Тіл дамыту «Мысық және марғау.»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Мерзімі:23.11.2016ж
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:Мысық және марғау.
Мақсаты:Үй жануары-мысық және оның баласы марғау мен таныстыру.
Білімділік:Сипаттап айтуға үйрету.
Дамытушылық:Сөздік қорларын молайтып,тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік:Ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ –жауап,түсіндіру,ойындар,әңгімелесу.
Жаңа сөздер: марғау,мамық,жұмсақ.
Көрнекі құралдар: суреттер,марғау,бояу.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Шаттық шеңбері Шаттанып біз соғатын
Қолдарымыз қайда екен.
Топылдатып билейтін
Аяғымыз қайда екен?
Міне аяқ алақай?

Біз бақытты баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз!
-Сәлем менің достарым!
-Сәлеметсіздер ме,апайлар!
Қимылдарды қайталайды.
Мотивациялық түрткі болатын Қонаққа мысық баласы марғау келеді.

Марғаумен сәлемдеседі.
Ұйымдық іздену -Балалар, бүгін мен сендерді үй жануары –марғаумен таныстырамын.
-мяу,-мяу деп дыбыстайтын қандай жануар?
-Дұрыс.
-Мына суретке қараңдаршы мысық қасындағы балалары.

(Теледидардан мысық туралы слайд көрсету)
-Оның баласын-марғау
деп атайды.
-Мысық –үй жануары,өйткені бұлар адамдардың қасында өмір сүреді.
(Осы кезде есік қағылады)
-Есікті біреу қағып тұр,қарайықшы кім екен қағып тұрған.
-Қараңдаршы қандай әдемі, бұл мысық па әлде марғау ма?
-Жүні қандай жұмсақ.мамықтай.
мысық-Марғаудың аяқтары бар екен,құлақтары бар екен,мұрты бар екен.Аяғында тырнағы бар екен,осы тырнағымен тырналайды.
Осы марғауды тамақтандырайықшы.
-Ол сүт ішеді,сүтті тілімен жалап ішеді.Тағы да ет жейді.
-Сендер мысық туралы тақпақ білесіңдер ма?
-Марғауды шақырғанда
-кіс,-кіс-деп шақырамыз.
-Брыс,-брыс –деп қуамыз.
-Марғау өзінің сүтін іше берсін,бүгін бізбен ойнайды.
-Қазір біз сендермен ойын ойнайық.
(Балаларға марғаудың атребуттары таратылып беріледі)
Ойын:- «Кіс-кіс»-деп шақырасыңдар,-«брыс,брыс» дегенде қашып орындарыңа отырасыңдар.
-Мынау мысықтың жерде жүргендегі ізі.
(Үлгідегі суреттерді көрсету)
Сурет салу тәсілі:
Бес саусақтың басын қосып,бояуға малып,ақ қағазға бастырамыз.
-Мысық.
Тамашалап қарайды.
-Марғау.
Марғаумен амандасады.
Сипаттап, қайталап айтады.
-Пеш түбінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр,
Тышқан етін жегісі кеп,
Аздап көзін қысып отыр.
Ойынды қызыға ойнайды.
-Суретті салады.
Рефлексивті түзету -Балалар бүгін біз немен таныстық?
-Қонаққа кім келді?
-Ол қандай дыбыс шығарады?
-Оның жүні,түсі қандай?
-Ол нені жақсы көреді?
-Біз қандай сурет салдық?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді:Балалар мысықтың үй жануары екенін,оның баласы-марғау ененін білді.
Нені игерді:Саусақпен із салуды игерді.
Меңгерген дағдылары мен түсініктері:Мысықтың қалай дыбыстайтынын,нені жақсы көретінін меңгерді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ