Анаға жасалған жағдай-балаға жасалған жағдай

         Бүгінгі таңдағы негізгі мәселе – ана құрсағындағы және дүниеге келген нәрестелерді аман сақтап, дені сау етіп өсіру.«Балалар-біздің болашағымыз» дейміз, ал олардың денсаулығына, тәрбиесіне аса көңіл бөле бермейміз.Ана мен бала арасындағы үндестік қашан басталады ?
Ананың аяғы ауырлаған кезде басталады десем жаңылыспайтын шығармын.Өйткені іште жатқан бала ана организімінде болатын өзгерістен әсер алатыны және оның денсаулығы анасының денсаулығы ғана емес, сонымен бірге көп жағдайда көңіл-күйіне де байланысты жетілетіні әлдеқашан дәлелденген.file000582850807

 Міне,бала жарық дүниеге келді. Анасы оны қолына алып,кеудесіне басып емізеді.Баласын емізіп отырған ананың жүзіне көз салсаңыз, қаншама тыныштық, мейрімділік шуағын көрер едіңіз. Ана оны жай ғана емізіп отырған жоқ, барлық ләззатын, мейрімін төгіп отыр. Оның сүті- бала үшін болашақтағы күш-қайраттың, денсаулықтың, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетінің көзі. Ана емшек сүтімен нәрестесін бес-алты ай тамақтандырғанның өзінде, бөбек салмағы екі есе өсуін қамтамасыз етеді.

Әрине,мұндай жетістікке қолдан жасалған тамақпен де жетуге болады. Емшек сүтінің жұғымдылығы қазіргі қоспа тамақтың құрамына толық енгізілген. Бала қажетті белокты, майды, көміртегін, минералдық тұздарды, витаминдерді пропорциялы қатынаста қоспа құрамынан алады. Ересек адамдардың музыкасыз немесе гүлсіз өмір сүре алатыны сияқты, бала да ана сүтінсіз өмір сүре алады. Бірақ біз балаға ең жақсы жағдайды, оның жан-жақты жетіліп өсуіне толық мүмкіндік жасауды қалаймыз.

Ана сүтінің құрамында сәбиге қажетті барлық дәруменнің түрлері бар. Көп аналар сәбиін емізер алдында сүтін сауып тастап емізеді.Бұл дегеніміз сәбиді Д дәруменінен шектеу болып табылады өйткені осы алғашқы сауып тастаған сұйық сүтте сәбиге қажетті Д дәрумені болады.Қосымша тамақты ерте беру сәбидің ішек жұмысын ондағы пайдалы заттардың сіңуіне кедергі болады.Емшекпен тамақтандырудың ең басты пайдасы сол, ана сүтімен балаға организмнің ауруларға қарсы күресін күшейтетін қорғаныш антитела беріледі.

Мұның ерекше маңызы бар, оның пайдалылығы онымен бітпейді. Емшек сүтінің шын мәнінде өте сирек кездесетін қасиеті көп, біз оны білуге тиіспіз.Ана сүті- биологиялық жағынан активтілігі мол зат. Оның активтілігінен нерв қоздырушы химиялық қозғағыш (медиаторлар) пен гормондардың болуы қамтамасыз етіледі.

Осының арқасында ана сүті баланы тойдырып қана қоймай, оның организмінің маңызды қызметтерін реттеуге көмектеседі.Организмнің қоректік заттарға деген қажетін қолдан жасалған қоспа сүтте толық қамтамасыз ете алады. Бірақ қоспа сүт қана емес, тіпті сауып алып шөлмекпен берген емшек сүті де баланың қанағат сезімін туғыза алмайды. Бала емшек емгенде ғана толық қанағат алады. Ана сүтінің ағысы оның аяғы ауыр кездегі бөлінбес бірлігін одан әрі жалғастырады.

Ол ана организмінің күш-қуат беретін жасампаздық әсерін әлсіз, дәрменсіз бала организміне жалғастыра түседі.Ана баланы кеудесіне қысып, омырауын тосқан кездегі тыныштық, үнсіздік және мейрімділік, жүрегінің соғысы да тына қалатындай сезімге бөлейді. Осы бір тыныштық ұялатқан тылсым шақты балаға әсер ететін нәзік құрал деп қарауға болады. Сонымен, ананы билеген жағымды сезім баланың жағымды сезімін тудырып қана қоймай, сонымен бірге оның дене табиғатын да жақсартады.

Егер анасы үнемі жағымды сезімде жүретін болса, баласы ерте күлетін болады, алғашқы сөзін ертерек айтады, аурып қалу қауіпі азаяды, тіпті сырқаттанып қалған жағдайда да тез жазылатын болады.Мейрімді және жарқын аналардың балалары да мейрімді, сезімтал,ашық жарқын болатынын психологтардың көптеген бақылаулары көрсеткен.

Кейбір мамандар мұндай балалардың шығармашылық қабілеті ерекше көрінетінін байқаған және бұл бақылаулар ана күтіміне, әсіресе емшекпен емізудің психологиялық әсері жайындағы ғылыми болжамдарға толық сай келеді. Ана мейрімділігі мен махаббаты бала танып-білетін болашақ әлемді ашық өрнектейді, өз күшіне толық сенуге мүмкіндік туғызып, күтпеген жерде батыл шешімдер жасауға оған күш береді.Нәрестенің дамуындағы әрбір кезең-шын мәнінде шығармашылық туынды.

Баланың өз аяғына нық басып кетуіне, сөйлеуіне, қолмен қазғаннан, таяқпен құмды қазу ыңғайлы екенін, кубикке кубикті қойып мұнара жасау керектігін түсінуге бірнеше жыл ғана керек. Осындай шығармашылықта ойлануға және белсенді әрекет жасауға баланың анасы ғана түрткі бола алады.Ғалым физиологтардың, психологтардың, педиатрлардың зерттеулері бойынша: балаға жақсы болуы үшін, әуелі анасына жақсы жағдай жасалуы керек.Әйелдің көңіл-күйі жанұяда орнаған жағдайға, үй ішінің тауқыметіне және оның қаншалықты ауырлық дәрежесіне, ең алдымен күйеуінің оған қатынасы мен мінез-құлқына байланысты.

Бала емізу-әйелдің көп күш-қуаты мен жан дүниесін әлсірететін процесс екенін ерлер білуі тиіс. Сондықтан да әйелдер осы үлкен жүкті көтере алуы және өзіне-өзі сенімді де байсалды болуы үшін төңірегіндегілер оны барлық жағынан қолдап, қиыншылықтан қорғап, көмктесіп отыруы керек.Емшектегі баланы аман сақтау-жанұяның жалпы қамы, сондықтан барлық күшті жұмсап, бұл қамқорлықты үзбеу керек.Емшек сүті мүлде аз болса да, баланы одан айырмаған дұрыс.

Ана сүтінің әрбір тамшысы қымбат ал оны емізу арқылы баланы жігерлендіру әсері одан да қымбат.Ең соңында, ешқандай сүт болмаған кезде емшек емізуді жалғастыру үшін балаға да, анасына да қолайлы психологиялық жағдай жасау қажет: баланы керуетте жатқанда емес, ана қолының жылылығын, анасының күлімсіреген жылы жүзін көріп, мейрімін сезетіндей ыңғайлы қалыпта қолға алу дұрыс болады.Ананың киген киіміне де бәрі бір деп қарауға болмайды.

Себебі нәресте алғашқыда назарын сол киімге аударады, әсіресе ашық түсті киімдер оның киімін бөлгіш келеді. Баланы анасының қызыл немесе қызғылт сары киімі қуантады. Осы қаныққан жаңа бояу ол үшін анасының мейрімділігімен назын білдіретін, ол үшін әлемді сезінудің қуанышты белгісі болып табылады.Балаға алғашқы күннен бастап жасалған қуанышты көңіл-күйді оның барлық балалық шағында толық сақтау өте маңызды.

Оған әруақытта шалт-көңілділік жасай білу керек, яғни ата-анасымен «тілдесуді», шығармашылық байланысты, жағымды түйсік пен сезімді үнемі кеңейтіп отыру маңызды.Ана сезімі әруақытта баланың белсенділігін өзінің белсенділігімен алмастыруға жаңа жол іздейді, әруақытта соның қасында болып, барлығын соған ғана жасасам, дейді.

Бірақ ол есейген сайын мұндай тілектер жүзеге аз асырылады. Сонда осылай істеу қажет пе? Анасы болашақта тіпті баласының қасында болса да, одан мүлде қашықта жүрсе де, тіпті ол бұл дүниеде болмаса да, ана оның тәлім алатын тірегі болып қала береді. Анасының бір кезде игі ниетпен берген тілек-батасы, шын мәнінде өмірге жол ашады, әрқашанда адамға көмектеседі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
ErKeTai.KZ