Дәрумендер денсаулық кепілі

Тақырыбы: «Дәрумендер денсаулық кепілі»

Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде  сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.

Ашық сабақ, дәрумендер , витаминдер, тәрбие сағаты денсаулық, көкөністер туралыҰйымдастырушылық кезеңі:

Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы» — дегендей сәлемдесіп алайық.

Тәрбиеші: «Қайырлы таң, балалар!»

Балалар: Қайырлы таң, Айнаш апай!

Қайырлы таң құрметті қонақтар!

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен,

Доспын енді сенімен.

Тәрбиеші балаларға жыл мезгілі туралы сұрақ қояды.

Тәрбиеші:

—         Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

—         Қыс мезгілі.

—         Қыс айларын атаңдаршы?

—         Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

—         Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

—         Суық болады, қар жауады, боран соғады.

—         Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?

—         Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.

—         Балалар сендер қыс мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ал дәрумендерді қайдан аламыз?

—         Көкөністерден, жеміс-жидектерден.

—         Жемістер қайда өседі?

—         Жеміс-жидектер ағаштарда өседі.

—         Көкөністер қайда өседі?

—         Бақшада өседі.

—         Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізде, көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.

—         Балалар мына суреттердегі  жемістерді атаңдаршы? /көрсету/

—         Ал енді көкөністерді атаңдар?

—         Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.

—         Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.

Мысалы:

«А» дәрумені:  қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .

Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.

/Тұмау келеді/

/Балалар бет перде киеді./

Тұмау:

—         Сәлеметсіңдер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен тұмау деген патшаларың боламын. Сендер мені тостыңдар ма? Мен жеміс-жидектерді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.

     Бала: Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырған да жоқпыз. Біз жемістерді жақсылап

жуып жейміз ғой балалар.

Барлық балалар:

—         Ия! – Ия!

Тұмау:

—         Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! Мен сендермен дос болғым келеді. Дос болмасаңдар сиқырлап тастаймын.

Бала: Біз сенің сиқырыңа сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз,

бетперде киеміз, дәруменді көп жейміз. Денсаулығымыз күшті.

Тәрбиеші: Тұмау жаман ауру. Егер тұмаумен ауырып қалсақ, қаліміз қандай болады?

Басымыз ауырады, ыстығымыз көтеріледі, достарымызбен серуенге шықпай қаламыз, мамамыз жұмыстан қалады, бізді дәрігерге апарады, балабақшаға бара алмай қаламыз.

Тәрбиеші: міне көрдіңдер ме, тұмау жүрген жер жақсы емес. Біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?

Балалар: Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек.

Тұмау сен онда біздің көкөністер мен жемістердің балалардың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін тыңда.

/Көкөністер мен жемістердің айтысы/

Қызанақ: Мен өте дәмдімін, адамдардың ас қорыту мүшелеріне пайдалымын.

Әсем нәзік, көріктімін,

Көктей жеуге болмайды.

Салатқа мені қосқанда,

Қияр қасымнан қалмайды.

Қып-қызыл болып пісемін,

Жәшікке лақтырып салмайды.

Жарылып қалам өйткені.

Қияр: Сен неге қып-қызыл болып мақтанып тұрсың? Менің де адам денсаулығына пайдам көп.

Сопақша көк өнім бар,

Пайдалы мөлдір сөлім бар.

Піскен кезде жинайсың,

Менің атым қиярмын.

Қазір ұзын сабағым,

Жан-жағына тарайды.

Қол ұстасқан баладай,

Бақшаны алып барады.

Картоп: Әй қойыңдар! Адамның екінші нанымын. Мен мақтаншақ картоппын. Ылғалды топырақ мекенім,

Сол жерде жақсы өсемін.

Жегенде жақсы тоясың,

Ұраға салып қоярсың.

Мен мақтаншақ картоппын

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Пияз: Егер картоп өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба!

Менсіз астың дәмі жоқ,

Күлдіре алмаймын,  жылайсың.

Ащы болсам да мені,

Базардан жиі сұрайсың.

Түшкірсең, пысқырсаң

Мен шипа боламын.

Сәбіз: Мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады.

Сары дәмді, ұзынмын,

Жер астына тығылдым.

Тартсаң шыға келемін,

Өсіп тұрған бұрымнан.

Күзде қазып аласың,

Тамаққа да саласың.

Егер мені көп жесең,

Биік, ұзын боласың.

Өрік: Мен жарықты, жылуды жақсы көремін, менің құрамымда иод көп.

Мен өрікпін, өрікпін,

Бақшамызға көрікпін.

Қара деген атым,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүретін,

Кейде менің қақым бар.

Алма: Менің жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда «А», «В», «С», «Д» дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.

Нарттай қызыл алмамын.

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Апорт:

Мені жесең дәрімін, бүйрек, асқазан, жүрекке,өзіме тән исім бар.

Апорт деген алмамын,

Жер жаратын атағын.

Мұндай алма кімде бар,

Алматы оның отаны.

Қарбыз: Мен жаздың ыстығында өте қажетпін, денсаулыққа пайдалымын.

Жинап досты, бауырды,

Ортаға алдық қауынды.

Жарып едік қауынды,

Қарық қылды ауылды.

Қауын деген қой сойдық,

Ой бәріміз бір тойдық.

Қанып қалды шөліміз.

Барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз.

Тәрбиеші: Барлығыңда дәмдісіңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көз тоймайтын кереметке,

Дастарханның сәнісіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге дәрігер апай келіпті, балабақшадағы топтарды аралап денсаулығын тексеріп жүр екен.

Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай!

Дәрігер: балалар қазір қыс мезгілі, тұмау жүріп жатқан кез, өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Балалар: Жақсы.

Дәрігер: Балалар сендердің топтарыңда ауырып қалған балалар жоқ па?

Балалар: Жоқ.

Дәрігер: Сендердің көңіл күйлерің, денсаулықтарың да жақсы екен. Сендер таза ауада көп серуендеп, түнде жақсы ұйықтағандарың көрініп тұр.Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?

Балалар: дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.

Дәрігер: Сендер қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер? Маған көрсетіңдерші?

Сергіту жаттығуы:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар атысып ойнаймыз,

Су өтер қолғаптан.

Тәрбиеші:

Дәрігер сендерге жапсыруды аяқта деген тапсырма бергісі келіп тұр, сол тапсырманы орындайық.

Ал дәрігер апай, біз сізге жұмбақтар жасырайық.

Жания: Қалың киінгенді ұнатады,

шешіндірсең жылатады. /пияз/

Мирас: Бірінші туратады,

Екінші жылатады /Пияз/

Тәрбиеші: Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты.

Ол не? /Пияз/

Дәрігер: Балалар, пияз туралы көп жұмбақтар біледі екенсіңдер, пиязды азық ретінде қолданады. Пиязда медицинада дәрі ретінде қолданады. Пиязды жесеңдер ауырмайсыңдар.

Тәттігүл: Мен бәрін естіп тұрмын. Пияз денсаулыққа пайдалы дейсіңдер , ал мен тәттіні жақсы көремін. /қолыңдағы заттарды көрсетеді/

Менімен дос боласыңдар ма?

Тәрбиеші: Тәттіні көп жеуге болмайды, көп жесек бізге қандай зияны бар?

Балалар: Бетіміз қызарады, тісіміз түседі, жүрегіміз айниды.

Тәрбиеші: Балалар тәттіні көп жесеңдер тамаққа тәбеттерің болмайды, тағамды тауысып ішпеген баланың денсаулығы да дұрыс болмайды.

Ойын: «Кім жылдам?»

Еңбек әрекеті: «Пияз отырғызу»

Пікірлер29
  1. Арай

    Дәрумендердің пайдасы,әсіресе қай жемісте қандай дәрумен бар екенін біле бермейтін адамдар да бар.Өте керемет мәліметтерге рахмет

  2. Молдир

    Дәрумендер жайлы толық жазылған екен. Рахмет

  3. Бахтыгуль

    Өте тамаша жақсы жазылған. Рақмет.

  4. Айгерім

    Өте тамаша сабак.бұл сабақ жайлы оте коп материал бар.балаларга бәрін үйретуге болады.ең жеңіл сабақ түрі.

  5. Асель

    Апайына үлкен рахмет, балаларға денсаулық жайлы, дәрумендер жайлы түсіндіріп жеткізе білді деп ойлаймын. Бала күнінен ненің жеуге болатынын, ненің жеуге болмайтынын білген бала болашақта денсаулығы мықты азамат болып өсері сөзсіз.

  6. Кгепогкушзр

    Маған дəрумен туралы өлең керек еді бірақ жазғандары ұнады

  7. Дильноза

    очень хороший урок

  8. Дильноза

    отлично

  9. биби

    маған ұнады өте қажет мақала қалай жүктеп алуға болады

  10. биби

    өте жақсы

  11. Нурсулу

    тамаша

  12. Гульзат

    Маган унады.Нагыз балабақша ушин қажетти материал екен.

  13. Ардақ

    қызықты сабақ,маған ұнады

  14. АЙгер

    керемет жаксыыы маган унады

  15. dinislam

    бұл тақырыпты қалай көшіруге болады?

  16. Гүлнұр Мирғалиқызы

    Тамаша,маған қажетті материалдар көп екен. Рахмееет!

  17. тіркелгеніме өте қуаныштымын.

  18. Акимжанова Шынар

    Өте керемет сайт

  19. Бұл маған өте қатты ұнады. рахмет

  20. Гүлнұр Абжанқұлова

    маған ұнады, дәл бізге керек материалдар көп,,,рахмет

  21. Қалай жазуға болады

  22. Асель

    Дені саудың — жаны сау

  23. Айнура Акпанбет

    Рахмет

  24. Малика

    маған ұнады

  25. мира

    тема!!

  26. Дәрумендер денсаулық кепілі

    mne nravitca

  27. Дәрумендер денсаулық кепілі

    бұл оқу іс-әрекеті маған ұнады

  28. Дәрумендер денсаулық кепілі

    маган бул сабак унады. калай кошируге болады?

    1. Erketai (автор)

      Сізде сайттың тақырыбына сай мақала жіберіңіз сізге қалаған бір мақалаңызды е-майл почтаңызға жібереміз!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ