Ойын арқылы баланың тілін дамыту

oyn-arkili-balanin-tilin-damituБалалардың ақыл ойы мен мінез-құлығының дамуында-тіл маңызды рөл атқарады. Кішірек кезде тілді дамытудың негізгі түрі-ол ойын арқылы дамыту.Дәл осы кішкентай кезде бала ойынды қалай ойнаса,өскесін жұмысқа деген көзқарасы да солай болады.Ал ойынның түрлері әр түрлі болуы керек. Мысалы:сол балаларға әртүрлі суреттер,кітаптар,карточкалар немесе түрлі ойыншықтар көрсетіп, мынаны атап айт дегеннің өзінде баланың тілі дамиды деп ойлаймын.Бала ойын ойнаған кезде де сөйлеп ойнайды,сөйтіп оның тілі шыға бастайды.Ойын ойнау арқылы ол айналадығылармен танысып,көңіл күйі көтеріліп,біраз ойландырып,қарым-қатынас жасауға ұмтылады.Сол қарым-қатынас арқылы адамдардың қимылын,сөйлеген сөздерін миында сақтап қалып,өзі солай істеп,солай сөйлеуге тырысады.Яғни үйдегі ата аналар және сол балалармен қарым-қатынас жасайтын адамдардың мақсаты-ата-бабадан қалған салт-дәстүрге,адамгершілікке баули отырып,оларға ана тілімізді меңгертуіміз керек.

Авторы: Аркенова Майгүл Жеңісқызы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер20
  1. Аяжан

    өте дұрыс айтылған ойын арқылы баланың сөйлеу тілін, жадын дамытуға болады.

  2. Казна

    Жоғарыдағы мақалада өте түсінікті айтылған. Баланы ойын арқылы дамыту қажет

  3. Гулжанат

    Өкінішке орай қазір бала тілі кеш шығады, барлығы смартфон, телевизорға тәуелді

  4. Алма

    Баланы дамыту құралының бірі ойын. Қазіргі уақытта далада ойнап жүрген бала көрмейміз.Оған себеп, заманауи технологияны шектен тыс пайдаланып жатқанымызда. Ойын арқылы баланың қимыл-қозғалысы, ойлауы, сөйлеу қабілеттері дамиды. Сабақ барысында да көбіне ойын әдісін пайдаланғанда сабақ қызықты өтіледі.

  5. Амангүл

    Ойын арқылы да балаларымыздың болашақ көз қарасын қалыптастыратынымыз рас!

  6. Перизат

    Бала ойын арқылы дамиды. Қазіргі кезде телефон компьютер, планшет деген дүниелер шыққалы бала ойын дегенді ұмытыңқырап барады. заман талабына сай технлогияны меңгергені жақсы бірақ ойындардың да орыны маңызды

  7. Анар

    Мен өз балама әр турлі ойыншықтар алып берем. Аттарын тусін жаттатам. Қадағалап кунделікті сұрап отырам. Суреттер көрсетем. Әңгімеге тартам.Бала өзі көп сұрайды оғанда ашуланбай жауап берем. Қызықтырып айтсаң балада қызығат.

  8. Еркегул Даулетбай

    Баланың тілін дамытуға арналған өлеңдер, әндер, ойындар жиынтықтары болса өте жақсы болар еді.

  9. Оразамбаева Айжан

    Мен балабақша тәрбиешісімін.Бұл мақала маған ұнады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде: – балалардың сөздік қорларын дамыту: – жаңа іс – қимылдарын меңгерту: – үйренген сөздерін, іс –қимылдарын тиянақты, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Осы аталған міндеттерді үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отырамыз.

  10. Мулдир

    Ойын-бала тілін дамытудағы маңызды құрал.Ойын арқылы бала өз ойын айтады,эмоцисын көрсетеді,қуанады,т.б.Сол үшін ойын әдісін оқу қызметі барысында да қолданамыз.

  11. Асель

    я әсіресе кандай ойын ойнаған жақсы Менің ұлым қайталамайды

  12. Самал

    Әрине ойынның баланың дамуына әсері өте зор. Түрлі-түсті суреттер, ойыншықтар баланың дамуына өте пайдалы

  13. Камалова К.Ж.

    Балаларға суреттер, ойыншық түрлері,кітаптарды көрсетіп сұрау арқылы тілін дамытуға болады.Өте дұрыс атап өткенсіз

  14. Қарлығаш

    ОЙЫН БАЛАҚШАНЫҢ НЕГІЗІ ГОЙ БАЛАНЫ ОЙЫН АРКЫЛЫ КОП НАРСЕГЕ УЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ

  15. Аружан

    Өте дұрыс айтасыздар. Көптеген ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттырып,олардың тілін дамытуға болады. Бір жағынан олардың сөздік қорлары да осылай көбейе бастайды. Материал үшін көп рахмет.

  16. Гулмира

    дұрыс айтасыздар ойын арқылы баланың тілі дамиды

  17. Диана

    Еңбектеріңіз өте зөр. Жұмыс нәтижелі болсын

  18. Серікболсын

    Өте пайдалы дүниелер екен. Шығармашылық табыс тілеймін.

  19. Ақмарал

    Ия, керекті және жақсы сапалы мақалалар бар екен. Іздеген нәрселеріңді, көкейіңде жүрген сұрақтарға осы жерден жауап табуға болады екен.

  20. Оразәлі Гүлжауһар Мұхтарқызы

    Иә, балаға жастайынан салт-дәстүрді, тілді сүюге үйрету орынды. қазіргі кезде көп ата-аналар соны түсінбей балаларын орыс тобына, орыс сыныбына беріп жатады соның кесірінен балада сөйлеуге келгенде қиындықтар туады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ