Емізулі анаға банан жеуге болама?

Көптеген болашақ аналар босанар уақыты жетпей тұрып өздерінің қалаған жемістерін  армансыз жеп алуға тырысады. Бірақ қазіргі заманның өзінде көптеген «білгіштер» аяғы ауыр аналарды және бала емізіп жүрген аналарды гречка мен судан ғана тұратын диетаны ұстану  керек деп қорқытады.Шын мәнінде банан аяғы ауыр аналарға өте пайдалы. Бұл бірақ бала емізіп жүрген аналарға жеуге  болмайды деген сөз емес.Банан құрамында емізулі аналардың күшін қалпына келтіретін, ас қорыту мүшесі мен жүйке жүйесін реттейтін  пайдалы заттар өте көп кездеседі. Егер ана аяғы ауыр кезінде жиі банан жеп жүрген болса , босанған соң да дәл солай жей беруіне болады.Өйткені нәресте болашақ анасының құрсағында жатқаннан бастап қоректенген заттарының дәмімен таныс болады. Бірақ босанғаннан кейінгі бірінші аптасында күніне бір ғана бананды жеумен шектелген дұрыс. Емізулі ананың  банан жеуінен  сәби аллергия болмайды. Соған қарамастан жеке бір жағдайларда сәбидің крахмалға төсгісіздігінен ішінің өтуі немесе қатып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда банан жеуді шектеу қажет.

banannin-paidasiБананда-әртүрлі құнарлы заттардың таптырмас көзі бар. Банан тропикалық елдерде олардың күнделікті  дастарханынан біздің күнделікті жейтін нанымыз секілді орын алған.

Тәттісі жоқ банан «Плантайны»- ұн дайындауда қолданылады, ол ұндардан біздің елімізде кездеспейтін  ыстық тағамдар түрі дайындалады. Ал кәдімгі тәтті банандар  дүниежүзінің барлық адамдары арасында жақсы танымал.

Емізулі анаға банан – тамақтың арасында жейтін тамаша десерт. Бананның құрамындағы «баяу» көмірсутектерінің арқасында қанның құрамындағы қанттар  ұзақ уақыт бойы  бір қалыпта болады. Бұл дегеніміз ана өзін анғұрлым сергек сезінетін болады және де бананның тағыда бір жақсы қасиеті оны кез-келген уақытта, кез-келген жерде жеуге болады және оны жылытып немесе сыртын жуып әуре болмайсыз. Кейбір мемлекеттерде банан 6 айлық сәбилердің ең бірінші қолданылатын астарының бірі. Бірақ та біздің елімізде дәрігерлер сәбилерге алғашқы айында тек тәттісі аз жемістерді берген жөн дейді ал бананды сәби 7-8 айлық болғанда ғана  берген дұрыс болады деп есептейді.
Тақырыпқа сай мақалалар:

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Айгерим

    Мен жакында сәбилі болдым. Бананды арасында жеп тұрамын. Ешкандай киындыктар болмады. Шукир?

  2. Динара

    Бананды ұнатпайтын адам жоқ шығар, озім балам тамақ ишпей банан жесе, онын тоқ болатынына күмәнім болмай, алаңсыз жүремін

  3. Айнур

    Барлык витамин бананда

  4. Шолпан

    Емізулі кезде диета деп айтқан бірақ оған қарамай жей бердім. Адамдар айта береді.

  5. Увалиева Жанна

    Бананды жақсы көрмейтін адам жоқ шығар!))) Өзiмiз үзбей жеп тұрамыз

  6. Асем

    банан жақсы мандарин болмайды екен

  7. Айгерим

    Бананды бала түгілі өзімізде жақсы жейміз.

  8. Айман

    мен балама 5 айынан бастап бердім, жүкті кезімде де жеп жүргенмін. оның жалпы калориясы көп деп айтады. 1 банан 1 бүтін нанмен бірдей болады деп.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ