Арықтаудың ең оңай жолдары


Erketai / Ноя.6.2015. / комментария 3

арықтаудың оңай жолдары

Арықтау көп жағдайда өте қиын процесс екені баршамызға белгілі. Арықтау процессі міндетті түрде нәтижелі болуы үшін диетологтардың кеңестеріне құлақ салу қажет.  Кәсіпқой диетологтар тез арықтау үшін дәрі-дәрмек қолданудын қажеті жоқ екенін баяғыдан ескертеді. Ең бастысы салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Осы мақалада арықтауды жылдам әрі жемісті ететін кеңестер берілген оқыңыздар ой түйіңіздер.

Арықтау тәсілдері

тез арықтаудың жолдары

Арықтаудың бірінші тәсілі

Тәттіден бас тартыңыз артық салмақтың бірден бір себебі тәттіден басталады. Газдалған сусындарды мүлде ішпеңіз, газдалған сусындардың құрамына қайта-қайта шөлді арттыратын заттар кіреді.Ал бұл заттар денсаулықты құртып ғана қоймай, артық салмақ қосуыңызға біршама өз үлесін қосады.Мұндайда ең пайдалысы үйдегі жемістерден өз қолыңызбен жасалған табиғи таза шырындарды ішіңіз. Егер шынымен арықтағыңыз келсе тәтті және газдалған сусындардан, торттар мен кекстерден жалпы тәтті атаулының барлығынан бас тартқаныңыз жөн.

Арықтау үшін не жеу керек

ariktau-zholdari-kokonister

Көбірек жеміс-жидек жеңіз

Жеміс-жидектерде май жоқ, бірақ оларда көптеген дәрумендер мен өзектер бар, сондықтан  күніне бір-екі жеміс-жидек жесеңіз, сіз қарныңызды тойдырасыз осылай аштық сезімінен арыласыз. Бұдан басқа жеміс-жидектерде пайдалы көмірсулар бар, олар арықтауға еш кедергі келтірмейді, керсінше олар заттектердің алмасуына өте жақсы көмектеседі.

ariktau-zholdari-tasilderi

Жеңіл-желпі тамақтану

Негізгі тамақтану кезінде адам өзін тойдырмаса,көп уақыт өтпей ақ  қарнының ашуына әкеледі, мұндай жағдай көбіне артық тамақтануға әкеліп соқтырады. Сол үшін түстік пен басқада жеңіл-желпі астардан бас тартуға болмайды. Бірақ олар пайдалы ас болу керек. Мысалы ірімшік немесе көкөністер.

Арықтаудың оңай тәсілдері

Теледидарды өшіріңіз

Егерде тамақтану кезінде теледидар қарасаңыз  өз салмағыңызға 40%  калорий қосатыныңызға күмәнданбаңыз. Француз диетологтарының айтуынша, бұдан басқа, газет оқу, монитордын алдында отыру тамақты көп ішуге бірден-бір әсерін тигізеді.

ariktau-zholdari-sport

Спортпен шұғылдану

Аптасына кем дегенде 3 рет спортпен айналысуыңыз қажет. Күнделікті бес минуттық жаттығуларда тез арықтауға өте жақсы әсерін тигізеді кеудені жерден көтеру, жүрелеп отыру, тб. Бұлардың барлығы заттектердің тез алмасуына ықпал етеді.

Қалай тез 1 аптада арықтауға болады?

Бір аптаның ішінде барынша көп салмақтан арылу үшін, диетадан бөлек кем дегенде күніне 30 минут өз организіміңізге физикалық күш салуыңыз қажет немесе 10 000 қадам жол жүруіңіз керек. Ғалымдардың айтуынша баспалдақпен жүру, жүгіргенге қарағанда 3 есе артық күш жұмсауды талап етеді .

арықтауға арналған жаттығулар

 Ұйқы мен демалу

Аз ұйықтасаң көп қозғаласың, ал бұл өз кезегінде тез арықтауға әкеледі деген қате пікір бар. Бірақ бұл түсінгендеріңіздей қате пікір.Егер де тәулігіне 8-9 сағаттан аз уақыт ұйықтасаңыз организім тез шаршап, сіз тез қозғала алмайсыз.Оның үстіне ғалымдардың айтуынша ұйқы кезінде организімде өте маңызды гармон «Лептин» бөлінеді. Бұл гормон миға «барлығы жақсы» деген сигнал жібереді.

Ал ұйқыңыз дұрыс қанбаса басқа гормон түрі бөлінеді ол «грелин». Бұл гормон миға организімде «энергияның аз» екенін жеткізеді соның кесірінен аштық сезімі туындайды .Грелин жәй ғана аштық сезімін туғызып қоймайды организіміңіз сізден жеңіл-желпі емес ауыр тамақ түрін жеуді талап етеді. Сол себепті ұйқы мен демалысқа аса қатты көңіл бөлуіңіз қажет.Кем дегенде  тәуліктің 8-9 сағатын ұйқыға арнауыңыз қажет.

ariktau-zholdari-alka

  Ішімдіктен мүлдем бас тартыңыз!

Ішімдіктің денсаулыққа қаншалықты зиян екені айтпасада түсінікті. Диетаға келгенде бүкіл спирттік ішімдіктер денсаулыққа еке есе зиянды әсерін тигізеді.

smile

комментария 3 Пікір қосу

  • Негізі арықтау үшін: аллаға шүкір деп айту керек. Мақсат қою керек. «Мен барлығына шыдаймын, менің қолымнан келеді. Мен қалайда жетістікке жетемін» деп өз-өзінізді алға жетелеңіз сонда мақсатыныз міндетті түрде жетесіз. Тағы қандай тамақ болсың оның құрамына мән беріңіз. Мысалы: барлық тағамда осындай құрамы осындай болады. белок ақуыз: 12, 33 болса көп болса оданда жақсы жир май : 1.5 ,15, 20 жетеді көп болмау керек углеводы көмірсулар: 88, 32 болса тіпті жақсы себебі осы көмірсулар асқазанды ұзақ уақыт тойып қарыңыз ашпайтын болады. бірақ кешкі аста көмірсулар аз жеген дұрыс себебі қортылу қиын болады. 15 32 көмірсулар жетеді. Сосын тамақты кружкадай ішу керек аз мөлшерде жетеді. 1. Қандай тағамдардан бастарту керек: тәттіден, қант, печенье, шоколад, торт, пирог, қысқасы қандай тағамда қант болса соның барлығынан бастарту керек. Ал егер бастарталмасаңыз онда таңертең 1 печенье немесе кішкене шоколад жеуге болады. Тек таңтертең ғана жеу керек Себебі: оларда май, жир көп. АЛ оларды құрту керек сондықтан таңертең жеу керек себебі: ары бері жүресіз ғой қимылдайсыз сол кезде кетіп қалады. Тағы таңертең тұрғанда 200 мл 1 кружка су міндетті түрде ішу керек. Сосын жарты сағат өткен соң тамақ жеуге болады. Одан кейін Таңғы ас міндетті түрде каша болу керек. Соныме қатар: 1 жұмыртқа жеуге болады. егер таңғы 8 де тұрсаңыз Арасында сағат 11 де банан немесе салат, немесе алма жеуге болады. Түскі ас: тауық сорпасы немесе сир етінен тағам жасасаңыз болады. бірақ суды 1 сағат өткеннен кейін ішу керек. әрине қиын бірақ солай істесеңіз ағза жақсы витаминдер береді жақсы қортылады. арасында құрма изюм жеуге болады. Кешкі ас: айран сүт жұмыртқа жеуге болады. бІРАҚ жұмыртқа кешке ауыр болады десең қорықпаңыз кешкі тамақты жеп болғаннан кейін 3 сағат ұйықтамау керек немесе1 сағат. сонда бәрі жақсы болады. Кешкі тағамда белокгі көп тағамдар жеу керек ас тез қортылу үшін. 1.Дұрыс тамақтану керек. Тағамдар: сиыр еті, тауық еті, нан, көкеністер, жемістер, изюм, сыр, айран, сүт, қаймақ, ірімшік, анда-санда печенье, каша, пайдалы салаттар, қызылша, құрма, 2л су күніне ішу керек талқан, переловка, күріш, тұз. Бірақ тұзбен абай болыңыз норма мен қосыңыз. себебі тұз денені таяқ сияқты қатырып қояды. Суды қалай ішу керек: таңертең 1 кружка су ішу керек сосын жарты сағаттан кейін тамақ жеуге болады. тамақ жеп болғаннан кейін 1 сағат немесе жарты сағаттан кейін су ішуге болады. Негізі суды осыла ішсеніз суменде арықтауға болады. су таза болу керек ең таза су тассай. 2. Спортпен айналысу: фитнес, жүзу, билеу, жүгіру, түрнике тартылу керек. Қандай спортпен шұғылдансанызда аптасына 3 рет қана айналысу керек. Мысалы: дүйсенбі күні спортпен шұғылдану керек. Сейсенбі күні демалу керек. Сәрсенбі күні: спортпен айналысу, Бейсенбі күні демалу керек. Жұма күні спортпен айналысу. Сенбі жексенбі күні демалу керек. Спортпен шұғылдану 1 сағат уақыт болу керек. Егер спортпен шұғылданып жатқанда дененіз аяқ-қолыңыз қатты ауырып шаршап жатса онда сіз дұрыс спортпен айналысып жатырсыз.Ол ауратын жерлер тұздарды кетіріп жатыр арқаныз таяқ сияқты қатып қалса онда шыдап сабырлықпен, төзімділік қажет. 1 ай қиын болады, бірақ шыдасаңыз 2 -ші ай оңайға түседі, 3 -ші айда тіпті оңай болады. Тек қана төзімді, сабырлы, шыдамды, болсаңыз жетістікке жетесіз. Мен сіздерге сеніммен айта аламын. Спортпен айналысып болғаннан кейін міндетті түрде су ішу керек. Спортпен айналысып болғаннан кейін міндетті түрде 1-2 сағаттай тамақ жеуге болмайды. Себебі: ағзамыз майларды кетіріп, етімізге күш қуат жинаймыз. Сонымен қатар көп қимылдаңыз, үй жинау, серуендеу, далаға шығу, көп жүру керек

  • Мен таттини, нан мулдем жемеймин. Козгалысым коп. Сондада арыктамаймын неге?

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!