Ерте солған тал шыбықтар тағдыры

Қазіргі таңда біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда мүмкіндігі шектулі балалардың көбеюі елімізді алаңдататыны белгілі. Десекте, бұл аталған жандарда өз тіршіліг үшін тағдыр тауқыметінмен алысып өмір сүріп жатыр. Осы мүмкіндігі шектеулі жандардың біздің қоғамымызда орны қандай?! Біз осы мүмкіндігі шектеулі жандарды «жеке тұлға» деп қағаз жүзінде қарағанымызбен іс жүзінде олардан бойымызды алшақ салып жүрген жоқпыз ба деген сұрақтар туындайды.

мейрімділік, балаға деген, бала денсаулығы, жанұя, ана мен балаБүгінгі біздің елімізде ғана емес бүкіл әлемді алаңдатқан бұл мәселеге қай ел болмасын бей жай қарамайтыны анық. Кемтарлықтың қыл бұғауын мойнына ерте ілген жандар біздің қоғамда қалай пайда болып жатыр?! Міне , бұлда біздің көкейімізде өзекті сұрақтардың бірі.Елімізде бұл аталмыш жандарға білім беру саласында барлық жағдайлар жасалуыда. Соның бірі 2011-2020 жылдарға арнлаған білім беру бағдарламасы. Оның ішінде инклюзивті білім беруге жағдайдың жасалу жолдары қарастырылғаны белгілі. Десек те жеке өз басымды толғандыратын мәселердің бірі тастанды, әрі мүмкіндігі шектеулі балалар тағдыры алаңдатады. Кей ата-аналар кемтар болып туылған балаларын туылмай тұрып бас тартқаны былай тұрсын, дүниеге әкеліп те бас тартып жатады.Кемтар дейміз ау, дені сау болып шыр етіп жарық дүние есігін іңгәлап ашқан сәбилерде жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан жайы бар. Ал, кемтарлықтың қазығына көгенделіп, тірі жетім атанып жатқан жұмыр басты пенделерді көргеніңде көз жас үйіріледі. «Өз ата-анамды тауып бақытты өмір сүргім келеді» немес «анашым әкешім мен сіздерді көргім келеді» деген сынды сөздерді естігенде ет жүрегің елжіреп еріксіз көз жасыңа ерік бересің. Жетімдер үйін мекендеп, ата-ананың ыстық ықыласы мен махаббатына зәру балалардың тағдыры қандай күйде өтіп жатыр десеңізші.Тіптен бұл балаларды, тасбауыр, кемтар, қатыгез, көше қаңғыбастары деп еш ойланбастан жазғыратынымыз тағы бар. Балалар үйіннен тәрбие алып, мектеп қабырғасынан шыққан түлектерді бірден қарттар үйіне өткізбесіміз анық. Жоғарыда атап өткендей бұл жандар қоғамымыздан алшақтамай әлеуметтік ортамызға бейімдеуміз қажет деп санаймын. Әрине елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың елімізге тигізіп жатқан үлесін атап кетпеуге болмас. Бірақ әлі де қаншама балалар көше кезіп, бір күндік өмірі үшін не бір жағдайларға тап болып жатыр. Дені сау адам бір күндік өмірін сақтап қалар, ал мүмкіндігі шектелген жандар ше? Сондықтан бір шатырдың астында өмір сүріп отырғандықтан, мұндай жандарға көптеп қол ұшын беруіміз керек деп санаймын. Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған халық дейміз, осы сөзді жадымызға іліп, әпке сіңілеріме айтарым, асықпай жүріп аңдап бас деген нақыл сөзді негізге ала отырып, тастанды бала тасбауыр анадан туылған деген сөзді айтқым келеді. Сондықтанда дүние есігін іңгәлап ашқан бөбегіміздің мойнына қатал тағдырдың тауқыметін артпайық. Ел боламын десек, бесігімізді түзеп, қыз тәрбиесін қолға алайық ағайын!

БҚО Бөкей Орда ауданы

Бисен Жәникешев атындағы

ЖББОМ дефектологі

Пікірлер7
  1. Баян

    Жақсы айтылған сөз ?Ел боламын десек, бесігімізді түзеп, қыз тәрбиесін қолға алайық ағайын!

  2. Насиева Фая Хисметуллаевна

    «Ерте солған тал шыбықтар тағдыры»-тақырыптың өзі елең еткізді.Мақала өте мағыналы жазылған.
    Күнделікті көзбен көріп,құлақпен естіссек те бала тағдыры алаңдатпай әлі қатыгездік орын алуда.
    Мақаланы оқып отырсан жүректі тебірентер қаншама сөздер жазылған.
    -«Мені бұл әлемнен құтқар «деп сәби жүрегі айқай салғандай.
    Құрметті Гүлжан Серікқызы сіздің жариялаған мақалаңыз көптеген аналарға,аруларға ой салады деген ойдамын.Мынадай ой толғаныспен мақала жариялағаныңызға рахмет.Мақала маған ұнады. Мүмкін осы мақаланы оқып тастанды бала,тасбауыр ана деген сөздер азаятын шығар.Жақсы мақалаларды жариялап отырған сайт әкімшілігіне алғысым шексіз.

  3. Динара Ерғалиева

    Алла тағала бізді осыншама қатігез болсын деп жаратпады….. Неліктен ? ТҮсінбеймін мүлде. Жетімдер дейміз. Ол бейкүнә балаларды жетім болсын деп ешкім дүниеге әкелмедіғой. Барлығы заманның емес адамның кінәсі. Жүректерінде титтейде болсын иманы, титтейде болсын мейірім жоқ адамдардың күнәсі. Аллам өзі сіздер жасаған күнәге кешірім берсін. Ит екеш итте олай жасай алмайтын еді.. ит құрлы болмайтын адамнан сақтасын. Автор ойыңызды жақсы жеткіздіңіз. Тақырыптың өзі өте әсерлі. Бірақ жүректі елжіретіп мұңға бөлейді екен. Кешіріңздер адамдар, мынадай мақала жазуға дейін бармайтындай іс-әрекет жасаңыздаршы. Мейірбан болайық!

  4. Мырзахметова Бану

    Ерте солған талшыбықтар мақаласы жақсы жазылған.Көкейде жүрген, күнделікті көріп жүрген жағыдай.Баланың ортадан шектелуіне, ата ана ортада байланысты. ондай жағыдай мен танитын бір баланың басынан өтті Дер кезінде қол ұшымды бергеніме ризамын. жетімдерді жебейік. Бірақта сол жетімдерді жылатып жүрген өз ортамыз,мүмкін өзіміздің таныстар.ондай жағыдайда оларға жөн сілтеп, қол ұшын созайық ағайын.

  5. Салтанат

    Мақала өте жақсы жазылған

  6. гаури

    ия шынымен өмірде болып жатқан оқиғалар жазылған, мұндай кемтар жандарға көп көмек қажет деп ойлаймын

  7. Алия

    Гулжан Серікқызының жариялаған материалы маған өте ұнады. «Ерте солған тал шыбықтар тағдыры» мақаласында мүмкіндігі шектеулі балалардың тағдыры сөз болған. Әрдайым мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, көмектесуден жалықпайық.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ