Үш тілдің патшалығы

Тақырыбы: Үш тілдің патшалығы
Мақсаты :
1)Білімділік: өтілген материалды қайталау, бекіту,балалардың білімдерін тексеру.
2)Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3)Тәрбиелік: туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:
Жүргізуші –Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, балалар! «Үш тілдің патшалығы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қалып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!-деп сайыс кезеңдерімен таныс болайық:
1.Таныстыру.
2.Сұрақ-жауап.
3.Мақал-мәтел.
4.Манкография.
5.Жұмбақты шеш.
6.Топтық жұмыс.
7.Ұяшықты таңда.
8.Капитандар сайысы.
Сайысқа ересек топтарынан 4 топ қатысады:
1. «Тапқырлар» тобы
2. « Алғырлар» тобы
3. «Қырандар» тобы
4. «Жұлдыздар» тобы
Жүргізуші: Ал, ендеше әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін.
1. __________________________________________________
2. __________________________________________________
3. __________________________________________________
үш тұғырлы тіл туралыІ кезең: «Өзін-өзі таныстыру», бұл кезеңде әр топ мүшелері өзінің есімдерін қазақша, орысша және ағылшынша айтады.
ІІ кезең: Сұрақ-жауап кезеңі.
1. Қазақстанның бас қаласы.
2. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
3. Наурыз көже неше тағамнан жасалады?
4. 8 Наурыз қандай мереке?
5. Жылқының төлін атаңдар.
6. Ешкінің төлін атаңдар.
7. Қасық, кесе, шанышқы – нелер?
8. Құлын,бота, қозы – нелер?
9. Атаңа сен кім боласың?
10. Анаңның әкесі саған кім болады?
11. Т.Әубәкіров кім?
12. А.Құнанбаев кім?
13. Қойдың төлін атаңдар.
14. Қалам,кітап,өшіргіш,сызғыш – нелер?
15. Қазақтың жаңа жылы қашан тойланады?
16. Жеңіс күні қашан тойланады?
17. Кемпірқосақтың неше түсі бар?
18.16-шы желтоқсан қандай мереке?

ІІІ кезең: Мақал-мәтелді жалғастыр. Жауабын орысша,ағылшынша айту.

1. Сабыр түбі …..алтын.
2. …… атасын білмеген жетесіз.
3. Ер ….. рет өледі, ез мың рет рет өледі.
4. Інісі бардың тынысы бар,
…… бардың жағасы бар.
5. ……баланың қорғаны.
6.Алып ……. туады,
Ат биеден туады.
7.Шеше көрген тон пішер,
…… көрген оқ жонар.
8….. саусақ бірдей емес.

ІҮкезең: Манкография
Ү кезең Жұмбақтарды шеш. Жауабын орысша, ағылшынша айту.
1.Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты

2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні .

3. Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар.

4. Аласа талда алуан алма
Ал қызыл болмай аузыңа салма

5. Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады

6.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.

7.Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады
Жылы жерді сүйеді
Беті қолын жуады
ҮІ. Топтық жұмыс
ҮІІ кезең: Ұяшықты таңда.
ҮІІІ кезең: Капитандар сайысы
Ал, балалар әділ қазы алқалары қорытынды бағасын шығарғанша барлығымыз бірге өзіміз білетін ән айтайықшы.
Тілім менің өмірдегі тілегім,
Тілім менен тарихымды білемін
Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,
Қадірлеп те,қастерлеп те жүремін, — деп бүгінгі сайысымыздың қорытынды бағасын айтуға әділ қазы алқаларына сөз береміз.Ал, балалар жеңістерің құтты болсын, осымен сайысымызды аяқтаймыз.
Биік белестерден көріне беріңіздер. Қош сау болыңыздар

Пікірлер7
  1. Тогаева Гулжайна Қайратқызы

    Сайыс сабақ жоспары керемет. Балаларды жүйелі ойлауға, ой тұрғысынан алсақ: логикасын дамытуға үлкен септік болады. Тақырыпқа байланысты айтсақ: жеті жұрттың тілін біл- жеті түрлі ілім біл деуші еді атам қазақ. Қанша тіл білсекте артық етпейді. Кез келген жағдайда көмек болады.

  2. Камалова К.Ж.

    Маған ұнады

  3. Жансия

    Бұл сабақ өте жақсы екен. Балаларға үштілділік қазірден бастап үйретілуі керемет нәрсе екен. Жұмбақтар тиімді жасырынған екнн. Болашақта өз сыныбыммен өткізуге құнды сабақ екен.

  4. Гүлдана

    Үш тілділік балалардың болашағына ықпалы зор

  5. Алия

    Маған ұнады. Өте керемет. Тіл туралы жақсы шығарылған екен

  6. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Бұл «Еркетай сайтында жарияланған «Үш тілдің патшалығы» деген сабақ маған ұнады. Қазіргі технология шарықтап дамып жатқан заманда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірісу тілі деп жатырмыз.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай:»Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман». Сондықтан үш тілді білудің бізге тигізер пайдасы зор деп ойлаймын. Сайт жұмысына сәттілік тілеймін!

  7. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Маған ұнады. Жақсы екен.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ