Анама хат

Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана- кімнің де болса өміріндегі ең жақын адам. Мен бақыттымын, себебі анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды » деген сөздің мәнін терең ұғынып келе жатқандаймын. Анаң бар кезде , қай жаста болсаң да анаң үшін сәби болып қала береді екенсің… Кейде анасы жоқ балаларды көргенде көңілім бір түрлі құлазып қалады. Кез – келген адамның жан дүниесі алдымен ана жүрегінің жылуынан басталмай ма ?! Бойымыздағы жақсы қасиеттер де алдымен анамыздың ыстық құшағынан, жұмсақ аялы алақанынан таралмай ма ?! Аналық махаббат пен жан жылуын сезінбей өскен балалардың қатал тағдырына кейде аяушылықпен қараймын. Олардың қасында өзімді бақытты сезінемін. Өмірде ана алақанының жылуы мен әкенің мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды емес пе?!
Ана! Сіз мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлғасыз. Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзеймін. Өзіңізбен бір күн сырласпасам, бала жүрегім сізді сағынып тұрады. Еркелеткеніңіз, құшақтап сүйгеніңіз, кейде ренжіп ұрысқаныңыз — бәрі де маған деген аналық ыстық махаббатыңыз екенін түсінемін. Сіз – менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз. Жетістіктеріме қуанасыз, қателік жасасам, жөн сілтейсіз. Сүрінсем, жұбатып жігерлендіре түсесіз.

анаға хат
Рас, кейде сіздің маған уақытыңыз жетпейтін кездер де болады. Мен оған ренжімеймін. Сіздің маған деген махаббатыңыз шексіз екенін білемін. Себебі, сіздің бізден басқа да қаншама ұл – қыздың тәрбиесіне жауапты екеніңізді мен жақсы түсінемін. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы»,- деп Абай атамыз айтқандай, бала жанының бағбаны, мұғалім болу да кез – келген адамның қолынан келе бермес ерлік деп білемін. Мен сіздің өлшеусіз еңбегіңізді түсінемін. Сіз — менің мақтанышымсыз.
Ана ! Балапан жүрек балаңыздың көңіл тебіренісін өзіңізге деген алғысы деп біліңіз.
«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған »,- деп өлең жолдары жырлағандай , балалардың бақыты үшін бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен аналарымыз аман болғай.

Мұратбек Аминат Мақсатқызы
Шымкент қаласы №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп – лицейі  7 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі : Тажибекова Диляра Дауренбекқызы

Пікірлер34
  1. Бибинур

    Жақсы жазылған .ана тақырыбы әрқашан жүректі тебірентіп мейірімділікпен жазылатын тақырып ғой

  2. Молдир

    Тамаша мол керек Акпарат екен

  3. Улжан

    Түн ұйқысын төрт бөлген, әрдайым қуаныштада, қайғыдада қасымыздан табылатын аналарымыз аман болсын!

  4. Мадина

    «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» дегендей анамызды құрметтейік.

  5. Көркем

    Иә расында АНА деген сөз киелі ғой. Бәріміз сол ананың арқасында осылай өмір сүріп жүрміз. Бірақ қазіргі кезде баласын тастап кетіп калган ана каншама. Оларға не дей аламыз.

  6. Омарбекова Асем Сансызбаевна

    Үш- ақ әріптің басын құрап, он сегіз мың ғаламды әлдиімен тербеткен аяулы жан- ана.Өміріміздің шырағы, мәні, байлығы-ана.Ең қасиетті, сүрінсек- сүйеу болар, құласақ- демеу болар- аналар мәңгі жасасын!

  7. Орынкүл

    Тамаша мақала!Өте әсерлі!Аналар өмірдің барлық қиындықтарын жеңе білген батыр жандарғой.Барлық аналарға бас иіп,мың алғыс айтамын!

  8. Ақбаян

    өте әсерлі екен

  9. Зухра

    Жұмақ анаңның астында дееп бекр айтпаған ғо!

  10. Айжамал

    ана менде болған ен керемет жан болып табылады анм менін жан құрбым болып табылады

  11. Улсерик

    небир галым гуламар анадан туылган ана биздин омириздеги бага жетпес байлык

  12. Жанель

    Асыл да, ардақты аналарымыз аман болсын!

  13. Айнұр

    Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

  14. Алмаш

    Ана деген 3 әріптен құралған.Қандай асыл,құдіретті жан.

  15. Аяш

    «Жәннаттың кілті анаың аяғының астында» дегендей, ана туралы хат жазған оқушыға өте риза болдым. Өте жақсы жазылған, мектеп бағдарламаларында да ана туралы эссе, т.б.-лар жазу кезінде өте тамаша материалмекен. Анасын құрметтеген адам өмірінде жаман болмайды.

  16. Асем

    Ана деген асыл Ғой, Ананың қамқорлығы мен махаббатына ешнәрсе тең келмейді

  17. Оралова Айшагүл Болатбекқызы

    Ия өте әсерлі жазылған Бала жүрегімен анаға деген құрметін керемет көрсете білген Айналайын, анаңның ақ батасымен көгеріп көкте

  18. каракат

    ананы құрметтеп, әрқашан жақсы көретінін айтып жүрейік

  19. Алмагул

    Айналайын, жұдырықтай жүрегіңмен ана қәдірін сезінген бала екенсің! Анадай асыл жан бар ма өмірде?!

  20. Аяла

    Ана ардайым биздин камкоршымыз

  21. Мерей

    аналарымызды құрметтейік өте керемет әсерлі

  22. Айтбуби Нусипова

    Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен қайран аналар?!

  23. Жанылсын

    Бұл тақырыпта тіпті том, том кітап жазсақ та аз болар. Бірде бір кісі анасын арқалап мұсылмандардың қасиетті мекені Меккеге аттаныпты. Солай анасын арқалап апарып келіп, ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с) барып былай депті: «Мен анамды Меккеге арқалап апарып келдім. Оның алдындағы борышым өтелдіме?» Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сен анаңның сен үшін арнаған тек қана 1 күнін өтей алдың» деген екен. Жұмақтың кілті ананың табанының астында. Демек, анамыздың разылығын алу арқылы Алланың рақымына бөлене аламыз екен.

  24. Гюзель

    Әрине өмірдің мәні де әніде АСЫЛ АНАЛАРЫМЫЗ. Ананың орны әрдайым бір бөлек. Өте жақсы, әсерлі жазылған мақала

  25. Құралай

    Әрине Ана орыны ерекше .Біздің оқушы балалар жүрегінен осындай тамаша толғанысты жекізе алғаны ,көңілге жақсы шуақ себеді. Мен ереңгі ұрпатың саналы болтынына сенем

  26. Гулайша

    Әсерлі. Оқып отырып, көңілім бұзылып, жылап алдым. Жақында анам дүниеден озған еді. Сағынып жүрмін.Анамның мейірімді жүзі,жайсаң мінезі көз алдымда елестейді. Иә, анаңды барында қадірлей біліңіздер. Мақалыны жазған авторға рахмет.

  27. Жолбарысхан Гүлмайран

    аналарымызды құрметтейік. өте әсерлі.

  28. Салиха

    Аналар- отбасының ұйытқысы. Балауса баланың анасы туралы жазылған туындысында шынайы сезімі байқалады. Анаңа деген осы махаббатың мен сезімің мәңгілік болса екен деймін. Себебі аналар перзентінің махаббаты өшпеген кезде ғана бақытты болады.

    1. Ербол

      Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Жарық дүние силаған аналарымызды қадірлейік

  29. Толқын Жұмабаева

    Өте керемет жазылыпты.Анамды ренжітіп алып едім осылай қып әсерлі етіп хат жазсам қалай болар екен.

  30. Айнур

    Өте жақсы жазылған мақала, Аналарымызды қадірлеп, құрметтейік!

  31. Фатима

    өте әсерлі. ой саларлық мақала екен. шынайы баланың анаға деген махаббаты.

  32. Айжамал

    Керемет жазылған екен өте әсерлі

  33. Садыкжан

    Керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ