Ана болудың өзі…

«Ару, бойжеткен, әйел, жар, ана, қыз, қарындас, әпке, әже» сынды сөздердің барлығы бізге, әйел затына, арналып айтылады. Алайда бұлардың ішінде ең асылы, ардақтысы, «жүрекке жылы тиіп, бойды алары» «ана» сөзі. Жан сұлулығы мен тән сұлулығы үйлесіп, көрген көздің тамсануына, сүйсінуіне бөленген ару, бойжеткен болу, өмірдің ыстығына да, суығына да төзе біліп,
өмірдің соңына дейін, қажет болса, қалқан болар біреудің әйелі, жары болу, дүниеге әкелген, әлпештеп өсірген ата-ананың қадірін білген, әке-шешесін құрметтеген қыз болу, өзінен кейінгі бауырларына тірек, ақылшы болар әпке болу, ағаларын құрмет тұтқан, олардың ағалық махаббатына, еркелетуіне бөленген қарындас болу, немерелеріне ақыл айтар, өмірден тоқып білгені көп, сүйікті әже болу былай тұрсын, нағыз ана болудың өзі әйел затынан талай нәрсені, талай адами қасиеттерді талап етеді.

Ару, бойжеткен, әйел, жар, ана, қыз, қарындас, әпке, әже«Ана!», астарында қаншама маңызды, мәнді мағына жатыр десеңші.«Ана» сөзінің сиқырлығы сол, қасыңда болмаса да, «ана» десе, көңілің мен жүрегіңді бір жылулық бауырап алатын сияқты.Сол сәтте көз алдыңа ананың ыстық, мейірімді қолдарын, саған деген махаббатқа толы көздерін, күлімдеген жүзін елестетсең, бойың жазылып, шаршағаның да судай басылады.Өмірден озғанына бірнеше жыл толса да, әрбіреуіміз тасыған өмір арнасымен арпалысқан кезде, ертеңгі күнге деген сенім өшкен, үмітсіздікке салынған, еңсеміз түскен кезде анамызды еске алып, көмек, қолдау сұраймыз.Ана мен бала арасындағы мәңгі өшпес байланыстың дәлелі де осы болар.

Дүниедегі суырып салма ақынды да, он саусағынан өнер тамған шеберді де, музыка әлемінің бір қырын өзіне бағындыра білген сазгер мен әншіні де, ойы мен сырын қағаз бетіне түсірген жазушыны да, жаңалықтарға қол жеткізген зерттеуші мен ғалымды да, қарапайым жұмысшыны да өмірге әкелген – Ана.Осыдан «адам бойындағы дарын, қабілет, мінез-құлық ана сүтімен дариды» деген сөз бекер айтылмаған ғой деп ойлайсың.Адам баласы анаға арнап талай ән, жыр, өлең жазғанымен, талай сурет салғанымен, ана сүтін, ана еңбегін, аналық махаббатты ешқашан ақтай алмас.Себебі аналық махаббат Отанға, музыкаға, өнерге, құрбы-құрдас, дос-жаран, жақын көрген адамға деген махаббаттан өзгеше.Аналық махаббаттан шыдамдылықты, қайсарлықты, жылулықты, адамгершілікті, әділдікті, мейірімділікті көре аламыз.Ал ана еңбегін айтсаңызшы, ананың бала тәрбиесіндегі «жұмсаған» күшін, рухани қуатын өлшей де алмаспыз.Бұл жалғанда жан дүниеңді түсінетін, жамандықтан көзінің қарашығындай сақтап, жебейтін, жақсылыққа үндейтін, ішер асын жерге қояр, жанын қияр анадан басқа қымбатты, ыстық, жақын адам, адал, кешірімді нағыз дос жоқ шығар.

Ананың өзі де, сөзі де қастерлі, қасиетті мен үшін.Ананың тәтті сөзі бойға күш берер, жан жарасын емдер, ызалы, ашулы, ащы сөзі жүрекке оқ болып тиер.Ана бойындағы осы бір бірегей қасиеттің өзі Көктен берілген құдірет шығар.Бала сүю Алладан болса, ана бола білу — әр әйелдің өзінен болса керек…

Қазақ тілі мұғалімі Ералина Г.Х.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер7
  1. Акерке

    Ана болу — үлкен жауапкершілік. Бала Алланың бізге берген аманаты, ертең оның денсаулығына қалай қарадың, өнегелі тәрбие мен пайдалы білім бере алдың ба деген сұрақтарға да жауап беретінімізді қаперімізден шығармасақ қой…

  2. Омарбекова Асем Сансызбаевна

    Қыз баласы үшін ана болу бақытына ие болу Алланың берген ең үлкен сыйы.Тар құрсағын кеңейтіп, тоғыз ай құрсағында көтереді.Өмір бойы тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай өсіреді.Сондықтан аналарымыздың қадіріне жете білейік.Ақ сүтін ақтауға ұмтылайық!

  3. Айнур

    Ана болудын ози бир бакыт

  4. Толкын

    Ана атану әрбір қыздың арманы

  5. Айгерим

    Ана болу-үлкен бақыт,аллаға шүкір көпбалалаы аналар қатарына қосылдым!

  6. Ана атану-қыз баласы үшін ең үлкен бақыт.Барлық қыздарға ана атануға асығыңыздар дегім келеді.Мен де…….

    1. Erketai (автор)

      Әр нәрсе өз уақытымен болуы керек!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ