзаға маңызы өте орасан. Оның ішіне бет терісіде кіреді. Егерде сіздің теріңіз жеткілікті мөлшерде суды алып отырмаса, онда тері құрғақтанып, қабыршықтанып өзінің икемділік (эластичность) қасиетін жоғалтады. Құрғақ теріге әжім түсу қауіп өте жоғары болады. Терідегі ылғалдылықты арттырудың бірден бір жолы, душ немесе ванна қабылдап болысымен теріге  ылғалдандырғыш крем (увлажняющий крем) жағу керек.

smile

комментария 3 Пікір қосу

  • Балабақшада Iкиши және II кіші топқа музыкадан жылдық жоспары барма, рахмет

  • Саламатсыз, осы беттегі мақаланың тақырыбына қатысты пікіріңізді қалдырыңыз. Бұл форма сұрақ қоюға емес, пікір қалдыруға арналған және солай анық жазылып тұр.

  • Мақалаға рахмет! Пайдалы, қажеттілерін қолдандым!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!