Ойынның бала өміріндегі маңызы

Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?
Абай Кұнанбаев

Ойын – баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы. Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке шақырады, айналасын тануға көмектеседі. Бала ойында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, айлакерлік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

oinnin-bala-omirindegi-maniziОйын үстінде ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, бала өз еркімен есте сақтауға және қайталап айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады, ойлау қызметінде арттырады.

Баланың ақыл ойын дамытудағы дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойындар болып табылады. Осы мақсатпен ойыншықтар, суреттер, түрлі заттар таңдап алынады. Осы заттардың барлығы түрлі түсті және сапасы түрлі материалдардан жасалған, бала қолының шамасы келетіндей болуы тиіс.

Ойынның дамуын көп жағынан, балалардың ақыл-ой белсенділігінің қарқыны, олардың ойын әрекеттерін азды көпті ойдағыдай орындауы, ережелерді игеру дәрежесі, олардың эмоциялық әсерленуі, ойынға еліктеу дәрежесі шешеді.

Түзету кабинетінде балаларды ойын арқылы бақылап, түзету және ойын арқылы баламен қарым –қатынасқа түсе аламыз.
Арал аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті
 Педагог-психолог Дина Бисенбаева

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер14
  1. Баян

    баланың көңіл күйіне ғана емес оның дамуына үлкен септігін тигізері рас.

  2. Инкарим

    Ойын баланың ең бірінші қуанышы. Сол арқылы әртүрлі дамытатын жаттығулар мен жарыстар өткізу баланың көңіл күйіне ғана емес оның дамуына үлкен септігін тигізері рас.

  3. ТАЗАГУЛЬ

    Ойын баланың өміріндегі маңызды бір бөлшек. Фундамент десе де болады …

  4. Кундызай

    Мақала үшін көп рахмет, өте дұрыс айтасыз

  5. Асем

    Ойын бала өмірінде өте маңызды бөлік сол арқылы жан жақты жетіледі екен, және балаға шектеу қоймау қажет екен.

  6. Shahoni

    Ойын баланың өміріне маңызы зор. мақала үшін көп рахмет

  7. Оразамбаева Айжан

    Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді. Мақала жақсы құрылғын.

  8. Баян

    Дұрыс, ойын арқалы бала өз санасын, ойлау қабілетін, зергектігін т.б қасиеттерін дамытады, бұл өмірде қажет болады.

  9. каракат

    ойын арқылы бала дами түседі. логикасы жоғарылайды

  10. Мөлдір Жұмажанова

    Өте керемет жазылған, баланың өмірінде ойын деген оның мәні де, сәні. Оны жақсы жағына тартып, ойнағандарымыз дұрыс! Осындай керемет мақалаға көп рахмет!

  11. Майра

    Ойын баланың өміріне маңызы зор. мақала үшін көп рахмет

  12. Зейнегуль Касымбекова

    Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? Абай атамыз өте керемет жазған.

  13. Нұржайна

    Ойын әрекеті әлбетте баланың ең бастапұы еңбек әрекеті болғандықтан, ойынды ешқашан таса қалдырмауымыз керек болашақ педагогтар

  14. АРАЙЛЫМ

    Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да кіші топтан баланың әрекет қызметі ойын! Мақала жақсы құрылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ