Ана болғалы отырғандарды сақтаңыздар!

 Әйел ана болуға дайындалуда. Ол өз өміріндегі бақытты күнді күтуде. Бірақ осы кезде неден екені белгісіз, мазасызданып жиі кейігіш келеді, онда бұрын өзіне тән емес күй таңдау пайда болады. 280 күн ішінде қосылған екі клеткадан, микроскоппен ғана көрінетін ұрықтан адам өсуге тиіс екенін еске алыңызшы.

 

ана, денсаулығы

 

Тіпті осы ұрықтың қалыптасып, дамуы үшін ана организмінен барлығын алуға тура келетінін айтсаңызшы! Өйткені ананың биологиялық жүйесі мен нәресте тығыз бірлікте тіршілік етеді. Сондықтан ананың кез-келген ауруы, оның шаршауы, дұрыс тамақтанбауы, режимді бұзуы болашақ балаға қатты әсер етеді.

Ананың қобалжуы, біреумен ренжісуі, күйзеліске ұшырауы бала үшін, «бәрі бір» емес. Сезімдік күйзеліс қан тамырының түйілуіне соқтыратыны белгілі, ол нәрестенің қанмен жабдықталуын кемітеді, оған оттегінің жетіспеу қаупін тудырады. Сезім күйзелісі жиілеген сайын түйілу де күшейеді, нәресте де ауыр зардап шегеді, оттегі оның дұрыс өсуі үшін, бәрінен бұрын миының жетілуі үшін қажет.

Мұндай қобалжулар бала жолдасының қыртыстанып, перзент шуының (қабының) ерте жыртылуына, мезгілінен бұрын босануға итермелейді. Кез келген психикалық жарақаттың әсері, оның күші мен дәрежесіне ғана байланысты емес, сонымен бірге оны ананың қалай қабылдауына  да байланысты екенін білгілі.

Әйел жүкті кезде оның нерв жүйесінің сезімталдығы шамадан тыс артады, әдеттегі кезде өте ұстамды қабылдайтын жағдайды, енді ерекше сезіммен, сонан соң қан тамырларының қозуымен қабылдайды.Сын кезіндегі қобалжу жас әйелдердің нерв жүйесі үшін дағдылы нәрсе болса да, осы жағдайда олар ерекше тітіркенгіш, кейігіш келеді.

Болашақ анаға ерекше қарым-қатынас, психологиялық ерекше жағдай, ілтипатты көңіл керек. Аяғы ауыр кезінде әйелдің тынышын алатын не? Босанған әйел қиналудан, болашақ баланың аман-есен дүниеге келуінен қорқу бүгінгі әйелдерге тән емес, олар аналары мен әжелеріне қарағанда аз уайымдайды. Бірақ аналардың өз үйіндегі әрбір күні үнемі қобалжумен, ұрыс-керіспен өтетін болса, ертеңгі босанатындарға екіқабаттық мезгіл ойдағыдай өтеді, деп дәрігер де айта алмайды. Сол себепті болашақ аналардың көңіл күйіне аса мән беру қажет.

Сіздерге мына мақалалар оқуға кеңес береміз:

Пікірлер9
  1. Айнур

    Керектисин алдым

  2. Ирода

    Өзіме керектісін алдым ???

  3. Асемгул

    сəлеметсіздерма? менде 3-кызым бар аллага шукыр енді улды болғым келеді, кальандар бойынша жоспарласам ул айында котере алмай жүрмін. не істеуге болады?

  4. Салтанат

    Сәлеметсизбе! Менің 10 айлык кызым бар. Қазір емізулімін. Соңғы етеккірім 19.04.17 болған. 28.05.17 күні тестте жүктілігімді білдім. Сүтім айнымады өйткені қызымды емізіп жатырмын. Қазір емшектен шығара алмаймын себебі қызым 10 ай толса да әлі күнге тек емеді тіпті су да ішпейді. Тамаққа үйрете алмадым. Енді ары қарай емізе берсем…ішімдегі нарестеге зиян жағы жоқ па? Не істесем болады? Қандай кеңес бересіз?

  5. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Ана үшін сәбиін дүниеге әкелу оңай емес.Дені сау баланың өмірге келуіне ана мен әке бірдей жауапты.Бірақ бұл мәселені барлығы біле бермейді.Себебі екіқабат кезінде дәрігерге қараласын,денсаулығыңды тексеріп баланың жағдайын айтады.Бірақ екіқабат кезінде өзіңді қалай ұстау керек ақыл- кеңес берілмейді.Жолдасың ол ақыл-кеңестен мүлдем хабардар.Сондықтан жарық дүние есінігін ашқалы тұрған баласының денсаулығы алаңдатпайды.Бұл мәселе барлық отбасында бірдей емес шығар.Бірақ кез-келген кикілжіңнен ренжісіп қалатын отбасылары осы мақалана оқып,өмір есігіні ашқалы тұрған баласының өмірі алаңдататын шығар деген ойдамын.Мақала өте орынды жазылған.

  6. Малика

    Менің екінші баламды көтергеніме 17 аптадан асты. бирақ, али жөнді қимылдамайды. соган алаңдап жүрмін. не істеуге болады?

  7. Ултай

    Баланың іште жатып 4 5 айында өліп калу себебін түсіндіре өтіңізші. Өтініш. Сосын алгашкы дамуында труба жолдарында не жетіспей калуынан қалып кояды? Ягни вниматочный диогнозы?

  8. Жалгас Келыншегы-Айдана

    Типтыде

  9. Жалгас Келыншегы-Айдана

    Сенбеймын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ