Жас ана демалысы

Отбасы — адамның өте маңызды, өте жауапты ортасы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі.
Отбасы мүшелеріне уақытымен ас дайындау жас аналарға қосымша міндеттер жүктейді..Әсіресе,буыны бекіп, босанғаннан кейін өз-өзіне келе алмай жүрген ана үшін, зор ауыртпашылық әкелері хақ.

Ана көңіл күйі ойдағыдай болса ғана, бала тынымды, бірқалыпты дамиды. Әсіресе алғашқы айларда анаға оңай тимесі анық. Балаға осы кезде ерекше күтім қажет.Ана тынығуына уақыт табыла қоймайды. Гармондық өзгерістер ананы әбден қалжыратады. Уақытымен дем алып, тамақтанса да балаға деген жауапкершілік тыным бермейді.

Бұл ретте алғашқы айларда ана тек бала,үй шаруасымен шектелмеуі қажет. Аса үлкен жауапкершілік әйел денсаулығына кері әсерін тигізеді. Баламен ұзақ күнде үйде болу,ананың психикасына әсер етеді. Балаға тек анасы ғана күтім жасса жас анаға салмақта ауыр болмақ. Егер баланы күтуге басқада отбасы мүшелері көмек қолын созса, жағдай біршама жеңілдейді.

Баланың апасы мен атасының жас ана жағдайына байыппен қараса нұр үстіне нұр. Әйтсе де,балаңыз өскен сайын демалуға уақытты көбейте аласыз. Тек үй шаруасыні жайғап қойып тысқа шыққаныңыз абзал.

zhas-ana-demalisi
Баланың дамуына байланысты сізде де бір қалыпты жағдайға ауыса бастайсыз. Сөйтіп, күнделікті күйбің тіршілікті ұмытып, бір уақыт дем алуды әдетке айналдырыңыз. Сәбиіңіз сырқаттанып қалса, уайымдамаңыз. Бала сауығып кеткенше кейінге қалдыра тұрыңыз. Отбасындағы береке мен бірлік ананың қолында екенін ұмытпаңыз.

Босанғаннан кейін, ананың дене бітімі өзгереді.Соған сәйкес гардеробты да біршама өзгертуге тура келеді.Жыл мезгіліне сай ұнамды ,жарасымды киімдерді таңдаңыз. Құрбыларыңызбен кездескен сәтте, ыңғайсыз жағдайда қалмас үшін бастан аяқ өзіңізге күтім жасаңыз. Әрбір затыңызға үлкен талғаммен қараңыз. Сіз әйелсіз ұмытпаңыз. Газ плитасының жанындағы әйел ғана емес, білімді, терең ойлы ақылды сұлу әйел екендігіңізді әсте ұмытпаңыз.

Кез келген ортада емен жарқын әңгімеге араласа алатыныңызға бек сенімді болыңыз. Балалы болу- cіздің зор бақытыңыз.Адам ұрпағымен мақтанады. Аналарымыз бала өсіруде теңдесіз күш жұмсайды.Балаға деген мейіріміңізді төгуден жалықпағайсыз.
 

Осы істердің барлығын жеңетін жолдарды ұсынбақпын :

1. Күніне ең болмағанда жарты сағатты өзіңізге бөліңіз.
2. Жаныңызға жақын істермен айналысыңыз.
3. Шай ішіп, музыка тыңдаңыз.
4. Қызығып оқитын газет журналдарды оқыңыз.
5. Үйден алшағырақ жерге барып келіңіз.
6. Балаңызды сенімді адамға тапсырыңыз.
7. Ең алдымен жеке тұлға екендігізді еш ұмытпағаныңыз жөн.
8. Кинотеатрға барсаңыз болады.
9. Жақын құрбыңызбен кездесіп,әңгіме дүкен құруыңыз.
10. Шаштараз, маникюр, макияж жасатыңыз.
Ұнамды киім таңдап, өз стиліңізге сай киім сатып алыңыз. Уақытыңызды ұтымды пайдаға асыра біліңіз!

Авторы: Абилбакиева Ғалия Тұрысбекқызы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер11
  1. Толғанай

    Дұрыс такырып қозғалыпты. Бақытты ана — бақытты отбасы.

  2. Казна

    Керегіме жаратамын, пайдалы кеңес үшін рақмет

  3. Балжан

    Жас аналарга керемет кенес!Рахмет керегиме жарады?

  4. Ақбаян

    дұрыстап демалу керек, бірақ үйде жатсаңда іш пысады

  5. Зухра

    рахмееет! Өте керемет әсер алдым!

  6. Улбала Маликова

    Ата-аналарға өте керемет кеңес

  7. Гулжан

    Рахмет кеңестерді пайдаланып көремін. Жұмысыңызға табыс тілеймін

  8. Асем

    Дем алған дұрыс әрине ретімен

  9. Назым

    Жассаналарға айтылған тамаша кеңес болды. Рахмет! Осындай кеңес керек болып жүр еді дәл қазір

  10. Айжамал

    Рахмет!
    аналарға айтылған өте керемет кеңес болды

  11. Оразәлі Гүлжауһар Мұхтарқызы

    Өте қажетті кеңестер. Шыныменде жұмыс, үй, бала деп жүріп кейде өзімізді мүлдем ұмытып кетеміз. Өзімізді де бір сәт ойлап ұмытпауға тырысайықшы. Жас аналарға айтылған өте керемет кеңес болды.Рахмет!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ