Тіл кемістігін түзету бағытында балаларға көрсетілетін көмек түрлері


Erketai / Апр.18.2013. / комментария 3

     Атырау облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы ( реабилитациялық орталық) 2000 жылы Облыстық әкімшілік пен білім беру басқармасының қолдауымен мүгедек балаларға жан- жақты көмек көрсету мақсатында ашылды.

Реабилитациялық орталықтың негізгі міндеттері төмендегідей:

  1. психо-педагогикалық коррекция;
  2. медициналық реабилитация;
  3. даму мүмкіндігі шектеулі, ақыл-ой дамуының түрлі дәрежеде ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтік- тұрмыстық жағдайына бейімдеу;

Орталықтың негізгі емделушілер санын құрайтындар – мүгедек балалар, аз қамтылған отбасы балалары, балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілері, жетім балалар. Олар медико-педагогикалық комиссияның жолдамасым ен, ақыл-ой кемістігінің түрлі дәрежесі, психикасы мен тіл дамуының тежеулігі, логоневроз, аутизм,  Дауна ауруы т.б. диагноздармен келеді.

logoped-kenesi

Ұжымда өз саласында жан-жақты  тәжірибе жинақтаған мамандар қызмет етуде. Олар арнайы жоғары білімді логопед-дефектолог, психолог мамандар, музыка және компьютерлік сауаттылыққа  үйрету, хореография мамандары, дәрігерлер, емшібикелер, сол сияқты арнайы қысқа мерзімді даярлау курстарынан өткен тәрбиешілер. Дефектолог- логопед, психолог мамандар емделуші балаларға жеке оқыту бағдарламасымен жұмыс жүргізеді:

а) ұсақ және жалпы моторикасын дамыту;

б) сөйлеу және артикуляциялық аппаратын дамыту;

в) есте сақтау т.б. психикалық процестерін жетілдіру;

г) әлеуметтік- тұрмыстық өмірге бейімдеу;

Бұл мекеме Атырау облысы бойынша коррекциялық бағытта( түзету ) кешенді көмек көрсету бағытында ұйымдастырылған бірден- бір мекеме болып табылады.

Оқыту – түзету процесі, емдік шаралар  қазіргі заманауи  талаптарына  сай жабдықталған бөлмелерде жүзеге асуда. Аудио- видео техникалар кеңінен қолданылады.

Көрнекі құралдар мен ойыншық қоры, әдістемелік кітаптар жинағы бар

«Лекотека» бөлмесі, сенсорлық шаралар жүзеге асатын арнайы

« Снузелен» қондырғысы  бар бөлме, «Дельфа», «Эдуплей» логопедиялық тренажерлармен  жабдықталған бөлмелер бүгінгі таңда игі нәтижесін беруде. Сол сияқты әлеуметтік- тұрмыстық өмірге бейімдеу мақсатында жабдықталған бөлмеде дефектолог мамандар, тәрбиешілермен бірігіп сабақтарын өткізеді.Жылдық жоспар бойынша өтетін ашық тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, әдістемелік семинарлар т.б. шаралар өз ара тәжірибе алмасуға, жинақтауға, коррекциялық мақсаттарды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Орталықтың педагогикалық ұжымының соңғы жылдары қол жеткізген табыстарының бірі – ата-аналармен  тығыз байланыстың орнатылуы.

Өйткені дамуында шекткулігі бар балалардың ата-аналарына коррекциялық жұмыстарды  іс- тәжірибе  жүзінде көрсетудің маңызы зор екендігін әрбір тәрбиеші, маман жақсы түсінеді.

Ата – аналармен байланыс мына форма бойынша жүзеге асады:

« Отбасылық» клубы: семинар- практикум сабақтары, психологиялық тренингтер, ата- аналарға кеңес;

Ата – аналардың қатысуымен өтілетін  коррекциялық практикалық сабақтар,

«сіздің балаңыз», «логопед кеңесі», «психолог кеңесі» т.б. ақпараттық хабарлама бұрышын ұйымдастыру.

Сондай-ақ  жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу мақсатында  тәрбие жұмытарын мына бағытта жүзеге асырамыз:

Имандылық тәрбиесі, эстетикалық, ұлттық салт- дәстүр және отбасы тәрбиесі; патриоттық, адамгершілік тәрбиесі.

Бұл бағыттағы жұмыстарды күнделікті жүзеге асырып отыру мақсатында  балалар мен педагогтардың күшімен арнайы бөлме жасақталып, имандылық сабақтары сол бөлмеде және әр аптаның  әр жұмасында өтіп отырады.

Коррекциялық мекемелер мамандары мен тәрбиешілерінің қатысуымен облыс көлемінде семинарлар өткізіп, жоғары баға алып келеміз.

Апта сайын өтетін қуыршақ, көлеңке театры, спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар жарысы, психологтардың ұйымдастыруымен өтетін ертегі-терапиясы т.б. сабақтан тыс  уақытта ұйымдастырылатын шаралар – дамуына   ауытқышылығы бар балалардың жан-жақты дамуына игі ықпалын тигізуде.

 

Атырау балалар денсаулығын

қалпына келтіру орталығының

жоғары санатты логопед-дефектологы

Танзиля Байбаққызы Омарова

smile

комментария 3 Пікір қосу

  • Саламатсыздар! Маган логопед жоспарын калай куруга болмаса мысалга келтиретин жоспар жиберинизши

  • Салем! Өкінішке орай бізде сіз жазған материалдар жоқ. u z d i k t e r. b i z сайтына кіріп көріңіз сонда Логопед атты бөлім бар. Осы мамандық иелері өз жұмыстарымен бөліскен. Мүмкін сол сайттан іздегеніңіз табылып қалар.

  • Ұлым «К» және «Г» дауыссыз дыбыстарын айта алмайды, жасы 6 да. Интернеттан тек орысша сөздерді табамын. Қандай сөздер айтқызуға болады немесе қандай сайттан қарауға болады. Көмектесіп жіберіңіздерші.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!