Балалы үй базар


Erketai / Окт.23.2014. / комментария 2

balali-ui-bazar

Тұңғышым дүниеге келгенде, менен асқан бақытты адам болмады. Бала деген өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Ал екінші бөбегімді көтергенде дәрігерлер баланы жасанды түсік жасту керектігін айтты. Себебі бауырыма эхегакок құрты жабыскан. Баланы алдырып дереу бауырға ота жасау керек деп түсіндірді. Мен тірі сәбиімді колдан калай өлтірем деп келіспедім. Дәлізге шығып кетіп, көзімнің жасына ерік бердім. Құрсағымды алақаныммен сыйпаған сайын, бөбегімнің қимылын сезем. Жүрегім аузыма тығылып, алай-дүлей күй кештім. Дәрігер ақыры ойласа келе, бір ай өткізіп тағы тексеруден өтесін деді. Егер құрттың көлемі ұлғаятын болса сөзсіз келісуме тура келетінін айтып тусіндірді. Бір ай өткізіп тексеруден қайта өттім. Бауырға жабысқан кұрт үлкеймепті. Сонымен тоғыз ай тоғыз күн дегенде аман-есен қыз босандым. Сол кездегі жұбайымның бақытты жүзин көргенімде, өзімді ерлік жасағандай сезіндім. Зәулім үйіміз, қымбат көлігіміз болмасада жер бетіндегі ең бақытты отбасы біз деп ойладым.
Кейін бауырға ота жасатып дертімнен кұлан таза айықтым. Қазір төрт баланың анасымын.
Осы күндері жағдайымыз жоқ деп жасанды түсік жасата салатын қыз-келіншектеріміз көп. Көкек аналарда көбейіп барады. Бала сүю бақыты кез-келгенге бұйыра бермейтін бақ екенін солар тусінсе деймін.
Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деп тегін айтылмаған. Балалары шулап жатқан шаңырақ ең бақытты шаңырақ!.

Мақала авторы: laurita_8078

smile

комментария 2 Пікір қосу

  • куаныштымын сіз ушін, жети рет олшеп бир рет кес деген гой бурынгылар

  • Сіз ерлік жасағансыз! Қазақтың әрбір жас келіні Сізден үлгі алуы керек!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!