Сәбидің мінез құлқын қалай жақсартуға болады?

Сәби кезендегі балаларда истерикалық айқайлау, мінез-құлқында ызалану және агрессия жиі болады, олар оны тілегіне жету үшін жиі қайталайды.
Сондықтан, отбасында біріншіден, тәрбиенің бағыттылығы мен бірдейлігі болуы қажет. Екіншіден, сәбиге өзінің тілегін көрсетудің басқа формаларын табуға көмектесу керек. Үшіншіден, мадақтау және пайда болған ашуды емдеу. Ашумен тілегіне жетпейтінін анасы сәбиге түсіндіру керек.
Онымен әртүрлі ойындар ойнауда, онымен мейірімділікпен қатынасып, жақсы көңіл-күй кезеңдерінде сәбидің жаман әрекеттерін қойдыруға болады. Сәбиде өзіне сенімділік сезімін тудыруға көмектесіп, жақсы мінез-құлқын мадақтау керек.
sabi-minezi
Ата-аналар келесі ережелерді сақтауы керек:
1. Жаттығулардың талабы және нұсқауларын анық қалыптастыру;
2. Жаңа дағдылар игеру жетістіктерін мадақтау, жаман қылықтарын елемеу;
3. Жаңа дағдыларды біртіндеп игеру, сонымен бірге жаман әдеттерін біртіндеп қойдыру;
4. Табандылық және зейін шоғырландыру іскерлігін қалыптастыру.

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Арал аудандық психологиялық –педагогикалық
түзету кабинетінің педагог-дефектолог маманы
Аширбекова Бахыт Нурсултановна

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Баян

    Ата-аналар келесі ережелерді сақтауы керек: 1. Жаттығулардың талабы және нұсқауларын анық қалыптастыру; 2. Жаңа дағдылар игеру жетістіктерін мадақтау, жаман қылықтарын елемеу; 3. Жаңа дағдыларды біртіндеп игеру, сонымен бірге жаман әдеттерін біртіндеп қойдыру; 4. Табандылық және зейін шоғырландыру іскерлігін қалыптастыру.
    Жақсы ереже

  2. Айгерим

    Ия. Балалар айғайлағанды түсінбейді. Оларға байыппен, ақылмен бәрін жіті түсіндіру керек қой. Сіздбен келісемін

  3. Зауре

    Қазіргі балалар бұрынғы балалар сияқты емес.Гиперактивный болып келеді.Мақалаңыздың маңызы өте зор

  4. Еркегул Даулетбай

    Мен балабақшада 8 жыл тәрбиеші қызметінде жұмыс жасап келемін, осы уақыт арасында қаншама баланың ашушаң, ренжігіш, кекшіл мінездерін жақсарту барысында біршама әдіс-тәсілдерді пайдаланып жүрмін. Соның ішіндегі баланың тәрбиешіге деген сенімін нығайтатын тәсіл — ол баланы құшақтап жақсы көру. Яғни шын жүрегіңмен құшақтап, қарсы алу. бала барлығын кішкентай жүрегімен сезеді. сол себепті баланы жақсы көріп қана қоймай қатты қысып құшағыңа алсаң болғаны.

  5. Баян

    Өзің мақтану үшін емес, баланың болашағына қарай тәрбиелеу керек.

  6. Гулизат

    менің тобымда мінезі ауыр балалар бар. осы кеңесті негізге ала отырып, ата аналар жиналысын өткіземін.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ