Дене тәрбие жаттығулары

1-бөлім

Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей  жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру.

Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді  жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын  жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м.

қашықтыққа бар екіпінімен жарыса  жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30

м. —8,5-7,5 сек).

2-бөлім

Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл топтағы жаттығулар негізі мынадай:

1.  Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

2.  Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

3.  Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

dene-tarbie-zhattigulariНЕГІЗГІ ҚИМЫЛДАР

3-бөлім

Секіру жаттығулары. Екі аяқты бірге ұстап, оң, сол жақтарымен 4-5 мжерге секіру; Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап  5-6 м. жерге секіру; биіктігі 20 см, заттың үстіне қос аяқтап секіріп шығу; ені 10 см. биіктігі15-20 см. болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіңдепсекіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см. биіктікке секіріп шығу; жүгіріп келіп 1м. ұзындыққа секір;  жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см. қашықтыққа секіру; өз бетімен секіртпемен секіру.

Лақтыру және қағып алу жаттығулары. Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап  алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі  аяқты  алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.

Еңбектеу және өрмелеу жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу; қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басыниіп астынан өтіп шығу; гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен, тақтаймен, баспалдақпен еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу; салбырата ілінген арқанмен ұстап,аяқтың көмегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу;   екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу.

Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен 1 кг, доптыдомалатып журу; орындықтың үстіне тұрып, қолындағы добын лақтыру (өзіне лақтырылған допты қағып алу); 1 кг, толтырылған допты төбеге, желкеге қойып, орнында бірайналып жүріп кету; қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ тұру; мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп, тізесін бүгіп ұзақ тұру; жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әртүрлі қимылдар жасап айналу; көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер34
  1. Жангуль

    өте керекмет

  2. Утегенова маржан

    Өте жақсы керемет

  3. Замзагуль

    мен ерте жас тобының тәрбиешісімін.Осы жаттығуларды пайдаланатын боламын.

  4. Еркегул Даулетбай

    дене тәрбиесіне арналған жаттығулар әр жасқа болсын өте қажет дүние

  5. Назира

    Маған ұнады

  6. Беспаева Айнаш

    Өте керемет жазылған. Бәрімізге пайдасы өте зор. Сіздерге рахмет!

  7. Сауле

    Балаларды кішкентай кездерінен бастап жаттығуға үйреткен дұрыс. Жаттығулар арқылы баланы жан-жақты дамытатын жаттығулар жасатқан дұрыс.

  8. Гүлмаржан

    Еңбектеріңіз жансын. Қаламдарыңыз ұштала берсін.

  9. Инкар

    Осындай топтамаларды көптен іздеп жүргем өте керемет пайдалы рахмет

  10. Ляйла

    Денсаулыққа пайдалы жаттығулар осында екен, балаларға керек нәрсе.

  11. Гулмира

    жаттығуларды өз тәжірбиемде қолданамын

  12. Насихат

    өте керек кеңестер екен .
    Тәрбиешілерге керек мағлұматтар екен

  13. Насихат

    Өте пайдалы кеңес екен. Тәрбиешіге ең керек мағлұматтар екен

  14. ascarova.muldir401

    Болашағымыз ,яғни балаларымыз физиологиялық тұрғыдан дұрыс қалыптасуы үшін осындай сайттардың көмегі орасан зор.Тәрбиешілер өзіне қажетті материалды жеткілікті түрде алады.

  15. Жанар

    Денсаулық зор байлық бағалап барыңды күту ол сенің болашағың жаттығулар керемет жасап көріңіздер

  16. ЖАДЫРА

    өте жаксы кеңестер.Күнде орындап жүрмін

  17. Жаныл

    Жаттығуларды жұмыс барысында қолданып жүрмін. Балалар белсенділікпен орындайды. Рахмет Еркетай сайтына!

    1. Кундызай

      Пайдалы кеңестер. Жаттығулар жасап жүрейік.

  18. Жанерке

    Маған унады дене жаттығулары балалар қызығатын дуние екен

  19. Жанерке

    Еркетай» сайтының жұмысы басқа сайттарға қарағанда өте тамаша деп айта аламын.
    Маған унады дене жаттығулары балалар қызығатын дуние екен

  20. Бибігүл

    сыныбымда өтетін әртүрлі іс-шараларда, ертеңгіліктерде, оқу қызметінде, Сондықтан осы «Еркетай» сайтының жұмысы басқа сайттарға қарағанда өте тамаша деп айта аламын. Еңбектеріңізге еселі табыс, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін дегім келеді. Көп рахмет сіздерге!!!

  21. Жансая

    Еркетай сайтына коп рахмет!Осындай педагогтерге комек колын созатын сайтка алгысым шексыз,шығармашвлык табыс тілеймиз

  22. Байдаулетова Венера

    Өте керемет дайындалған. Осы жаттығуларды қолданып жүрміз.

  23. айгуль

    дене тәрбие сабағынан бақшаға арналған ешқандай материал жоқ,дене тәрбиесінен үйірме жұмысы дегендей.жалпы жақсы сайт

  24. Гулизат

    мен ерте жас тобының тәрбиешісімін. дене тәрбиесін өзім жүргіземін. осы жаттығуларды пайдалансам болама

  25. Бакыт

    ОСЫ ЖАТТЫҒУЛАР МАҒАН ҰНАДЫ.ЖҮКТЕП АЛЫП ПАЙДАЛАНСАМ БОЛАМА?

    1. Erketai (автор)

      болады әрине

  26. Айкумис

    Осындай сайт бар екенін бүгін көріп тұрмын өте жасы екен рахмет алла разы болсын

  27. Қалабай Әйгерім

    маған ұнады

  28. Гонжа

    оте жаксы группа

  29. ерлан

    Неге таңғы жаттығулардың халыққа жағымды арнайы қазақша әуендері жоқ, көбіне орыс музыкасын пайдаланамыз

  30. каламакс

    өте жаксы кеңестер.Күнде орындап жүрмін

  31. Сауле

    Өте пайдалы мақала

  32. Сауле

    өте пайдалы кеңес

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ