Баланы сыпайылыққа тәрбиелеу

Адамның мәдениеттілігін ең бірінші оның сыпайылығы білдіреді. Сыпайылық танытпай адамдармен тез тіл табысып кетуде қиындау болады. Сондықтан да ата-аналарға айтарымыз балаңыз есін білгеннен бастап оған айналасындағы адамдарға сыпайылық танытуды үйретіп өсіргеніңіз жөн. Кей балалар сыпайылықты бойына тез сіңіреді, ал кейбіріне бұл әдетті үйретуге ұзақ уақытты қажет етеді.

Сыпайылықты баланың бойына сіңіру үшін қандай шараларды жасау қажет?

sipailik-tarbiesiАта-аналардың әрқайсысы балаларын сыпайылыққа тәрбиелеуді әр түрлі жастан бастайды. Кейбірі бұл әдетке баланы сәби кезден бастап дағдылау керек деп санайды, ал кейбірі ой қалыптаспаған жас балаға сыпайылықтың не екенін түсіндіру мүмкін емес деп ойлайды. Шын мәнісінде жас кезінен баланы осы әдетке дағдылаған дұрысырақ. Өмірге келгеннен бастап бала белгілі бір ортада өседі және ол айналасында болып жатқан әр-түрлі құбылыстарды өз бойына сіңіреді. Осы ортада ол кішкентай сәбиден, өзінің жеке ойы бар айналасындағы адамдарға өз ойын жеткізе алатын кішкен адамға айналатын үлкен қадам жасайды. Дәл осы шақта оның сыпайылық мінез-құлық нормалары қалыптасады.

Балаға ата-анасының жақсы бала қандай тәртіпті сыпайы болу керектігі жайлы айтқан сөздері әсер етпейді.Бала айналасындағы ересектердің өз араларында қалай қарым-қатынас жасайтындығына қарап үлгілі алады.

Егер жанұяда сыпайылық қарым-қатынас болса онда бұл жағдай балаға әдеттегі қарым-қатынас жолы ретінде қабылданады. Мұндай жанұяда баланың сөздік қорына «сиқырлы сөз»  ерте жастан қосылады. Ал бұл жағдай ата-аналардың арнайы педагогикалық араласуын қажет етпейді.

Бір-бірін сыйлап, бір-бірінің пікірімен санасатын жанұяда тәрбиеленген бала өзіде үлкендерден үлгі алып тәрбиелі сыпайы болып өседі. Баланы тәриелеудің қажеті жоқ алдымен ересектер өз-өздерін тәрбиелегені жөн, өйткені бала ата-ананың айнасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер12
  1. Акерке

    Сыпайылық адам бойындағы жақсы қасиет. Сыпайылық танытқан балаларды көріп тамсанасын, ата-анасы қандай жақсы тәрбие берді деп. Біздің қоғамда бұл мәселені көтеру орынды.

  2. Салтанат

    Сыпайылық отбасынан берілетін тәрбие. Отбасының әр мүшесі бір-біріне сыпайылық таныта білсе, сол арқылы әр баланың бойында қалыптасады. Ал «Сен сыпайы бол деп» — айтқаннан ешкім сыпайы болып кетпейді. Сыпайылықтың қандай болатынын бала көріп өсуі керек.

  3. Айнур

    Барынша балага конил болип.аналык махаббатын беру керек

  4. Ақбаян

    баланы сыпайы етіп тәрбиелеу әке шешесінің яғни отбасының берген тәлім тәрбиесінен болары сөзсіз

  5. Салтанат

    Керемет тақырып. Расында баланы сыпайылыққа тәрбиелеу үшін баламен сыпайы болған жөн. Баламен қарым-қатынасты жақсы жағынан көрсеткен дұрыс

  6. Увалиева Жанна

    Менiң ұлым сыпайы болып өсiп келеді. Балаңызды мейлінше көбірек құшақтаңыз! Оның ең жақсы бала екенін өзiне айтыңыз

  7. Замзагуль

    Дұрыс айтылған сөздер! Бала ата-ананың айнасы, көп уақыт отбасында өткендіктен, тәрбие тал-бесіктен деп бекер айтылмаған!

  8. Рахымғалиева Толқын

    баланы сыпайы етіп тәрбиелеу әке шешесінің яғни отбаының берген тәлім тәрбиесінен

  9. Оразамбаева Айжан

    Тамаша! Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіреміз.

  10. Динара

    Керемет. Бала ата ана айнасы дейди. Қазір менің қызым 3 жаста.
    Баланың жүріп тұруы , мәдениеттілікті,тазалықты осы бастан бастаған жөн деп есептеймін. Қызыма қанша үлкендерге сіз деп айту керек деп түсіндірсемде , ұмытып кетеді. Үйде жолдасыммен мүмкін сіз деп сыйласуға көшу керек шығар деген ойым бар!сіздер қалай ойлайсыздар?

  11. talshin

    Салеметсиздер ме. Мен сиздерге тиркеле алмай журмин. Маган калай комектесетин бере аласыздар.

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелу формасы сайттың төменгі бөлігінде орналасқан. Сол жердегі «Тіркелу» деген сөзді басыңыз. Содан соң тіркелуге арналған форма көрінеді. Толтырып болған соң почтаңызға пароль жіберіледі. Почтаңызға жіберілген парольмен сайтқа тіркелгендегі логиніңізді(логинді латын әріптерімен жазу керек)жазып сайтқа кірсеңіз болады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ