Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымы

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыруда дұрыс ұйымдастырылған түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Балаларға арналған ойындардың мақсаты дұрыс қойылып, сол мақсатқа жету барысында жүргізілген жұмыстар балалардың дүниетанымын қалыптастыруда үлкен жетістікке жеткізе алады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға танымдық ойындар арқылы естту, көру, зейін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға әбден болады. Танымдық ойындар баланың таным мүшелімен қоса денінің сау болып өсуіне де өз үлесін қоса алады. Танымдық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі оның басты мақсаты баланың таным қабілеттерін дамыту.
Ал шығармашылық ойындарға келетін болсақ, шығармашылық ойындар- балаларды шығармашыл болуға, ойлау, сөйлеу, сөзбен сөзді байланыстыра білу қабілеттерін дамытуға негіз бола алады.

Танымдық ойындар мен шығармашылық ойындарды бірге байланыстыра отырып, танымдық-шығармашылық ойындықоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде баланың қоршаған ортамен, табиғатпен таныстыруда , балалардың дүниетанымын дамытуда өте маңызды рөл атқармақ.

Танымдық-шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамудаға алатын орны ерекше. dunie-tanim

Танымдық-шығармашылық ойындар балалрға көіңілді іөңіл күй сыйлай отырып, айнала қоршаған орта заттарын, олардың қасиеттерін танытады және оны ажыра отырып, қандай қызмет атқаратынына да мән беріп түсіне бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын дамытатын танымдық- шығармашылық ойындар балалардың танымдық қабілетімен қоса шығармашылық қабілетін дамытуға ең тиімді ойын түрі болып табылады. Танымдық-шығармашылық ойындарды ойната отырып балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, оның сұлулығын сезінуге, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамыта оқытуға арнайы осы танымдық шығармашылық ойындарды қолдануға болады. Танымдық шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, жан – жақты дамуына, дәлірек айтқанда, қоршаған ортаны тану, есте сақтау, сөйлеу, ән айту, сөзбен сөзді байланыстыру, ойлау, әуенді –қимыл қозғалысты дамытуға, зейінін бір затқа ерікті аудару, шыдамдылық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерінің қалыптасуына зор үлесін қосады.

Танымдық-шығармашылық ойындарды тек қана қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ғана месе, сонымен бірге тіл дамыту, бейелеу өнері, мүсіндеу өнері, музыка және т.с.с. ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде, балаларды жан-жақты дамытуда қолдану өте тиімді.

Танымдық-шығармашылық ойындар баланың есту, сөйлеу, ойлау, қорыта алу қабілеттерінің дамуына себепші бола алады. Балалар бала кезінде ойнағаны дұырс дейтин болсақ, олардың мектепке дейінгі кезеңінде қоршаған ортаны тани, өзі трған кеңістігін бағдарлай білуді осы ойын арқылы ойната отырып, балаларды дамытуға болады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Назгуль

    мына сайтка кире алмай отырмын

    1. Erketai (автор)

      Сайттың астыңғы оң жақ бөлігінде Сайтқа «Кіру» және «Тіркелу» формасы бар сол арқылы кіресіз және егер сайтқа тіркелмесеңіз ең алдымен тіркеліңіз!

  2. Назгуль

    Оте тамаша сайт.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ