Жұмбақ,жаңылтпаш, айтыс.

5-6 жастағы ересектер тобында балаларға халқымыздың қалаулы өнерінің айтыс, жаңылтпаш, тақпақ, жұмбақ секілді түрлерін таныстыруға күш салып жүрмін. Қыз бен жігіт айтыстары жайлы түсініктер беріп, қыз бен жігіт айтысының сөзін әуенімен қоса үйпетіп, жаттаттым.ондай сабақтар күй тыңдау, би билеу сияқты музыка сазымен үйлестіріле жүргізіледі. Балалар безендірілген залға кіреді. Қазақтың кең қанатты ақ киіз үйі ішкі жиһаздарымен жабдықталған. Ортада дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылады.
Балалар да ұлттық киімде. Олар бөлмеге кіргенкезде «Саржайлау» күйі күмбірлей жөнеледі. Күй аяқталысымен тәрбиеші:
5-6 жастағы балаларға жаңылтпаш— Балалар, бүгін бізде мереке «Айтыс» өнерін тамашалаймыз, алдымен жұмбеқ пен жаңылтпашқа жол берсек қайтеді, — дейді. Балалар кезегімен орындарынан тұрып, жұмбақ айта жөнеледі.

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(Түйе)
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді
(Аттың екі кұлағы, төрт аяғы)
— Кезек жаңылтпашқа беріледі, — дейді.
Ай, ай Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды,
Үйіңе айдай бар.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім-деп екі бала жаңылтпаш айтады.

Ендігі кезек биге беріледі.
«Қара жорға» биін ұл балалар, «Қамажай» биін қыз балалар билейді.
— Кезек айтысқа берілді,-деп хабарлаған ойын бастаушы оң және сол қолына асық жасырады. Асықты лақтырғанда қай асық шік, қай асық бүк түседі шік түссе бірінші ұлдар, бүк түссе қыздар бастайды деп ережені түсіндіріп, асықты лақтырады. Кезек ұлдарға тиеді. «Еркем-ай» әуеніне салып айтысады.
Ұл бала:
Қыздар, қыздар құртыңнан,
Қуып келдім жұртыңнан
Көрген астан бермесең,
Тесіп шықсың ұртыңнан.
Қыз бала:
«Сәулем-ай» әуенімен
Бала, бала, қу бала,
Аузымдағы құрт қана.
Сілекейлеп берейін,
Сусын болсын, жұт қане.
Ұл бала:
Қасқыр, қасқыр қара ала,
Бауыр жүні сары ала.
Біздің қойға жолама
Қыздардың қойын жарала.
Қыз бала:
Қасқыр, қасқыр қарасың
Қайда жортып барасың?
Мынау жалқау баланы,
Қой орнына аласың.
Айтыс осылайша аяқталады. Ойын бастаушы «айтыста қыз балалар жеңіске жетті» дейді.
Әр қыз балаға ақ орамал ұсынады. Ұлттық ойын «Орамал тастамақ» басталады. Ұлттық өнер салтымызды осылай там-тұмдап болса да жеткіншектер бойына сіңіре берсек, жас ұрпақтың өз халқына деген сүйіспеншілігі сәби кезінен қалыптаса бермек демекпін.

Пікірлер1
  1. Бахтыгуль

    Өзіме ұнады.Бірақ айтыстан кейін жеңген қыздарға ақ орамалың орнына қызыл түсті орамал бергенде жақсы болар еді деген ойдамын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ