Манабаева Набат Тұрсынбайқызының өлеңдер жинағы

Қазақстаным – Отаным гүлдей жайнаған,

Төсінде оның  тасқындап еңбек қайнаған.

Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,

Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.

Әнұран,Туы, Елтаңбасы бар азат ел!

Әлемге мәлім, өркендеп өскен ғажап ел!

Бой тікті қала Есілдің қос қапталынан,

Мақтанышыма мұрагер ұрпақ бола көр!

Көшбасшы өзі, тұтқасы елдің Нұр аға,

Қиялын баптап қондыра білген қияға.

Күн санап менің құлпырып жатса бай далам,

Қуанышы шіркін  кеудеме менің сия ма?

Мәңгілік  болсын тәуелсіздіктің тұғыры,

Күлкімен өтсін, бейбіт күнімнің ғұмыры.

Татулық пенен бірліктің туын көтеріп,

Арманшыл елдің лайланбасын тұнығы.

 ***

Отаным менің  сен қандай көркем,

Бұлбұлың болып сайрасам ба екен?

Бейбіт күн жаса мәңгіге деймін,

Нұрымен күннің мен де гүлдейін!

Тәуелсіз елге тілеулес менмін бүгінде,

Ырыс құт дарып, бақыт кеп қонсын еліме.

Молшылық тойдың куәсі болып әрдайым,

Ынтымақ  болсын Қазақтың шалқар жерінде.

Жиырма жыл міне,, жұлдызды күндер өтіпті.

Тарихта өшпес іздерін тастап кетіпті.

Шыдамды қазақ, өз бейнетінің арқасы,

Аңсаған  талай  бақытты күнге жетіпті.

***

Отан туралы, Қазақстан туралы, тақпақтар топтамасы, өлеңдер жинағы, бесік жыры, ана туралы, тәуелсіздік туралыМен Қазақстандықпын!

Барлық есік ашық деймін,

Өз елімде мен үшін.

Ата-бабам қорғап қалған,

Ұрпақтары, елі үшін.

Тәуелсіздік төрімізде,

Желбірейді туымыз.

Қазақпын деп мақтанады,

Қызымыз бен ұлымыз.

Еңсемізді тік ұстап,

Мақтанатын кез келді.

Қазақстан таң қалдырды,

Туысқан, дос, өзге елді.

Елу елдің қатарына,

Жетеміз деп сенемін.

Жастар адал Отанына ,

Көркейтетін өз елін.

Туған жерім — Қазақстан!

Өскен елім — Қазақстан!

Ән жырым да — Қазақстан!

Байлығым да — Қазақстан!

***

Тәуелсіздік  таңы

Өзің жайлы жазылар-ау мың дастан,

Қасиетті, қасіретті желтоқсан.

Рухы биік еліміздің жастары,

«Тәуелсіздік таңы» үшін айқасқан.

Желтоқсанды айтып өту парызым,

Сайрап жатыр тарихымда әр ізің.

Дүр сілкінтіп қазақ халқын танытты,

Сыпырып ап бұғауланған қамытты.

«Отаным» деп жалындаған жастары,

Намыс кернеп, азат шеру бастады.

Қазағымның мақтанышы ұл-қызы,

Ел намысын бір оятып  тастады.

Сол жастардың қаныменен қол жеткен,

Тәуелсіздік қымбат едің сен неткен?

Осы күнді армандаған боздақтар,

Қайрат, Ләззат, Ербол өтті өмірден.

Тағзым етіп басымды мен иемін,

Арыстарым, аруларым, киелім!

Әрбір айтқан сөздеріңді үлгі етіп,

Сағынышпен еске алып жүр елің.

***

Қазағымның тарихы жатқан аңыз,

Ел болдық егеменді мақтанамыз.

Төбеміз көкке жетті  қуаныштан,

Жаңғырды ата дәстүр, салт-санамыз.

Жиырма жыл егеменді елімізге,

Тәуелсіздік шықты енді төрімізде.

Әлемнің тыныштығын ойлап жүрген,

Ел тізгіні Елбасы өзіңізде.

Әрбір күн ала келсін жақсылықты,

Көп көрді халқым менің тапшылықты.

Тойымыз тойға ұласқан заман болсын,

Еліміз әрқашан да аман болсын.

***

   «Туған жер — тұғырым»

Туған жердің тау тасы,

Көркем қандай жартасы.

Өсіп келеді жастарым,

Туған өлкем арқасы!

Иісі жұпар, таза ауа,

Қанша жұтсақ тоймаймыз.

Арысымның туған күнін,

Қуанышпен тойлаймыз!

***

Тоғысқан тоғыз жолдың торабында,

Батыр да әнші де бар қаламызда.

Киелі туған жердің топырағы,

Төрт түлік малға толы атырабы.

Туған жер тұғырымсың, мекен еткен,

Қыс пен жаз, көктем, күзім сенде өткен.

Самал жел самайымнан сипап мені,

Мұңайған сәттерімде еркелеткен.

Қонағын құшақ жайып, қарсы алады,

Той жасап, таң атқанша ән салады.

Осындай кең пейілді халқым менің,

Көргендер риза боп тамсанады.

 Елу бес жыл толыпты  қаламызға,

Тойлауда ауыл-аймақ, даламыз да.

Татулықты, бірлік туын  көтереді,

 Шаттықтың құйып нұрын санамызға.

Осындай қос мереке қарсаңында,

Ақындар жиналыпты бүгін мұнда.

Жүректен шыққан ыстық лебізімен,

Ортаны толтырайық өлең жырға!

***

                 Бесік  жыры

Ата бабам салт- дәстүрін сақтаған,

Ұл-қыздары үміттерін ақтаған.

Тербетіліп бесігіңде жат күнім,

Тәуелсіздік күні туды аңсаған.

Бесік жырын жаттап өскен баламыз,

Сол жырымен жұбатты  әз анамыз.

Дала үні құлағыңа сіңсін деп,

Тал бесікке тән әуенді саламыз.

***

Аналарды  ардақтайық!

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Шын жүректен ана дейміз жарқылдап.

Анамыздың алдындағы борышты,

Ақтай алмай келеміз-ау біз бірақ.

Сәбиі үшін түн ұйқысын төрт бөлген,

Көз ілместен талай түнді өткерген.

Аналардың төзімі мен пейіліне,

Дүниеде ешбір нәрсе жетпеген.

Бұл өмірде ұл-қызым деп өтеді,

Жеткізем деп тыным таппай жүреді.

      Білім алсын, адам болсын деп жүріп,

Өзі жайлы ұмытып та кетеді.

Сондай асыл аналарды ардақтап,

Бар кезінде бағалайық мадақтап.

Сенің әрбір жылы сөзің ол үшін,

Дүниедегі ең әдемі сая бақ!

Әр сөзіне құлақ салып жауап бер,

Біздер үшін төкші ана маңдай тер.

Сәл нәрседен көңілі қалып ананың,

Жүрегінен орын алар мұң мен шер.

***

Не істесең анаңа, алдыңа сол келеді,

Қадірлеп төрден  орын бер, сол ғана оған керегі.

Бақытты болсын аналар, анасыз тірлік не оңар,

Берекесі әр үйдің жасай бер мәңгі аналар!

***

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық № 376 бастауыш мектептің мұғалімі

Манабаева Набат Тұрсынбайқызының өлеңдер жинағы.

Отаным менің Қазақстан

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер9
  1. Наргиз

    Маған өте үнады

  2. Айжан Алибаева

    үлкен рахмет сізге керемет тақпақтар бар екен!

  3. Аия

    Керемет маган унады
    .Аке туралы олен жолдары болса

  4. Ерназар

    керемет

  5. Назген

    керемет олен

  6. kumisаi

    маған қатты ұнады

  7. Саягуль

    керемет)))))))))))))

  8. Саягуль

    Оте жаксы олендер!!!

  9. айсулу

    Маган өте унап тұр бұл сайт

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ