Бір жасқа дейінгі сәбилердің жаттығулары


Erketai / Окт.21.2012. / Комментарии к записи Бір жасқа дейінгі сәбилердің жаттығулары отключены

1. Қолды бүгіп-жазу

Бастапқы қалып- нәрестені шалқасынан жатқызады.Нәрестенің қолынан ұстайды да, оны кезек-кезек бүгіп жазады. Мұны 6-8 рет қайталау керек.

2. Аяқтарын көтеру

Бастапқы қалпы -жоғарығыдай. Нәрестені сирағынан ұстап, алдымен бір аяғын тігінен жоғары көтереді, содан кейін бастапқы қалпына келтіреді де, екінші аяғын көтереді. Осылай алма кезек жасалатын жаттығулардың әрқайсысын 4-5 реттен қайталаған жөн.

3. Нәрестені отырғызу

Бастапқы қалпы- жоғарығыдай.
Нәрестенің қолын бір қолыңызбен ұстап, ал екінші қолыңызды санының астыңғы жағына тосасыз. Осы қалыппен нәрестені отырған кейіпке келтіресіз, қайтадан абайлап жатқызасыз. Басын қадағалаңыз. Бұл жаттығуды 2-3 рет жасаса болады.

4. Шалқасынан жатқан сәбиді етпетінен жатқызу.

Бастапқы қалпы- жоғарығыдай.
Нәрестенің сирақтарынан ұстап, екеуін бірдей жамбасымен қоса оң жаққа қарай аунатады. Мұндай жаттығу шалқасынан жатқан нәрестенің етпетінен жатуға рефлекторлы түрде қимыл жасауына ұмтылдырады. Мұны 2-3 рет жасайды.

1-zhaska-deingi-balalar-zhattigulari

5. Аяқты алма-кезек қимылдату

Бастапқы қалпы- жоғарығыдай.
Нәрестенің сирақтарын екі қолмен ұстап, велосипед тепкендей етіп, алма-кезек қимылдату керек.
Мұны 6-8 рет қайталайды.

6. Қолды иыққа қарай алма-кезек қимылдату

Бастапқы қалпы –бұрынғысынша болады.
Нәрестенің екі білегінен бірдей ұстап, кезек-кезек иыққа қарай бүгіп-жазады. Мұны 8-10 рет қайталайды.

7. Аттап бастыру

Бастапқы қалып- нәрестенің аяғын бүгіп, табанын столға тіреп, шалқасынан жатқызады. Екі қолмен нәрестенің екі сирағынан ұстап, алма-кезек аттап басқандай қимыл жасатады.
Мұны 10-12 рет қайталайды.

8. Бастапқы қалып- нәрестені етпетінен жатқызады.

Нәрестенің алдына түрлі ойыншықтарды қойып, оны алуға ұмтылған кезде нәрестенің аяқтарын алақаныңызбен тіреп, алға қарай жылжуына мүмкіндік жасаңыз. Мұны 4-6 рет қайталаңыз.Жаттығуларды жасар алдында сәбиді алғашқы күндері

аз-аз жасап үйретіп алған дұрыс.

smile

Пікір жазу жабық.