Ана ақылшы


Erketai / Сен.14.2014. / Пікірлер жоқ

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі,қадірлі сөз- ана.Бала дүниеге келген күннен бастап өзінін жұмсақ алақанын, жылы жүзін, ыстық құшағын, мейірімге толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділігін бере білген ол- ана.

Қыз бала мен ананың арасында көп түсініспеушіліктер болады. Аналар да қыз баланың артық жүрісі болмау керек деген ой қалыптасқан. Әрине, анамыздың айтқандары дұрыс. Бірақ, қыз баланың да өзге балалар сияқты жүргілері келеді. Аналары әрдайым оларға тыйым салғандары ұнамайды, сондықтан да ана мен қыздың арасында келіспеушілік туындайды. Баласы анасының да өзімен де ақылдасқанын қалайды. Бірақ анамыз рұқсат етті екен деп  тым шеттен шығып кетугеде болмайды.
Қыз бала, тәрбиесі, аяулы ана, шығарма ана, ана туралы шығарма

Қыз бала өте биязы, қарапайым болуы тиіс.Кейбір қыз балалары өте жеңілтек  болып келеді. Қыз баланың жеңілтек болуы анасының тым есіртіп жібергенінің кесірінен де болуы мүмкін. Қыз бала тек өзінің айтқанымен ғана  жүрмей анасының айтқанына да құлақ аса білуі, айтқанын екі етпеуі шарт. Сонда олардың арасындағы түсініспеушілік болмайды.
Мұнымен айтқым келгені ана мен бала бір-бірінің  көңіл- күйіне кірбің түсірмеуге, ренжітпеуге тырысқандары дұрыс.
Әр қыз анасынан сыр жасырмауы  тиіс.  Анасымен құрбысындай сырласа білуі, ешқандай сырын жасырмай   ашық сөйлескені абзал.

9-сынып оқушысы Кекибаева Мөлдір
Ақтайлақ би атындағы орта мектеп

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!