Аялаған ақ анам


Erketai / Апр.25.2015. / комментария 2

ayalagan-ak-anam

Ана, өмірдегі ең әдемі де, қасиетті сөз. Шыр етіп дүние есігін ашқан кездегі ең алғаш көретінің де осы ана. АНА сөзі жуан дауыстыдан тұрғанымен құлаққа әсерлі де, нәзік естіледі екен. Ана бізге сәби кезімізден бастап тілек тілегеннен өзіміз ана болып бала тәрбиелейтін ересек адам болсақ та, сол баяғы сәби кезімізде тілеген тілегін тілеуден шаршаған емес. Анасы бар адамның ешқашан қартаймайтынын осыдан — ақ білуге болады екен ау.
Құрсағына шарана болып біткеннен бастап біз анамызға қарыздар болады екенбіз. Тоғыз ай бойы бойында ұстап, қабырғасы қайысып, омыртқасы ойысып, тар құрсағын кеңіткен анамыздың бізге деген махаббатын біз сезіне ала ма екенбіз?! Пайғамбарымыз «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ана алдындағы қарызыңды өтей алмайсың» деген екен.
Ана балсының түзу жолмен жүргенін қалайды. Ана баласының биіктен көрінгенін қалайды. Баласының денінің саулығын, өмірінің амандығын тілейді. Дауысын көтеріңкіреп сөйлесе баласының жақсы болғанын қалайды. Ана сөзін өзімізше көңілімзге алып қалсақ та, жарты сағат уақытқа жетпей алдымызда отырған анамызды сағынып кетеміз.
Ана — бізідің өміріміздің сәні, ажары, жып — жылы шуағы, айналамыздағы құлпырған гүліміз. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін баға жетпес ең асыл да, қасиетті жан. Аналар әлемі мәңгілікке күндей жарқырап, гүлдей құлпырып тұрғай. Аналар мәңгі жасасын!!!

Бастауыш сынып мұғалімі: Сермағанбетова Гүлнұр Мұқанқызы

smile

комментария 2 Пікір қосу

  • Құрметті,Гүлнұр Мұқанқызы! Сіздің Ана жайлы ой толғанысыңызды оқып бір тебіреніп қалдым. Расында да жас кезімізде аналардың қадірін жақсы біле бермеппіз. Өзімнің анам бұл дүниеде болмаған соң айтып отырмын. Мынадай әдемі сөздерді кейде тауып жеткізе алмай жатамыз. Негізінде тәрбие көрген адам баласының барлығы аналарын сыйлайды,құрметтейді. Қазіргі заманда тойлардағы тілектің өзі өзгеріп,құнарсыз болып бара жатыр. Рақмет!

  • өте керемет шығарма маған ұнады

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!