Балалардың бәрі бірдей жүрсінші!!!


Erketai / Мар.11.2015. / 1 пікір

О, тәңірім бала біткен күлсінші,
Қайғы көрмей қамсыз өмір сүрсінші!
Мұндай дерттің бір дауасы табылып,
Балалардың бәрі бірдей жүрсінші!…
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың үйінде ата-аналар психологиялық күйзеліске ұшырайды. Ал, бұл жағдай шешімі табылмай отырған мәселелердің бірі. Отбасы – бала өмір сүретін, ойнайтын, ата-ананың мейірімділігін, ұйымшылдығын,қамқорлығын шын мәнінде түсініп, оларға жақсы көңілмен, махаббатпен жауап қайыратын туған үйі. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысады. Барлық отбасының басты міндеті баланы тәрбиелеу болып табылады. Ата-ана және отбасы мүшелері мүмкіндігі шектеулі нәресте дүниеге келген күннен бастап оның өміріне қамқорлық жасап, болашағына алаңдап, басқа сау балалармен бірдей тең тәрбиелеуге міндетті екендерін түсінеді. Мұндай баланың өмірге келуі ата-ананың терең күйзеліскетүсіреді. Ата-аналардың бір бөлігі мұндай оқиғаны үміттің үзілгені деп қабылдайды. Бәрі ақылды, дені сау, әдемі, он екі мүшесі түгел балалы болғысы келеді, баласының сәтті болашағын армандайды. Бірақ ата-ана мүмкіндігі шектеулі баласын сол қалпында қабылдай білуге тиіс. balalar-bari-birdei-zhursinshi

Мұндай балалардың өмірін ұйымдастыру тек қана педагогикалық емес, дәрігерлікте міндет. Мүмкіндігі шектеулі баланың ой-өрісін, зейінін дамыту үшін дефектолог-мұғалім де, ата-ана да, тәрбиеші де баланың ішкі жан дүниесін түсіне білуі керек. Тіптен отбасында мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі, дамуы, жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолайлы жағдайдың болғаны өте маңызды. Сондықтан қолдан келгенше бала дәрігеріне, мамандарға ертерек хабарласып, көруді, естуді, қимыл өрісін т.б. түзетуге бағытталған нақты көмектер мен пайдалы кеңестер алған жөн.
Қорыта келегенде, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуге бүкіл қоғам ат салысуымыз керек. Олардың өмірден өз орындарын табуға, өз-өзіне қызмет көрсетуіне, дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруына ықпал етуіміз керек. Дегенмен, ата-ана баласының болашағына бейжай қарамайды деп үміттенеміз.
«Жылап келіп, келмейді жылап кеткім,
Ол ғұмырды келеді бір-ак тепкім.
Жамандықты жақсартып, жақсылықты,
Онан сайын келеді қуатты еткім» — деп Мұқағали Мақатаев ағамыз айтқандай, балаларымыздың болашағына аса көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды сау балалармен бірге тәрбиелеп,оқытуға бел буайық. Балаларымыздың бәрі бірдей жүрсінші деген оймен үмітімізді үзбейік!
Арал аудандық психологиялық – педагогикалық
 түзету кабинетінің дефектолог – олигофренопедагог
маманы Аширбекова Бахыт Нурсултановна

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • мақала жақсы деп ойлаймын

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!