Тіл дамыту « Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр.»

Джумагалиева Айнаш Испаевна
Ақтөбе қаласы. Жаңақоныс ауылы №35 «Балбұлақ» МДҰ

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: « Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр.»
Мақсаты: сөйлеу кезінде «ыдыстар» деген жалпылауыш сөзді қолдана білуге үйрету.
Білімділік: ыдыстар туралы түсінік беру; заттарды көлемі бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, ойнай отырып, ойлауға баулу.
Тәрбиелілік: тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері: Біз бір — бірімізге алақанымыз арқылы жылу беріп, жылы сөз айтып амандасып алайықшы!
Балалардың,тіл дамыту, үйрету, сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, ойын арқылы, ойлауға баулуАрмысың, қайырымды Аспан ата!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Армысың, мейірімді Жер ана!
Армысың, сүйікті балабақша!
Армысыздар, апайлар!
Армысыңдар, достарым!
Сіздерді көрсем қуанам.
Балалар, бүгінгі күндерің көңілді, сәтті өтсін!
Іздену — барлау:
-Балалар, жылда неше мезгіл бар?
-Жыл мезгілдерін атап беріңіздерші.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа-райы қандай болады?
-Адамдар қалай киінеді?
-Қыста не жауады?
-Дұрыс балалар, қыста күн суық болады, қар жауады, боран болады.
Ғажайып сәт: Балалар, біреу есік қағып тұр. Балалар, бізге Әйгерім қуыршақ келіпті. Ол бізден көмек сұрай келген. Әйгерім қуыршаққа достары келеді екен, соларға дастарқан әзірлегісі келеді.. Бірақ, ол ыдыстарды білмейді екен. Әйгерімге дастарқан әзірлеуге көмектесеміз бе?
-Иә ,көмектесеміз.
-Балаларға слайд көрсету арқылы ыдыстармен таныстырамын. Ыдыстардың не үшін керектігін айтамын.
Ыдыстардың түрлері өте көп, олар қант салғыш, май салғыш, тұз, бұрыш салғыш, шәйнек, құман, шыны аяқ, тәрелке, кәстрөл, қасық, шанышқы, пышақ, нан салғыш, сүт құйғыш. Ыдыстарды сындырмай, уақытында жуып, кептіріп отыруымыз керек.
Ыдыстарды геометриялық пішіндермен салыстырамын, түстерін ажыратам. Тәрелке, таба, тостаған – дөңгелек, шыны аяқтар – сопақша, май салғыш – төрт бұрышқа ұқсайды.
Машық жұмысы: Балаларға ыдыстарды атата отырып, дастарқан әзірлету. Ол ыдыстарға не салатындарын ататқызу. Ыдыстарды күтіп ұстауды үйрету. Ыдыстарды уақытында жуып кептіру керек екенін түсіндіру.
«Не жасырылғанын тап» ойыны.
Шарты: тақтада ыдыстардың – тәрелке, қасық, кесе, табақ, кастрөлдің суреттері ілулі тұр. Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін жұмады, тез бір сурет алынады, балалар қандай сурет жоқ екенін табады.
Тәрбиеші: Балалар, сіздер мақал-мәтел, ырым-тыйымдарды білесіздер. Өте жақсы. Енді шаршаған шығарсыздер, орнымыздан тұрып, тынығып алайық.
Сергіту сәті: Саяхатқа барамыз,
Дорбамызды аламыз
Ей, бұл кім?
Ей, бұл не?
Бұл тас.
Астынан өте алмаймыз,
Үстінен өте алмаймыз,
Кеттік алға!
Саяхатқа барамыз,
Дорбамызды аламыз
Ей, бұл кім?
Ей, бұл не?
Бұл құм.
Астынан өте алмаймыз,
Үстінен өте алмаймыз,
Кеттік алға!
Саяхатқа барамыз,
Дорбамызды аламыз
Ей, бұл кім?
Ей, бұл не?
Бұл арыстан.
Астынан өте алмаймыз,
Үстінен өте алмаймыз,
Кеттік артқа!

Тәрбиеші: Балалар, тынығып алдық. Енді әрі қарай тапсырмалар орындаймыз.
Әдебиет орталығы: Балалар сіздер ыдыстар, ас-тамақ туралы мақал-мәтел, ырым-тыйымдар білесіңдер ме?
Айасыл: Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.

Гүлназ: Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.

Даяна: Ас үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.

Айсұлтан: Атсыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.

Дильназ: Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.

Әсемай: Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды.

Рада: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды.

Нұрайым: Қолды жумай тамақ жеуге болмайды.

Динара: Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды. Тамақтың құты кетеді.

Інжу: Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды.

Үстел үсті ойыны: «Суретті құрастыр»: Мозаикадан ыдыстарды құрастыра отырып, саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиеші: балалар, біздер Әйгерім қуыршаққа көмектестік. Ол сіздерге рахмет айтып жатыр.
-Балалар, бүгін нелер туралы айттық?
-Қандай ыдыстармен таныстыңдар?
-Балалар, біз кімге көмектестік?
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Енді орнымыздан тұрып қонақтарға рахмет айтып шығарып салайық.
Орнымыздан тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:
Не біледі: Балалар ыдыстардың атауларын, неге пайдаланатындарын біледі. Ыдыстардың түрлері, қалай күту керектігі жөнінде түсініктері қалыптасты.
Нені игерді: Балалардың тіл байлығы, сөздік қоры дамып, мейірімділік, қамқорлық сезімдері қалыптасты.
Нені меңгерді: мозаикадан ыдыстар құрастыруды меңгерді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Бальнур

    Қарым қатынас орнатуга арналган таптырмас мақала.Рахмет сіздерге

  2. Бальнур

    Қарым қатынас орнатуга арналган таптырмас мақала.ррррррахмет сіздерге

  3. Айнур

    Оте жаксы. Рахмет

  4. Ждыра

    өте жақсы!!!

  5. гулден

    Өте жақсы жазылған екен маған ұнады

  6. Хусайн

    Өте керемет, жақсы жазылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ