Баланы шынықтыру да маңызды іс


Erketai / Ноя.8.2012. / Пікірлер жоқ

Баланың денсаулығы мықты болып өсуі шынықтырусыз мүмкін емес. Шыныққан бала аз аурады, оның асқа тәбеті жақсы, ұйқысы да қатты, денесінің үйлесіміде дұрыс дамиды. Мұндай баланың
өміріде өте қызықты болады. Ол кез-келген ауа райында көп қыдырады, оған жаз кезіндегі жауыннан кейін көк майсада жалаңаяқ жүгіру, қыста қармен ойнап жүріп қолқабын сулап алу, шанамен, шаңғымен сырғанау, коньки тебу қауіпті емес. Ол балалар бақшасынан, кейін мектепте оқығанда сабақтан қалмайтын болады, барлығына үлгеріп жүретін болады.

densaulik


Шынықтырудың пайдасы мол екендігі  жұртшылыққа жақсы белгілі. Ата-аналар әдетте, баланы шынықтыруға қарсы болмайды. Бірақ көп жағдайда тек теория жүзінде, ал іш жүзінде олардың батылдығы, ұйымдастыруы, күнделікті күйбең тірліктің арқасында уақыттың жетіспеушілігімен аяқталып жатады.
Қандай ана баласын емізуді ұмытады? Қандай ана баласын тамақтандыруды ертеңге қалдыра алады? Ал осындай маңызды баланың болашық өмірінде пайдасы тиетін жұмыстарды ертеңге қалдырып ертеңінен келесі күнге қалдырады. Әкесі баласын салауатты өмір салтына қызықтыра білсе, және оның балаға болашақ өмірінде қандай пайдасы бар екенін жеткізе білсе, аса қиын шаруа емес. Ең бастысы үлкендер жағы шаршамай шын ынтасымен кірісіп қадағалауы тиіс. Сол себепті балаңызды жастайынан спортқа баулу керек .Балаңыз чемпион болмасада, болашақ өмірінде кездесетін жаман қылықтардан аулақ болады. Спортпен дос бала темекі, арақ тағыда басқа нәрселерден өзін аулақ ұстайды. Себебі спортпен айналысатын баланың досы да спортпен айналысады.
Спорт денсаулық кепілі.Баланың қандай болып өсуі ортаға да байланысты.

Баланы шынықтыруға жылдың кез келген мезгілінде кірісуге болады.
Шынықтыруды үзбей үнемі жүргізгенде ғана пайдалы. Күнбе күн оны тиянақты жасап отырмасаңыз, қол жеткен жетістіктерден айырылып қаласыз. Түнде ерте жатуын дағдылау керек. Кеш жатып ұйқысы қанбаған баланың таңертең еш нәрсеге зауқы болмайды. Біздің организміміз түнде ұйықтап күндіз сергек жүруге жаратылған. Өйткені
адам күннің жарығынан да организмге керекті витамин алады.Денсаулық зор байлық! 

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!